Астанада полиция такси жүргізушілерін тексереді

Қоғам
2671

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, Жол жүрісі қағидаларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер такси жүргізушілерін тексереді. Бұл тексеріс Астана қалалық полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 5-29 ақпан күндері өтеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жолаушыларды заңсыз тасымалдаған, мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген, міндетті техникалық байқаудан өтпеген, жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамаған және тиісті тіркеу құжаттарын рәсімдемей, қосымша арқылы такси қызметін атқарған такси жүргізушілері анықталса тиісті шаралар қолданылады. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...