Алматыдағы емханада вейптер заңсыз сатылған

видеодан алынған скрин

Қоғам
1997

Жедел бөлімшенің мәліметінше, стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған, деп хабарлады madeniportal.kz Алматы ПД-ға сілтеме жасап.

Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді.

«Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция Басқармасы тергеп жатыр», - деді, Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асхат Дәулетияров.


Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...