Қарапайым халықтың қалтасы көтере ме?

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1265

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жол бағасын көтеруді сұрап отыр. Бірақ «City Bus» ЖШС бас директоры Абылай Өстемірдің пікірінше, бұл өсім жолаушы тасымалдаушыларының көңілінен шықпайды, себебі құны әлдеқайда жоғары болуы керек деп отыр, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kyn.kz сілтеме жасап.

Алматыдағы жолаушы тасымалдаушылар қоғамдық көлік бағасын көтеруді сұрап отыр. Олардың кейбіреулері бойынша оңтайлы тариф 400 теңге болуы керек дейді. Әкімдіктегілер автобустар мен қосалқы бөлшектердің құнын есептеп, осындай қорытындыға келген.

Алматыда жол жүру ақысы соңғы рет өткен жылдың тамыз айында көтерілді. Одан кейін көлік картасымен төлеу кезінде тариф сексен теңгеден жүзге, қолма-қол ақшамен төленген жағдайда жүз елуден екі жүзге дейін көтерілді.

Бірақ «City Bus» ЖШС бас директоры Абылай Өстемірдің пікірінше, бұл өсім жолаушы тасымалдаушыларының көңілінен шықпайды, себебі құны әлдеқайда жоғары болуы керек деп отыр.

«Тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес, біз қазір сатып алып жатқан электроавтобус орташа есеппен маршрутқа байланысты бір жолаушыға 400 теңгеден тұрады. Қазір Алматы экологиялық таза көлік түрлеріне қарқынды көшіп жатыр. Бұрын бізде дизельді автобустар еді. Биылдан бастап жаңартуды бастап жатырмыз және бір электробус 170 миллион теңгеден тұрады”, – деді «City Bus» ЖШС бас директоры.

Қосалқы бөлшектерді сатып алуға да ақша керек дейді тасымалдаушылар. Олардың айтуынша, кейінгі жылдары олардың құны орта есеппен он бес пайызға өскен. Олар әзірге мемлекеттік субсидиялар елеулі шығынның алдын алуға септігін тигізеді деп отыр. Биыл билік тасымалдаушыларды қолдауға 97 млрд теңге бөлді.

Қалалық мобильдік бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Құмарғазин шығынның 15 пайызын ғана төлейтіндерін айтты.

«Бұл сұрақ өзекті. Басшылық тасымалдаушылар алған субсидия шығындарының бір бөлігін ғана жабады. Демек біз олардың қосалқы бөлшектері, дөңгелектері және басқа да заттарына жұмсаған шығынының 15 пайызын ғана төлейміз. Сәйкесінше қолданыстағы тариф олардың, тасымалдаушылардың шығынын өтемейді», – деді Бауыржан Құмарғазин.

Ал алматылықтардың өздері мұндай шығынға дайын емес. Әйтпесе, автобуспен емес, таксимен жүру тиімдірек. Дегенмен таксистер де артынша бағаны көтеріп алу ықтималдығы жоғары.

Бүгінгі таңда Алматыда 23 қоғамдық көлік компаниясы жұмыс істейді, оның тек біреуі ғана мемлекет меншігінде тұр. Жалпы бәрінде үш мыңға жуық автобус бар. Ал әкімдік баға көтеру туралы сұраққа нақты жауап бермеді. Тек осы мәселені қарастыруға уәде берді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...