Боксшы Назым Қызайбайдың үйінің алдындағы жол жөнделіп жатыр

коллаж

Қоғам
4680

Париж Олимпиадасында қола медалін иеленген боксшы Назым Қызайбайдың үйінің ауласына жөндеу жұмыстары басталды, деп жазды madeniportal.kz.

Желіде Назым Қызайбайдың үйінің ауласында жол жөндеушілердің жүргені туралы видео тарады.

«Күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Жол жиегіндегі тастарды ауыстырып жатырмыз. Назым келгенше бәрін дайындап қоямыз», - деді кадр сыртындағы дауыс иесі.

Мұны көрген желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

«Жақсы-ақ! Бірақ асфальтты тек қана Назымның, Сметовтің үйінің алдына емес, бүкіл Қазақстанның аймақтарында да салу керек. Сосын тесіктерді жамамай, дұрыстап сапалы төсемей ме?!», «Чемпион болмасаң асфальт төселмейді деген сөз ғой», «Не істейміз? Ауыл болып Олимпиадаға қатысамыз ба?», «Олимпияда қатысу керек еді» деп жазды интернет қолданушылары.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...