Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2163

Күдіктілер алаяқтық, тонау, бопсалау, ұрлық және басқа да қылмыстар үшін ұзақ уақыт іздестірілді,  деп хабарлады madeniportal.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқықбұзушыларды іздеу тек ел ішінде жедел іс-шаралар өткізумен шектелмейді. Іздестіру елден тыс жерлерде де жүзеге асырылады.

"Үйлестірілген қызмет және 2024 жылдың өткен кезеңінде шетелдік юрисдикциялардағы халықаралық әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл нәтижесінде Германия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты мемлекеттердің аумағында 15 қылмыскер анықталды", –  деді департамент өкілі.

Мәліметке сүйенсек, қылмыс жасағаны үшін қашқындар сот алдында жауап береді.

 

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...