Базар жағалап жүрген белгілі композитор Үкіметке өтініш айтты

Ашық дереккөзден алынған

Қоғам
2228

Отандық танымал композитордың халі мүшкіл, деп хабарлайды madeniportal.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астарлы ақиқат« бағдарламасының кезекті шығарылымы «Мұнарлан» тобының хит болған «Аппақ қар» әнінің авторы Байділда Әбділдаевқа арналды. Дарынды композитор бүгінде тасада қалған таланттар тізіміне енген. Соңғы 15 жылда ол қара жұмыстың түр-түрін істеп көрген. Тіпті Алматыдағы «Алтын орда» базарының маңында таза еңбекпен нәпақа тауып жүр.

Өнерде тиын табу қиынырақ. Бала-шағаңды асырау керек. Бағасына келіссең, алып кетеді, жұмысын істеп бересің. Үкімет әндердің авторларына бюджеттен жәрдемақы бөлсе деймін. Әйтпесе Мәдениет үйінде жұмыс істеуге жағдай жасаса екен, бұрын тәп-тәуір жалақы төлейтін, қазір ондай жоқ, - деді композитор.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз атына жаздыруға әрекеттенг...