Ішкі істер министрлігі “Жалған полицейлер үй аралап жүр” дегенге жауап берді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1961

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджері арқылы тараған жалған полицейлер туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды madeniportal.kz stopfake.kz тілшісіне сілтеме жасап.

WhatsApp-та бір топ адамның өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғын үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат тарады. Хабарламада олардың жеке куәліктерді тексеріп, биометриялық деректер жинаумен айналысатыны айтылған. Сонымен қатар аудиофайлда әйел адамның даусы планшеттерді қолданып, пәтерлерге әртүрлі сылтаумен кіруге тырысатын адамдар туралы ескертеді.

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін мәлімдеді.

«Мұндай мәліметтердің еш негізі жоқ. Сонымен қатар жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарату жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», – деп хабарлады ІІМ өкілдері.

ІІМ азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған қауесеттерді таратпауға шақырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...