Түркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2346

Жетісай — Жібек Жолы тас жолындағы жол көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады madeniportal.kz.

«ВАЗ» маркалы автокөлік «Вольво» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға болған жерде жүргізуші мен жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапты.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және облыс жолдарында мұқият болуға шақырады», — деді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнар Абдужаппарова.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...