Павлодар облысында құны 2,4 млрд теңгенің жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Нәтижесінде 1 50...
Қазақстан боксшылары АЭС салуды қолдайтыны туралы ролик түсірді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері елімізде АЭС салуды қолданайтынын білдіріп, видео жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода боксшылардан ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай және Абылайхан Жүсіпов түскен. Сондай-ақ, Amanat партиясының өкілі де бар.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында Қазақстанда атом электр стансасын салуды ұсынды. Бізді АЭС жобасымен Amanat партиясы таныстырды. Біз танысып шықтық. АЭС салуды Қазақстан бокс құрамасы қолдайды. 6 қазан күні өтетін жалпы халықтық референдумға баршаларыңызды шақырамыз», - дейді боксшылардың атынан сөйлеген құрама капитаны Айбек Оралбай.
Боксшылардың қасында Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев бар. Ол бұған дейін Қайрат Нұртас түскен роликте де болған еді.