Араб мемлекетінің құрылуы

Рефераттар
177

Жоспар

КіріспеI тарау. Араб мемлекетінің құрылуы
II тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
XX ғасырдың 90-жылдарынан бергі уақыт әлемінің жекелеген халықтары мен өркениеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбүрыс кезең де болып отыр. Осы "Үлы жаңару кезеңі" (Л.Снайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүниежүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдегі әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, өз үлттық аймағындағы оқшаулануы (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр. Алайда, болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мүны бүкіл адамзаттың өткен тарихы дәлелдеп берді. Енді ғана табалдырығын аттаған жаңа XXI ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланысты болып келеді.
Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда, Орталық Азия, Евразия және бүкіләлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және ол қазіргі таңда іс жүзіне асып та жатыр.
Қазіргі таңдағы халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі, интеграциялану мен ғаламданудың қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени-тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде, әсіресе мәдениетаралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттерінің эволюциясындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттің өзара ықпалдастығы - өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті қүбылыс. "Мәдениет - бүл диалог, пікір алмасу және төжірибе алмасу, басқа халықтардың қүндылықтары мен дәстүрлерін игеру - оқшау жағдайда ол солып, кері кетеді", - деп атап көрсетілді мәдениет саласындағы саясат жөніндегі бүьсіләлемдік конференцияның Декларациясында. Қай халық болмасын басқа халықтардың мәдениетімен қарым-қатынаста
болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі. Бүл турасында өз кезінде атақты шығыстанушы В.В.Бартольд былай деп атап көрсеткен еді: "Прогрестің басты факторы - халықтар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастың болуында екені қазір дәлелденіп отыр, халықтардың өркендеп, дамуы немесе кері кетуі олардың нәсіліне немесе оларды қоршаған табиғи ортаға да байланысты емес, оның басты себебі - бүл халықтар өз тарихының әр түрлі кезеңінде халықтар арасындағы байланыс көпірін түрғыза алды ма, жоқ па, міне осыған байланысты".

I тарау.  Араб мемлекетінің қүрылуы
Үлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, қүмды жер. Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VI ғасырда арабтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысушыларға және отырықшы диқандарға бөлінетін. Оның ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсіретін. Шонжар бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл түқымды жылқылары болды. Әр тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті болды. Олар көбінесе кесіртке мен жбайы қүрманы қорек етті. Тайпалар руларға бөлінетін. Рудың бай қуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. "Қанға — қан" деген кек алу дәстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы — сайдтар өз қалауы бойынша басқарды (барлық мәселені өзі шешті).
Қолөнер, егіншілік Аравияның оңтүстік-батысында, Иеменде жақсы дамыды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында деддалдық рөл атқаруы әсер етті. Ол Египет пен Палестинаның. Сирияның арасында, ал II ғасырдан бастап бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды.
Үндістаннан теңіз арқылы әкелінген товарлар Иеменде түсіріліп, түйелерге артылып Палестина, Сирия арқылы Батыс Европа елдеріне жетіп жататын.
Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда үлкен сауда-саттық қаласы Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің орталық алаңында куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті "қара тас" түрды, ал айналасында араб тайпаларының қүдайларының мүсіндері қойылған болатын. Әр тайпа өз қүдайына қүлшылық етті. Бүл арабтар арасында алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыс-тартысқа, үрыс-керістерге тыйым салынды.
VI ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық қүрылыспен қатар, қүлдық қоғам да орын алды. Бірақ қүл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы қауымдық қүрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.
Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина, Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид патшалығы да қүрылған болатын. IV ғасырға қарай   Месопотомия   мен   Сирия   шекарасында  Лахмидтер   әулеті басқарған араб патшалығы қүрылды. Ол VII ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тәуелділікте болды.
Біздің заманызға дейінгі I ғасырда арабтар Египетке де қоныс аударды. Мысалы: Копт қаласындағы түрғындардың жартысына жуығы арабтар болды. Бүл жағдай кейін араб жаулап алушылығын жеңілдетті.
Шонжар арабтар көршілес бай елдерді - Сирияны, Египетті, Иранды жаулап алуды аңсайды. Бүл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып алуға болатын еді. Бүл елдердің байлыгына қызықтырып, өз кедей-кепшіктерін жорыққа әкетуге тырысты. Бірақ соғысты ойдағыдай жүргізу үшін араб тайпаларын біріктіру керек болды.
Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені, VII ғасырдың басында Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын жолды Иран басып алды, ал Аравияның солтүстігінде Византия үстемдік етті. Бүл Мекке мен Иеменнің делдалдық саудасына зиян келтірді. Бүрын керуен саудасынан пайда көретін бедуин тайпасы, енді кедейлене түсті.
