«Қызымды үйде қалдырдым»: Баян Алагөзова түсірілім алаңында жүр

Коллаж: Sn.kz

Қоғам
2510

50 жасында үшінші рет босанған танымал продюсер Баян Алагөзова фильм түсіру алаңында бой көрсетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Керемет іс-шараның ашылуында тұрмыз. Алдымен мені үшінші рет ана атануыммен құттықтасаңыздар болады. Қызымды үйде қалдырып, түсірілім алаңына келдім. Бұрын-соңды болмаған жанрға фильм түсіруді бастадық. Барлығы кәсіби түрде болады. Комедия жанрын таңдадық», – деді бірер күн бұрын ғана босанған ана.

Ал оны түсірілім алаңынан көргендер таңданысын жасырмады.

«Бәріміз шок болып жатырмыз», «Апамыз 40 күн күтіну дегенді білмейтін шығар», «Суррогат ана туып беріп, Баянның кеудесіне жатқызған», «50 жастағы адамның туа салып, кино түсіруі мүмкін емес» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...