Батыс Қазақстанда жоғалған қыз үйінен 15 шақырым ұзап кеткен

Фото: ІІМ

Қоғам
2803

Батыс Қазақстанда полиция із-түзсіз жоғалған 22 жастағы қызды аман-есен тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

16 желтоқсанға қараған түні Теректі ауданында 22 жастағы қыз үйден шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Ата-анасы алаңдаушылық білдіріп, қызын табу үшін полицияның көмегіне жүгінген.

Іздеу жұмыстарына әкімдік қызметкерлері, азаматтық қорғаныс өкілдері және жергілікті тұрғындар белсенді түрде атсалысты.

Полицейлер далалық жерлерге ерекше назар аударып, түнгі уақытта аумақты мұқият шолып шықты.

7 сағатқа созылған іздеу нәтижесінде таңғы сағат 5 шамасында қыз өз үйінен 15 шақырым қашықта, Ақсай қаласына қарай бет алып бара жатқан жерінен табылды.

"Қыздың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қатты аязға қарамастан, үсік шалу белгілері байқалмаған. Оған полиция қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жеткізді. Қазір қыз анасының жанында, жағдайы жақсы", - деп жазылған хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші жары Айманмен бірге қасиетті Мекке мен Мединаға қажылық сап...