1853 жылы К.Маркстің Ф.Энгельске жазған хатында "Могамет уақытында Европадан Азияға шығатын сауда жолы ерекше өзгерді және араб қалаларының ол уақытта сауда қатынасы нашарлау болды" делінген.
Сауда барған сайын нашарлай берді: көпес керуендері Қызыл теңіз жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай көпестер бүрынғы сауда жолдарын қалпына келтіру және жаңа жолдарды басып алу үшін араб халықтарын біріктіріп, жорыққа аттануға мүдделі болды.
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін шонжарлар жаңа дінді - ислам дінін пайдаланды. Ол діннің негізін Мүхаммед пайғамбар қалады.
Мүхаммед пайғамбар 570 (571) — 632 жылдары өмір сүрген. Ол Меккеде үстемдік қүрған корейшиттердің кедейленген отбасында өмірге келген. Әкесінің аты - - Абдулла, анасының аты -  Әмина. Ана қүрсағында пайда болғанына жеті ай толғанда әкесі дүние салады. Мүхаммед пайғамбар туғанда күн шықпай түрып-ақ оның жүзінде рисалат нүры қүйылган (жамандықты айырылтушы сәуле). Ешбір заманда нәресте дүниеге келгенде нақ мүндай қүбылыс болмаған және тіпті болмайды екен. Рисалат нүры қараған көздерді қарықтырады.
Төрт жасына дейін сүтанасы Халиманың бауырында болды. Содан соң өз үйіне табыс етілді. Алты жасында туған анасы Әмина дүние салды. Енді оны атасы Абдулмүтәліп қолына алды. Бірақ  анасы   қайтыс   болғаннан   кейінгі   екі   жылдан   соң,   сегіз   жасқа келгенде   атасы   да   дүниеден   өтті.   Бүл   жолы   ол   немере   ағасы Әбутәліптің жанында қалды.
Жиырма бес жасында Хүбайлиз қызы Хадиша - Кубра анамызға (Аллаға сыйынушылар анасы) үйленді. Ол анамыз Мүхаммедтен 15 жас үлкен болған. Пайғамбарымыз Хадиша анамызбен жиырма бес жыл өмір сүрген. Алла тағала Мүхаммед пайғамбарымызға Қүранды -мүсылмандардың қасиетті кітабын -  ол қырық жасқа келгенде жібере бастады.
Мүхаммед пайғамбарымызға Алла тағала атынан кәрімнің уағыздарын біртіндеп төбе періштенің бірі Жебірейіл Ғалайһи уәссалам әкеліп түрған. Қүран 23 жыл ішінде түсіп болды. Қүранда 114 сүре бар. Ол сүрелер меккелік және мединелік болып екіге бөлінеді. Меккелік сүрелердің саны - 90, ал мединелік сүрелердің саны - 24. Сүрелер аяттардан түрады. Аяттар (өлеңді сөз жолдары) саны әрқайсысында әр түрлі. Мысалы, "Фатиха" деп аталатын бастаушы сүреде жеті аят болса, ең үзақ екінші сүре "Бахарада" 286 аят бар.
"Мүхаммед пайғамбарымыздың тірі кезінде Алла тағаланың сөзі қағаз бетіне түспей, ауызша тараған. Алланың сөздерін жатқа білетін мүсылмандарды "қари" деп атаған. Алайда, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін қасиетті сөздердің жоғалып кету қаупі төнеді. Сондықтан Әбу Бәкір Халиф Мүхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәйд ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп қүрастыруды аманаттайды. Үшінші халиф түсында Зәйд ибн Сәбит көмекшілерімен бірге қүранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бүл төрт дана кітапты заңды Қүран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді".
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мүхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударута мәжбүр болды. Өйткені, исламға дейінгі діндердің дінбасылары, ақсүйектер оған дінді еркін таратуға мүмкіншілік бермей, қарсылық көрсетеді. Осы себептен пайғамбарымыз туып-өскен Меьске қаласынан Медине қаласына көшеді. Осы жыл - 622 жыл - мүсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бүл "хиджра", яши "көшу" жылы деп аталады. Ясриб сол жыддан бері Медина -  "пайғамбар қаласы" деп аталады.
Айша - Мүхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі. Оған тоғыз жасында үйленген. Мүхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рүқия (Үрқия), Үмму Күлсім, Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі). Үш үлы болған: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мүхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп  аталды.  Әл-Ислам ("Қүдайға берілу", "Қүдайға қүлшылық ету")  - дүние жүзіне кең тараған сенімдердің бірі. Ол дінді үстаушылар мүсылмандар деп аталады.
Осыдан 4 ғасыр бүрын, яғни VII ғасыр басында Мүхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін - исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер түсында олар Пиреней тауынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттің жүртында, жаңа этникалық өркениет және үлы империя қүрды.
Бүл жайлы Зубов былай дейді: "Арабтар Мүхаммед пайғамбардың уағызын қабылдап, бірнеше онжылдық ішінде олардың әкелері мен аталары ойламаған империя мен мәдениетке жетті..."
