Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйітіне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала болжамы айтылды

ашық дереккөзден алынған

Қоғам
333

Шерзат Полаттың ағасының қазасына байланысты тағайындалған сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы жасалды, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Алдын ала болжам бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ. Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән. Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін», — делінген Алматы облысының ПД таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастыруда.