Павлодар облысында сау адамды психдиспансерге жатқызғандар жазаланды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1891

Павлодар ауданының қадағалау органы тексеру барысында сау адамның психоневрологиялық орталықта болу фактісін анықтаған, деп хабарлады madeniportal.kz мassaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл адамның мамандандырылған мекеменің қамқорлығына 2008 жылы сот шешімімен орналастырылғаны белгілі болды.

Прокуратураның араласуынан кейін ғана тартылған мамандар денсаулық жағдайы дұрыс екенін атап өтті, ал орталық қызметкерлері оны назардан тыс қалдырған.

Осыған байланысты сот Павлодар ауданы прокурорының талап-арызы бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізгеннен кейін, жоғарыда аталған адамды әрекетке қабілетті деп танып, Психоневрологиялық орталық қамқорлығының күшін жойды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...