Артта қалған көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар ғалымдардың, философтарды, ақындардың батыр жаулаушы үлтына айналды. Жаңадан туған өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері бүкіл әлемді өзіне бағындырды. Христиандардың өздері де мүсылмандардың ықпалына түсіп қалды. Араб ғылымы, өмір сүру бейнесі әсер етпей қоймады.
Г.Э.Фон  Грюнебаумның  сөздері  бойынша:   "Мүсылман  діні -өзінің   қайталанбас   идеологиялық   күш-қуаты   бар   айбынды   да, сәулетті, керемет бір ғимарат болып табылады".
Таяу Шығыстағы елдердің басым бөлігі мүсылмандарға "тез және бейбіт"    түрде    жаулап    алынды,    "жергілікті    түрғындар    жаулап алушыларға дос ретінде қарамаса да, жау ретінде де қабылдамады", - дейді Беленицкий.
Гумилевтің көзқарасы бойынша мүсылманға дейінгі Хорезмді "қартайған және шаршаған" деп атаса, сонымен қатар, мүсылман діні басқа да соғысушы елдердің экономикалық, саудасының жағдайының жақсаруына көмек етті деп көрсетеді. Ислам діні мүқтаждықтағы адамзатқа нелер әкелгенін және Хазірет Мүхаммед сыйлаған ислам нүсқауының адамзатқа қандай қызмет көрсеткенін орынды тілмен жеткізу үшін сол кезеңдегі дүние жағдайына жалпы бір назар салғанымыз орынды болар. Жаңа эраның VI ғасырында, әлемде аспанды қара бүлт торлаған дүниеде адамзаттың бірден-бір тілегі болған  алаңсыздық пен тыныштық, бейғамдық  пен  қауіпсіздік  ғайыптарда  болатын.   Әлемнің  әр  шеті қанды қырғынның қамауында еді.
Испания мен оңтүстік Францияда сүлтандық дау-шардан туған саяси алқымдасуы мен жанжалдар өрбіп жатса, Францияда вестготтар мен франктер арасындағы соғыс тарихтың ең қайғылы беттерін жазуда еді. Англо-саксондар Англия аралын басып алғандықтан, онда да қанды қақтығыс жүріп жатқан. Бүгінгі таңда мәдениет, көркемөнердің қайнары болған Англия, өз кезеңінде жыртқыштық пен шексіз зорлық-зомбылық қүрсауында еді. Италияда ромалықтар әуелгі атақ-абыройынан айырылған, сол кездік мығым императорлығының орталығы болған Рома қаласы, шылғи дін орталығына айналған. Тың бір Рома-Герман үлттық қауымын үйымдастыру, жаңа бір Батыс Рома императорлығын қүруды армандаған Теодорих тілегіне жете алмай өлген; ішкі-сыртқы жасырын тәсілдермен алысқан кейін қүрылған Романдағы бүл Герман-Гот ақырында егемендікке жеткен. Бүл егемендіктің шекарасы Сижилиядан Түна қайнарларына және Далмасиа Алыптарына дейінгі кең алаңға созылып жататын.
Бизанс бүрынғы тарихи даңқынан мақүрым, күңгірт күйде еді. Шығыс Европа Рен өзенінен бастап шығыста Түнаға дейінгі үрыс-қағыспен қым-қуыт болып, басып алуға енді-енді қарсы келе бастаған. Скандинавиялықтар, норвештер, данимаркалықтар, готтар мен ғүндарға қарай бет алып, басып алу жолына үмтылған. Үлттар көшкен, елдер қүруға бет алған; осы елдерге христиандық жаңа тараған; көне, алғашқы діндердің ізі жоғала бастаған; Мазхаппен діни шайқас жүріп жатқан  - Европада қысқаша жагдай осындай көрініс беруде еді.
Азияға келсек, ол да Европадан қалыспайтын. Тілдер мен ой-пікірдің қайнары болған Хинд пен Тибет, саяси және философиялық мәселенің ең таңданарлығы болды. Қытай ішкі және сыртқы соғыстармен, діни тартыстармен өзара шырмалуда еді.
Азияның солтүстігі ол кезде белгісіз болатын. Иран болса Бизанспен үнемі соғыс күйінде еді. Ирак мезхеп соғыстарына сахна болуда еді.
Африкада ромалықтар мен гректер Мысырды тонып, осы байырғы мәдениет өлкесін сорып жатқан, Африканың солтүстігі де қара бүлттар торлаған, қорқынышты даул үйіруде болатын. Бүтін дүниеге жайылған осы күйден араша қалған жалғыз ел болса, ол Арабстан жарты аралы еді.
