Ешкім құлдыққа түсемін деп ойламайды

Фотосурет stan.kz сайтынан алынды

Қоғам
3268

Қырғызстан азаматы Мақсат Есенбаев Қазақстанда құлдыққа түсіп, елге қайта алмай жүр, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.

Мақсат Есенбаев Қырғызстан билігінен көмек сұрап, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялаған.

“Азаматтың айтуынша, ол 1984 жылы Ыстықкөл облысының Экинчи Көк-Мойнок ауылында дүниеге келген. Ол досымен көрші мемлекетке жұмыс істеуге келген. Алайда екеуі де еңбек құлдығына түскен.

Таяуда Мақсат Есенбаев құлдықтан қашып шыққан. Оны байқап қалған қырғызстандық жүк көлік жүргізушілері Мақсатты Жамбыл облысының Меркі ауылына қарай алып кеткен.

Қырғызстандық азаматтың құжаттарын жұмыс беруші тартып алған. Сол себепті ол құжаттарды жаңадан жасатпақ. Ол отанына қайту үшін туыстарына іздеу салды. 

Қырғыстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Шоу-бизнес

Қазақстандық актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, актриса Дариға Бадықоваға арн...

ЖАҢАЛЫҚТАР

25 қазан күні Әміре Қашаубаев атындағыдәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауына қатысушыла...