Бұршақ жауды: елордада қолайсыз ауа райы астаналықтарды шошытты

@myastanacity

ЖАҢАЛЫҚТАР
3102

Елорда тұрғындары бүгін кешкісін Астанадағы қолайсыз ауа райы бейнеленген видеоларды желіде бөлісуде. 

Кадрлардан бүкіл аспанды қара бұлт басып, желдің қатты жылдамдықпен соққанын көруге болады. 

“Жарты сағат бұрын ғана күн ыстық болған еді, ал енді дауыл тұрды", "30 минут бұрын ыстықтан қиналып тұр едім, ал енді...", "Астана Алматыға айналып барады", "Фильмдегі хоррорға ұқсап тұр", - деп әзілдеді желі қолданушылары. 

Желідегі фотолардан Абу-Даби Плаза ғимаратының үстіне найзағай түскенін де көруге болады. Енді бір астаналық қоғамдық көліктің салонына кірген жаңбыр суының видеосын жариялаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...