Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Бұл туралы...
Пневматикалық қарудан көлікке оқ жаудырған
Фотоурет kaz.nur.kz сайтынан алынды
3147
Әлеуметтік желіде Павлодардағы көшелердің бірінде көлікке оқ жаудырған сәт түсірілген видео пайда болды. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.
"Павлодарда көліктерге оқ жаудырылып жатыр, арыз жазылды, барлығы тіркелді", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.
Видео авторы бұл жайтты тексеріп, кінәлілерді табуды сұрады. Осыған байланысты Павлодар облысының полиция департаменті жазбаға пікір білдірді.
"Аталған дерек Павлодардың Солтүстік полиция басқармасының жедел-іздестіру бөлімінде тіркеліп, белгісіз адам автокөлікке пневматикалық қарудан оқ атқаны анықталды", - деді ведомство өкілдері.