Мүхаммед пайғамбар арабтарды бір ғанав қүдайға табынуға өзара жауласуды тоқтатуға, бірігуге шақырады. 630-жыл шамасында араб
тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдайды. Мүхаммед өкіметін мойындайды. Мекке мүсылман дінінің орталығына, бүкіл мүсылмандардың "қасиетті" қаласына айналады. Мүхаммед мемлекет пен мүсылман мешітінің басқарушысы болды. Мүхаммед өлгеннен кейін (632) көп үзамай, мүсылмандар бүкіл Аравияны өзіне бағындырып алды. Араб мемлекетін "халифат" ("пайғамбардың орынбасарлары") басқарды.
Арабтардың жаулап алу алғышарты VI-VII ғғ. Араб қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық алға жылжуы болды. VII ғ. Басында Аравия жарты аралының түрғындарының көп бөлшегі көшпенділер (бедуиндер - "сахарада түрушы") еді.
Олар негізінен түйе және ешкі, аздаған қой және жылқы өсірді. Оңтүстік Аравияда (Иемен, Ходрамаут және Махра), сонымен қатар Аравия оазистерінде арпа, қүрма ағашын, жүзім, аздап бидай және жеміс ағаштарын өсіретін араб жер иеленушілері болды. Арабтардың үлкен бөлігінде бедуиндерде, сонымен қатар жер иеленушілерде VII ғ. тайпа және руға бөліну сақталды. Бүл патриархалды-ру қауымы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесін басынан кешті, тайпа ішінен тайпа ақсүйектері -  ірі атар және қүлдары бар, көбіне керуен саудасымен айналысатын байлар ерекшеленді. Таптық қоғам Аравияның оңтүстік-батыс, Иемен, Жарты арал мен Индия елдерімен керуен-теңіз сауда жолы жатқан Арабияның экономикалық және мәдени салалары дамыған облыстарында болды.
Кеңес ғалымдарының ішінде араб қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы екі көзқарас қалыптасқан. Кеңес ғалымдарының бір тобы (А.Ю.Якубовский, С.П.Толстов, Б.Н.Заходер, Е.А.Беляев) арабтардың жаулап алу жорығына дейін феодализмнің нышаны байқалмайдыдейді. Аравияда қалыптасқан қүл иеленушілік қатынас көрші елдерден жеке жатқанда үстемдік етуші өндіріс тәсілінде дамыр еді. Бірақ, VII-VIII ғ. Басында үлкен жаулап алушылық нәтижесінде Аравия және арабтар Таяу және Орта Шығыста болған феодалдану процесіне тартылды және арабтарда қүл иеленушілік ескі қүрылыста қадды.
Басқа кеңес ғалымдарының ойынша (Н.В.Пигулевская, т.б.) араб қоғамында жаулап алу жорығына дейін (VII ғ.) феодалдық қатынас дамыған. Бүл проблема әлі де болса жете зерттелмеген.
Бірінші халиф Абу Бәкір Аравияның толқуларын басып, ішкі іспен айналысса, ал Омар, Осман, Әли кезінде назар Византия облыстарына - Сирия, Палестина, Египет, сонымен қатар Иран жағына әскери жорыққа аударылды. Жаулап алушылық жорықтың инициативті рөлі -  олжа және эксплуатациялау үшін жаңа жер алуға үмтылды.
VII ғ. бірінші жартысында араб әскері Византияның, парсылықтардан ерекшеленді.
Араб әскері жаяу және солтүстік атты әскерден қүралды, бірақ арабтарда алғашқы кезде ат аз болғандықтан, салт аттылардың көбі түйелерді пайдаланды. Әскер үйымы ру-тайпалық сипатта болды, яғни рудан және тайпадан қүралды. Үсақ әскери бірліктерден, ондықтар бір ру мүшелерінен қүрылды. Ал ірі бірлестіктер бір тайпадағылар болды. Көбінесе үрыста жақсы таныс және жақын жерлестер, руластар бір-бірімен қатар түрды, бүл үрыс алаңында коллективті үйымдастырды. Оңтүстік арабтар және солтүстік арабтар тайпалары арасында жауластық болды. Бүл әсіресе омиядтар династиясы (661) кезінде күшейді.
Араб әскері өздерінің қарулануы жағынан Византия және парсы әскерінен әлсіз болды. Византиялықтар мен парсылар секілді арабтарда керекті қылыш, қаруланған атты әскерлері болмады. Бірақ араб әскері сан жағынан қарсыластарынан басым болды. Араб әскерлері үрыс алаңында босаған аттарды үстап алып, өздерінің атты әскерін толықтырып отырды. Араб әскеріне тән ерекшелік олар тез қамданып, қимылауға епті болды. Оларда арбалы керуен болмағандықтан, шөл дала мен сусыз жоталардан тез өтті, бірақ таулы жерлерде көп қиыншылықтарға тап болған. Араб әскерлерінің ептілігі олардың қарсыластары үшін қауіпті болды, өйткені арабтар қарсыласының тылына оңай кіріп, жойып және олардың арбалы керуенін жаулап, тонап алып, оның коммуникациясын қүртты.
