11 жастағы немересі ойнауға тыйым салған әжесін пышақтап өлтірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2982
Оқушы әжесінен далаға шығып, серуендеп келуге сұранған. Алайда әжесі оған қарсылық танытқандықтан пышақ сұққан, деп хабарлады madeniportal.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.

 Өйткені қыз үйінде мұғаліммен қосымша сабақ оқуы керек болған. Ашуға булыққан немесесі байқамай тұрған әжесінің бүйрегіне  асхана пышағын сұғып алған.

Оқушы әжесіне пышақ сұққаннан кейін көршілеріне болған жағдайды баяндап береді. Олардың бірі пәтерге кіріп, қансырап жасқан әжейге жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер барлық көмекті көрсеткенімен ол жарты сағат ішінде аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Мәскеу қаласының Тергеу комитеті денсаулыққа ауыр зиян келтіру, оның өліміне әкелу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда Ресейдің қылмыстық заңнамасы бойынша, бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап белгіленеді. Сондықтан қыз сот алдында жауапқа тартылмайды.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...