Тележүргізуші Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің туған анасын іздеу әлі де жалғасып...
Жақсылық жасадық деп қателікке бой алдырушылар көп. "Жаңа адамдар" эксперимент жасады
Фото: Жаңа адамдар
Жаңа адамдардың «Заң» азаматтық науқаны кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен күреседі. Әдетте Заң белсенділері қаладағы сауда орындарына рейдтерге шығып, тексеріс сатылымдар жасап, сатушыларды жауапкершілікке тартады. Бірақ бұл жолы Астана көшелерінде әлеуметтік эксперимент жүргізуді жөн көрді. Бұл эксперимент нәтижесі мәселенің тек сатушыларда емес екенін көрсетті, деп хабарлайды madeniportal.kz zhana.adamdar сілтеме жасап.
Астана көшелерінде бала өтіп бара жатырған жүргіншілерден ішімдік сатып алып беруін сұрады. Зерттеу нәтижелері көңіл көншітпеді. Әр үшінші жүргінші баланың өтінішін орындауға келісім берді. Олардың басым бөлігі жақсылық жасап жатырмыз деп, өз айыбын түсінбеді. Өздері тигізіп жатырған зиян туралы ойламай, балаларға ішімдік сатып алып берді. Шын мәнінде, олардың дүкендерде кәмелетке толмағандарға ішімдік сататындардан еш айырмашылығы жоқ.
Бұл оқиғалардағы шын құқықбұзушы кім? Біз күн сайын түрлі келеңсіздіктердің куәгері ғана емес, кейде сыбайласымыз да болып кетеміз. Әділетті елде өмір сүруге деген ықылас өзімізден, заңға деген құрметімізден басталуы керек.
Жаңа адамдар жүргізген эксперименттегі айрықша ерекшелік - балаға ішімдіктің орнына жеміс шәйін сатып алып берген адам болды. Ол мұны әке ретінде балалардың, өзінің де, басқаларының да ішімдік ішкенін қаламайтынымен түсіндірді. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, бірақ олар біздің арамызда бәріміз үлгі аларлық адамдар бар екенін көрсетеді.