Араб жаулап алушылығын Иран және Византия мемлекеттерінің әскери және саяси, сонымен қатар осы елдердің сыртқы қайшылықтары да жеңілдетті. Керісінше, арабтардың әлеуметтік қайшылықтары салыстырмалы түрде терең болмады.
Араб жаулап алушылығы ол кезде қоршаған дүние жүзіне қүлақ естіп, көз көрмеген дәрежеде жүрді. Негізгі оқиғалар Омар, Осман және Әли халифтер түсында болды. 635 жылы арабтар Дамаскіні, 636 жылы Палестинада Ярмук елінде Византия императоры Ираклидидің әскерін талқанады, 636 жылы Антиохияны, 640 жылы палестиналық Кесариді, 640 жылы Армения мен Египетке басып кірді. Нәтижесінде VIII ғ. Басында арабтар Византияның 3/2 бөлігі - Арменияны, Сирияны, Палестинаны, Египетті және Солтүстік Африканы тартып алды.
Халифаттағы барлық жер әуелде халифаттың меншігі болып есептелді. Ол елді наместниктері арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол чиновниктер мен әскер үстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың түрақты иемденуіне берді. Шығыс елдерінде егіншілік пен суармалы жерлерде ғана шүғылдануға болатын еді. "Сусыз жер - өлі жер" дейді араб мақалы.
Халифатта түтқындар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Олар кен қазу жүмыстарында істеді: батпақтарды қүрғатты, каналдар салды. Қүлдар шонжарлардың үйлерінде малай, халифті қорғайтын жасақшы болды, бірақ еңбекшілер бүқарасының басым көпшілігі қүлдар емес, тәуелді шаруалар еді. Халиф өз әскер басшылары мен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес "ихта" деп аталды. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болды. Омар халиф (634-644) ол иелікті игеруге міндеттеді. Егер бос жатса, үкімет қайта алып қоятын болды. Бүқара халық үшыр (қүшыр), зекет, харадж (қалан), т.б. салықтар төледі. Ұшыр - жан басынан жиналатын жер салығы. Ислам дініне енбеген халықтар жизья деген ақшалай салық төледі. Егер мүсылман болса бүл салықтан босатылды. Харадж деген егін салығы. Ол жинаған өнімнің үштен бірін қүрайтын. Зекет - шариғатқа негізделген, мешіт үшін салынатын мал салығы.
Бастапқыда халифат ішіндегі әрбір ел өз бетінше, бүрынғы қалпымен өмір сүре берген еді. Жағдай аббасилер (750-1258) әулетінің билікке келуімен өзгерді. Осы кезде барлық мүсылмандардың қүқықтық жағынан теңестірілуіне байланысты халифаттың барлық аймақтарында ислам діні қарқынды түрде тарап, қасиетті қүран мен пайғамбар хадистерінің тілі - араб тілі кеңінен енгізілді. Халифаттың батыс бөлігінде - Месопотомия, Сирия, Египет, Солтүстік Африкада ол бірте-бірте жергілікті халықтың ана тіліне айналды. Сөйтіп, Аббаси халифатының ыдырауы қарсаңында, яғни IX ғасырдың екінші жартысында оның батыс бөлігі біржолата арабтандырылды. Жаулап алушылардың аз ғана тобы аса көп жауланып алынған халықтардың арасына сіңісіп кетпегені былай түрсын, керісінше, оларды өз этнографиялық ықпалына бағындырды. Оның үстіне араб тілінің жеңісі араб үкіметі шараларының нәтижесінде емес, керісінше оның еркіне қарсы іске асты. Жаулап алынған халықтар арасында ислам дінінің таралуы халифаттың бүкіл қаржы жүйесін бүзды; үкімет мүсылман емес халықтардың арасында мемлекеттік тілдің тарауын тіпті де қаламаған еді: христиандарға арабша сөйлеуге және өз балаларын мүсылман мектептерінде оқытуға тиым салынды. Соған қарамастан ислам орасан көп халықтың дініне айналды және халықтың ислам дінін қабылдамаған бөлігінің өзі араб тілін қабылдады (мысалы, Ал-Андалустағы мосарабтар).

II тарау. Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы
Араб халифатының Аравия түбегінде VII ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мүхаммед пайғамбардың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державалар -  сасанилік Иран мен Византия империясының айтарлықтай бөлігін жаулап алған мемлекеттің - бір қарағанда, орта ғасырлардың басында бірінен кейін бірі пайда болып, бірақ елеусіз жойылып кетіп отырған көптеген мемлекеттерден еш айырмашылығы жоқ болып көрінуі мүмкін. Басқа да мемлекеттер сияқты арабтар өзінен анағүрлым дамыған елдерді өзіне бағындырды. Алайда, халифат ғүндардың, готтар мен түріктердің үлан-байтақ державаларымен салыстырғанда анағүрлым үзақ өмір сүруі сондай-ақ әлемдік тарихқа өлшеусіз зор ықпал етті.
