Дау тудырған видеодан кейін іс қозғалды

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Қоғам
2629

Елорда полициясы қоғамда дау тудырған видеодан кейін Шымкенттік экс-әкімі Мұрат Әйтеновтың ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

“Астана полиция департаменті А. есімді азамат әйелінің денесін жарақаттағаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп қуып шықпақ болғанын айтты. Бұған дейін Әтешова өзінің бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...