Елімізде күзден бастап пойыз билеттерінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...
Онсыз да үрейлі халықты одан сайын үрейлендіретін түрлі аудиожазбалар тарап жатыр - желі қолданушысы
Фото интернеттен
1030
Әлеуметтік желі қолданушысы Гүлсара Расулқызы су басқан өңірлердің халқына жанашырлық танытып, аудиожазбалар арқылы тарап жатқан небір алыпқашпа әңгімелерге сенбеуді сұрады, деп жазады madeniportal.kz.
"Жай кезде ру-руға, жер-жерге, ұлтқа бөлініп пендешілік жасағанмен, ел басына күн туғанда бәріміз жұдырықтай жұмылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірігіп кететініміз рас. Бұл да болса тектілігіміздің бір көрінісі. Қиындыққа тап болған кезде халық бір-біріне демеу болып, басу айтып, жоғын түгендеген халықпыз. Тілсіз жау - табиғат апаты. Бірлігіміз жоғалмаса бұл күндерді де еңсереміз.
Осы орайда айтып кететін жайттар бар, айтпасам болмас. Әлеуметтік желілер арқылы Орал мен Атырау тұрғындарын дүрбелеңге салып қойып, онсыз да үрейлі халықты одан сайын үрейлендіретін түрлі аудиожазбалар тарап жатыр. Арандатып жатқандар жетіп жатыр. Түрлі жалған ақпараттардың шегі толастар емес. Қазір мақсатымыз батыс елін үрейлендіру емес, бірлігімізді көрсетіп қолдау көрсету ғана. Одан басқа бас-басына "сбор" ашып алған блогерлерге де сенудің қажеті жоқ, бұл - күмәнді. Сондықтан да ресми штабқа және де басы-қасында жүрген еріктілер ұйымына аударайық ақшаны", - деп жазды ол facebook.com әлеуметтік парақшасында.
Оның жазуынша, зардап шеккенелді мекендерге ірі компаниялар, 1-ші, 2-ші деңгейдегі банктер де қомақты қаржы бөліп да бірлігіміздің көрінісі.
"Мемлекет те барлығын ретке келтіру үшін барын салып жатыр. Халқын аман алып қалу үшін қолдарынан келгенін жасайды ғой. Еріктілер, әскерлер, құтқарушылар халыққа көмек көрсету үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.
Су ресурстары комитетінің жарлығымен осы жылда бес су қоймасын салу жоспары бекітілді. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан он бес су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. Бұл да бір плюс жағы ғой. Қателіктерден сабақ алып жатсақ ол да бір жетістік.
Сіздерден өтініш, қауіпті аймақ тұрғындарын үрейлендіре бермейікші. Қолдан келсе қасынан табылып демеу болайық, сабырлы болайықшы. Табиғат апаты айтып келмейді, сол себепті күлкіге айналдырудан да, табалаудан да аулақ болайық.
Не-не қилы заман да қазағымның жігерін құм ете алмаған, сындыра алмаған. Сондықтан сынбайық, бәрі жақсы болады.
Біз сіздермен біргеміз! - дейді Гүлсара Расулқызы.