Ақтөбеде ақша бопсалады деген күдікпен бір топ студенттер ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2548

Ақтөбеде ақша бопсалады деген күдікпен бір топ жастарды полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған, - делінген Polisia.kz хабарламасында.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар кінәсін мойындап, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақытылы ден қоюдың маңыздылығына мән беріп, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырды, деп толықтырды полиция. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...