Ресей Моңғолияда шағын АЭС салады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2378

Ресей Моңғолия үшін шағын атом электр станциясын салады, бірақ алдымен оны өзі басқарады, деп хабарлады madeniportal.kz.

«РИА Новости» порталының хабарлауынша, Ұлан-Батырдағы моңғол серіктестерімен кездесу қорытындысы бойынша шағын АЭС Жаңа Хархорум ауданында салынатыны шешілген.

«Көктемде Сочидегі «Атомэкспо» форумында Моңғолияда шағын модульдік атом электр станциясын құрудың жол картасына қол қойылды. Дәл осы қуаттылық 220-дан 330 мегаваттқа дейін моңғол тарапына, жаңа астанадағы Жаңа Хархорумға қажет», - дейді «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев.

Жобаның техникалық келбеті іс жүзінде бекітілген. Кеше «Монатоммен», Энергетика министрлігімен, Моңғолия Қауіпсіздік кеңесімен көп деңгейлі келіссөздер өткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...