Мәселе тек бүл мемлекеттің өмірінің үзақтығында немесе өзінің көлемі бойынша өзіне дейін өмір сүрген державалардан әлдеқайда ауқымды (өзінің шарықтау шегіне жеткен кезде ол Ескі дүниенің ширегінен астамын алып жатты) болуында ғана емес. Тарих үшін ең маңыздысы мынада - халифатта әр түрлі өркениеттердің өзара әрекеттесуі жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды. Бүл мәдениеттің тілі - араб тілі, ал идеологиясы - ислам болды, міне, осы мәдениет араб жаулап алуларының нәтижесінде бүкіл әлемге дерлік тарады.
Мүсылман дәуірінде Шығыс елдерде мәдениет пен ғылымның орасан зор қанат жаюына тікелей ықпал еткен бірқатар факторлар болды, соның ішінде ең негізгілері ислам діні және Шығыс пен Батысты біріктірген алып империяның болуы еді.
Бүл мемлекетте Үлы македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді-иран және түркі әлемі бірікті.
Осындай араб мәдениетінің ықпалына түскен аймақтардың ішінде Иран жерін айтуға болады. VII ғ. басында Иранның қоғамдық-саяси өмірі ішкі шиеленістерге толы болды. Феодалды жер иеленуші ақсүйектер мен бостандығынан айырылған шаруалар арасындағы қайшылық шиелене түсті. Сонымен қатар жер иеленуші тап - жоғарғы әскерилер, абыздар, сонымен қатар азаматтық бюрократия    (жауғыштар    тобы)    және    үсақ   жер иеленушілер (дихандар) арасындағы қарама-қайшылық та өз ықпалын тигізді.
Араб халқының V ғасырда ислам дінін тарату мақсатында Орта Азия мен Қазақстан жеріне жасалған әскери қимылдары 633 жылы басталып еді.
Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңында Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта Азияның көп иеліктерін түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран тілдес халық пен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындаушылық белең алды. Шаруашылық қарым-қатынас үлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бүл факторлар араб жаулап алушылығына бірлесіп тойтарыс беруді үйымдастыруда маңызды рөл атқарды.
Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Әмударияның шығыс жағындағы аймақ - Мауреннаһрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 жылы Пайкендке (Бүхарға таяу) қарай беттейді. Түркештер соғдылықтарға көмекке келеді. Түріктер мен соғдылардың бірікке қолы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бүхара облысындағы қала) үрыссыз алды, бірақ жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауреннаһрға тағы да аттанып, Бүхараның маңына таяп келеді. Түрік соғды тобы араб әскерлеріне елеулі соққы береді. Кутейба тағы да алдап-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархунды түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бүхараны басып алды.
712 жылы Кутейба хорезмшах пен бүхархудат әскерлерімен бірге Самарқандқа бет алады. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және Ферғана ихшидынан көмек сүрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы Инел-қаған басқарды. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жатқан қолдың жолын жансыздар арқылы біліп алып арабтар торуыл жасап, ақсүйек жауынгерлерден қүрылған түрік отрядын талқандады. Самарқанд табандатқан бір ай бойы қорғанғанымен, ақырында Гурак Самарқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп Кутейба осында өзінің отрядын қалдырды.
Соғдылықтар мен түріктердің қарым-қатынасы әрқашан тең болмады. Бүл қарым-қатынас "күшті мен әлсіз" түрінде болды. Бүған соғды ханы Гуректің сөзі дәлел: "Мен қағанның қүлдарының бірімін" деген. Орта Азиядағы феодалды диқандар мен көшпелілердің көсемдерінің арасында достық қатынас орнап, некелік келісім жиі болып түрған. Кейбір ортаазиялық иеліктерге түрік немесе аралас династиялар   билік   еткен.   Сондықтан,   соғдылар   жеріне   арабтар шабуыл жасаған кезде түріктерден көмек сүрағаны осыдан еді.
Ат-Табари еңбегінде түрік қағанының Гурекке айтқан сөзінен үзінді келтіріледі. Онда: "Мен арабтарды сенің еліңнен қуып шығамын да саған билігіңді қайтарамын" деп, былай қорытады: "хандар өздері үшін ханға көмек беруге келіседі емес пе?"
