«Кенесарының басы қашан елге қайтарылады: қазақстандықтар Путинге үндеу жасады (ВИДЕО)

Сурет: alash.kz

Қоғам
330

Әлеуметтік желіде қазақстандық Ресей президенті Владимир Путинге Кенесары ханның басын қайтару туралы бейне тарады, деп хабарлады madeniportal.kz alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Кенесары Қасымұлы атындағы мәдени-тарихи қордың басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2-ші және 3-ші шақырылымдарының депутаты Қайсаров Уәлихан Әбішұлы Путинге Кенесары ханның басын қайтару туралы үндеу жасады.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідег парақшаларына жүктеді. Оның өтініші бойынша, Путин Кенесары ханның басын қайтаруға міндетті.

«Құрметті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин мырза! Сізге Кенесары хан атындағы мәдени-тарихи қордың президенті ретінде хат жолдап отырмын. Ресей Федерациясы қазақ халқының қасиетті реликвиясын, соңғы аңызға айналған ханы Кенесары Қасымұлының басын өз аумағында, қоймаларында тым ұзақ, өте ұзақ, тіпті ақылға қонымсыз ұзақ уақыт бойы ұстап келеді», - деді Қайсаров Уәлихан Әбішұлы.

Қазақ халқының тарихи жәдігерін қайтаруды сұраған саясаттанушы Путинге байырғы Кеңес Одағының жұрнағын ұмытатын кез келгенін тілге тиек етті.

«Мен сізден осы тарихи жәдігерді қайтару процесіне тікелей араласуыңызды сұраймын. Барша адамзатқа белгілі қағида бар: мәдениет, тарих және өнер соғыстан тыс тұруы керек. Сол себепті, қазақ халқының қасиетті мұрасы сіздерде сақталуы – тарихи процестерді толық түсінбеу деп ойлаймын. Мұндай әрекетке баруға болмайды. 90-жылдардың басында сіз Николай II патшасының әулетін үлкен құрметпен қайта жерлеген едіңіз. Бүгінде славян-православ дәстүрлеріне сай әулиелердің дене қалдықтарына тағзым етесіздер. Тіпті Лениннің денесі осы күнге дейін ерекше жағдайда сақталып отыр, оны жер қойнына тапсыруға әлі мүмкіндік берілген жоқ», - деді ол

Ол Путиннен қазақ елінің мәдениетіне, дініне құрмет көрсетуін сұрады.

«Сол сияқты, құрметті Президент мырза, қазақ халқына да, ислам дініне де, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына да құрмет көрсетуіңізді өтінемін. Қазақ халқы сіздердің мемлекетпен көршілес халық. Сіздің бұл әрекетіңіз қазақ халқы тарапынан жоғары бағаланар еді деп ойлаймын. Бұл сіздің тарапыңыздан шын мәнінде ізгі сый болар еді. Қазіргі таңда Кенесары ханның басы Ресей үшін ешқандай ерекше мәдени немесе тарихи құндылыққа ие емес екені айқын. Алайда, сіздің оны қайтармауыңыз – қазақ халқының мәдениеті мен тарихын елемеу, оны қорлау мен менсінбеудің белгісі ретінде қабылданады», - деп үндеу жасады депутат.

Қазіргі заманның басқа екенін, өзге елдің жәдігеріне иелік етуді қою керегін айтты.

«Біздің Кенесары Қасымұлы атындағы мәдени-тарихи қордың зерттеулері бойынша, Кенесары ханның басы қазіргі уақытта Ресей Федерациясының мемлекеттік қоймасында, атап айтқанда Гохранда, яғни Алмаз қорында сақталуда. Әрине, сіздер үшін Кенесары ханның басы ерекше жауһар, «алмазды маржан» болуы мүмкін. Бірақ қазіргі заман – мүлдем басқа. Қазір патшалық Ресей де, Кеңестік Ресей де жоқ. Бүгінде Ресей Федерациясы – тәуелсіз, егемен мемлекет. Басқа дәуір, басқа қағидалар, басқа құндылықтар. Кезінде патшалық Ресей Кенесары ханның басын ұстап, қазақ халқын қорлауды көздеген еді. Ал қазіргі жағдайда бұл мүлдем басқа сипатқа ие болуы тиіс. Бүгін біз өз еліміздің иесіміз, тәуелсіз қазақ мемлекетіміз. Ешкім бізге өз еркін жүргізе алмайды. Сондықтан, құрметті Ресей Федерациясының Президенті, сізден Кенесары Қасымұлының басын тарихи отанына қайтару үшін бар күш-жігеріңізді салуды өтінемін. Бұл бізге оның денесін лайықты түрде жер қойнына тапсыруға мүмкіндік берер еді. Бұл – славян-православ дәстүрлеріне де, мұсылмандық салтқа да сай әрекет. Осы арқылы сіз ислам дініне, христиан дініне, жалпы әлемдік діндерге, сондай-ақ көршілес қазақ мемлекеті мен халқына деген зор құрметіңізді көрсеткен болар едіңіз»,- деді ол.

 

 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...