Қарақұрт шаққан 15 адам ауруханаға жатқызылды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
3515

Шымкентте қарақұрт қаптады. Кейінгі екі айда қарақұрт шаққан 15 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.nur.kz сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, мегаполисте улы өрмекші шағып, көз жұмғандар тіркелмеген. Бірақ зардап шеккендер жәндік уының ағзаға ауыр екенін мойындайды.

"Ұйықтап жатқанда, бірдеңе мойнымнан тістеп алғандай болды, 10-15 минуттан кейін у бүкіл денеме тарады, бүйрегім істемей қалды. Ауруханаға бара жатқанда тыныс алуым қиындап кетті Осының бәрі бір жарым сағаттың ішінде болды", - дейді шымкенттік Саят Тұрмаханбетов.

Қарақұрт Қазақстанның оңтүстігінде жиі кездеседі.

Өрмекшінің қауіпті кезеңі мамырдан қыркүйекке дейін. Әлсіреген дене уланудың әсеріне төтеп бере алмай, адам 5-6 сағаттан кейін өліп кетуі мүмкін. Дәрігерлер қарақұрт шағып алған жағдайда тезірек ауруханаға бару керек деп кеңес береді. 

"Науқастың жағдайы жасына да байланысты. Егер жасырақ адам боласа, тезірек жазылуы мүмкін. Егде жаста болса, қант диабеті, артериялық гипертензия немесе басқа созылмалы аурулар болса, жазылуы қиын болады", - дейді Шымкент қалалық гипербарикалық оттегімен қамтамасыз ету орталығының токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов

Шоу-бизнес

Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында көп әйел алу тақырыбын қозғады, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде әйелдің өліміне қатысты бұрынғы күйеуі ұсталды. Қайғылы оқиға 5 қарашада болған, деп хабарл...