«Екі қолынан түк қалмаған». Маңғыстауда жасөспірімді ит талап тастады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
619

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде мектеп жанында жасөспірімді ит қауып алған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Абырой болғанда жақын маңда жүрген тұрғындар көмекке келіп, баланы әрең арашалап алған. Содан соң, жедел жәрдем қызметін шақырған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірім балалар аруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияда 9-сыныпта оқиды. 

Балам мұғалімінен сұранып үйге қайтып келе жатқан. "Ата-анам келіп күтіп тұр" деп сынып жетекшісін алдап шығып кетіпті. Сөйтіп үйге қарай такси күтіп тұрғанда арт жағынан келіп, ит тап берген. Бала итпен әбден алысқан. Шамасы жетпеген. Мойнынан құшақтап қылқындырмақ та болған, амалы құрып екі қолын бере берген. Ит екі қолынан түк қалдырмай шайнап тастаған, - дейді жасөспірімнің әкесі Ықылас Жарылғапов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Жаңалықтар

Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл тур...

Жаңалықтар

Ресейдің Красноярск қаласында тұратын азамат 11 жастағы ұлын іздеп, Қазақстанның құқық қорғау органд...