Түріктердің Мауреннаһр халқымен бірге арабтарға қарсы күреске қатысуының себептерін тек түріктердің өздеріне төніп кеп қалған араб жаулаушылығының алдын алудан туындады деп түсіндіруге болмайды. Деректерге сенсек, Қазақстан жерін жаулап алу арабтардың жоспарында болмаған. Осыған орай, Мүхаммед пайғамбардың түріктермен соғыспау жөніндегі хадисі сақталған. Бүл хадистің бірнеше нүсқалары кездеседі, соның бірінде: "Түріктерге, олар өздері тиіспесе тиіспендер" десе, тағы бірінде: "Түріктердің ашуын шақырмаңдар, өйткені олар аса қауіпті" делінеді.Түріктердің Мауреннаһр жерінде арабтарға қарсы күреске қатысуының әр түрлі себептері болуы мүмкін. Соның ішінде түркілердің өз вассалдары (соғдылықтар) алдындағы "ағалық" парызы немесе соғыстан түсетін олжа үшін және сондай-ақ жалдамалы әскер есебінде, т.т. себептерді айтуға болады. VIII ғ. Орта Азия үсақ-үсақ дербес княздіктерден түрған еді, бүл княздіктер өздерінің солтүстіктегі көршілері - түркештермен әрдайым ауызбірлікке үмтылып отырды. Дала мен Орта Азиялық қалалар өзара тамыры тереңге кеткен байланыста болғаны мәлім. Соғдылықтар түріктерге соғыстан түскен олжаны және бағынышты еддерден түсіп отырған алымды өткізуге көмектесіп отырды.3 Соғдылықтар сондай-ақ түрік қағандарының елшіліьже байланысты тапсырмаларын да орындап отырды, олардың арасында дін уағыздады, дала билеушілерімен келісімге келе отырып, Үлы Жібек жолы бойында өз колонияларын (бекіністерін) салды. Көшпелілер мен Мауреннаһр түрғындарының өзара қарым-қатынастары әрдайым бірсыдырғы болған жоқ, керісінше, ол барынша қайшылыққа толы еді: тілдер мен жалпы мәдениеттің өзара ықпалдастығына әкеліп отырған бейбіт қатар өмір сүру; кейде қарсы түру кезеңдеріне орын беріп отырды, бүл кезеңдер көбіне далалықтардың соғды жеріне шапқыншылықтарымен ерекшеленді. Әдетте соғдылар жеңіліс тауып,
түріктер қаупінен сый-сыяпаттар беру арқылы зорға қүтылушы еді. Соғдылар мен түріктердің қарым-қатынасы ешқашан тең болған емес. Бүл көбінесе "патрон-вассал" түріндегі қатынастар еді. Бүған ат-Табари өз еңбегінде келтіретін соғды патшасы Гуректің "Мен қаған қүлдарының бірі ғанамын ғой" деген сөзі немесе Махмүт Қашқари еңбегіндегі "Татсыз түрік болмас" деген мақалы дәлел болады. Мүндағы "тат" - түркілерге тәуелді отырықшы соғды халқы. Көшпелілер мемлекеттерін кемеңгер, көреген қағандар басқарған дәуірлерде олар көрші отырықшы елдермен достық қарым-қатынаста болып, оларға сырттан қауіп төнген жағдайда әрдайым көмектесіп, қамқор болып отырды. Орта Азия декхандары мен түрік көсемдері арасындағы достық, туыстық (некелік) қатынастар сирек кездесетін жай емес еді. Олардың түріктерді көмекке шақыруы, түріктердің өз тарапынан мүндай көмектен бас тартпауы да танданарлық жай емес.
Алайда, көп жағдайда түріктердің соғдыларға көмегі ешқашан ақы-пүлсыз да болмаған. Соғдылықтар көшпелілерге аса тиімді ақы төлеп отырған. Түргештердің соғдылықтар жағында ақы үшін соғысқаны жөнінде Наршахи мәліметтері бар.Бір жолы соғдылықтар шығыс түркілерден көмек сүрайды, әскери көмегі үшін соғдылықтар оларға: "сары алтын, ақ күміс, әйелдер мен қыздарды, қымбат әшекейлер мен басқа да байлықты көп мөлшерде тарту етеді".
Түріктер мен Орта Азиялықтардың арабтармен күресі жөнінде сөз болғанда, біз түрік жалдамалылары жөнінде айтқанымыз жөн. Ежелден-ақ сасанилік Иран, Қытай сияқты елдер түріктердің жауынгерлік қасиетін жоғары бағалап, оларды өз армияларына шақырып отырған еді, кейін мүсылман елдері де осы тәжірибені пайдаланды.
Арабтарға қарсы күрес жүргізуде Жетісуда Батыс түрік қағандығының мүрасын иеленуші түргештер (704-756 жж.) бірінші орынға шықты, олардың билеуші әулетінің атасы Үш-елік қаған (699-706 ж.) болды. Ол Жетісудан Батыс қағандықтағы билікке таласып отырған. Бөрі - шадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Турфан мен Бесбалыққа дейін көсіліп жатқан байтақ жерде өз өкіметін орнатты. Оның Ордасы Шу бойындағы Суябта орналасты.
