Дина Төлепберген киноға бет бұрды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2273

Көпшілікке белгілі тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген өзін кино саласында сынамақ, деп хабарлады madeniportal.kz

Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Бүгін режиссермін. Мидағы шектеулерді ысырып, кино алаңға келдім. Ескі дәурен, көне ғасыр, шынайылық шабыт сыйлады. Бір шеңберді айналып шаршадым ба, өзімді жаңа қырымнан көріп, тамсанып отырмын. Күтіңіздер, алда жаңа жоба! Жаңа деңгей, жаңа шың! Құтты қадамға қолдау білдірген кәсіби мамандарға мың алғыс!» — деп жазды Instagram желісінде.

Ықыластарын білдіріп жатқан оқырмандарына арнап Дина Төлепберген байқау ұйымдастырды.

«Ойлан, тап! Сізге сұрақ! Видеода қанша жылқы бар? Қанша жылқы болса, дұрыс тапқан алғашқы адамға сонша ақшалай сыйлық беремін», — деп жазды танымал тележүргізуші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...