«Жүйе жоқ, нәтиже төмен»: Олжас Бектенов отандық спортты сынап тастады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1293

Премьер-министр Олжас Бектенов жыл өткен сайын мемлекет тарапынан спортты қаржыландыру көлемі артқанымен нәтиже жоқ екенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Республика бойынша 5 жыл ішінде 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынды. Жеке инвесторлар есебінен 92 жоба іске асырылды.

Дей тұрғанмен, спортшыларымыздың нәтижесі төмендеп кетті. Мұның негізгі себептері оларды жүйелі дайындау жұмыстарының болмауында. Жаттықтырушы құрамның жетіспеушілігі және тиімді дайындық әдістерінің жоқтығы да нәтижелерге теріс әсер етті. Спортшыларды балалар секцияларынан бастап олимпиадалық құрама командаларға дейін тәрбиелеудің нақты жүйесі жоқ.Сонымен қатар спорт түрлері бойынша өңірлер арасындағы бәсекелестік төмен, - деді премьер-министр.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...