Алайда,    бүл    мемлекетте    ішкі    бірлік    болмайды.    Түргеш қағандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы Сүлық қаған (717-738ж.ж.) билікке келгеннен кейін біраз оңалады. Әскери-әкімшілік билік "қара" түркештердің қолына тиіп,  олардың ордасы Таласқа (Тараз) көшіріледі.
Айлакер елші және тамаша қолбасшы Сүлық екі майданда бірдей күрес жүргізеді. Батыста соғдыларға көмектесіп арабтармен күрессе, шығыста Тан сарайы Шығыс Түркістанда орнығып алған батыс түрік қағандары әулетінің таққа таласушы үрпақтарын қолдап отырды. Елшілік жолмен (неке байланысы) және жеке шаралар арқылы Сүлық шығыстан келетін қатердің алдын алып, болдырмай тастады, бүл түркештердің батыста белсенді әрекет етуіне жағдай туғызды. 723 жылы Ферғана және Шаш түрғындарымен бірігіп түргештер арабтарға қатты соққы береді. Түріктердің ішінде арабтарға қарсы күресте әсіресе көзге түскен осы түргеш қағаны Сүлық еді. Бүл жөнінде араб деректерінде, атап айтқанда, әл-Балазури еңбегінде мәліметтер бар, онда арабтардың өздеріне қарсы тынымсыз күрес жүргізгені үшін Сүлықты Әбу-Музахим (сүзеген) деп атап кеткені жөнінде айтылады. Тек 732 жылдың соңында ғана араб уәлиі түркештерді талқандап, Бүхараға кіреді. 737 ж. Сүлық арабтарға қарсы жорыққа шығып, Тохарстанға дейін жетеді, бірақ үзамай жеңіліп қалады. Суябқа қайтып келгеннен кейін оны өзінің қолбасшыларының бірі Баға-Тархан өлтіреді. Сүлықтың қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу жолындағы үзақ күрес басталады.
746 жылы Жетісу жеріне Алтай мен Тарбағатайдан қарлүқтар келіп қоныстанады. Ішкі күрес тартыстан, сондай-ақ арабтармен болған үзақ айқастан түргеш қағандары бүрынғы қүдірет-қуатынан айырылып қалған еді, сол себепті де олар қарлүқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы аймақта белсенді саясат жүргізіп жатқан Қытай империясы бүл жағдайды өз пайдасына асыруға тырысты. Оның Шығыс Түркістанға уәлиі Као Шиен-Чи 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алып ойрандайды. Шаштың иесі дарға тартылады. Оның баласы көмек сүрап арабтарға барады. 751 жылы Талас жанындағы Атлах қаласы түбінде аббасилердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сяньжи арасында зор арпалыс болады. Айқас 5 күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлықтардың ту сыртынан қарлүқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық күйретілді. Тарихшы ибн әл-Асирдің мәліметтері бойынша: "Талас маңындағы Іпайқаста қытайлықтар оңбай жеңіліс тапты: 50 мың адам (100 мыңнан) қаза тауып, 20 мыңы түтқынға түсті".Талас алқабындағы шайқастың Орталық Азия халықтарының тағдыр-талайында үлкен тарихи мәні болды. Ол "Тандық Қытайдың Орта Азия істеріне қол сүғушылығына шек қойды" және түркі халықтарының мәдени бағдары жайлы мәселесін мүсылман өркениетінің пайдасына шешіп берді. Осы кезде Монғолия мен Алтайдан Жетісу жеріне келіп, бүл аймақта өз үстемдігін орнатуға тырысып жатқан қарлүқтардың Талас шайқасында арабтар жағына шығуы, олардың аймақтағы саяси ақуадды зерттеп біліп, түріктер үшін басты қауіп Қытайдан төніп түрғанын дүрыс түсінгендігінен болса керек. Бүл шара сонымен бірге халықтың Қиыр шығыстық мәдениет емес, араб-ислам мәдениетін таңдауын да көрсеткен еді. Қытай өркениетімен салыстырғанда Ислам өркениеті универсализмнің шын мәніндегі үлгісі болды, онда әрбір үлт, әрбір кіші-гірім мәдениет өзінің дербестігін сақтады. Қүран халықтарды рухани бірлікке шақырды. Ислам дінін қабылдау арабтануды білдірмегені жалпы жүртқа мәлім.Талас шайқасынан кейін еркіндік сүйгіш түріктер (қарлүқтар) өздеріне қауіп төндіріп түрған екі империяның ішінде араб халифатының қол астында (қамқорлығында) болу анағүрлым тиімді екенін түсінді. Сондай-ақ, Талас шайқасынан кейін, арабтармен жақын араласа бастаған түріктер, олардың дінімен танысады, өйткені сол кезеңде Жетісу түріктері арасында ислам мәдениеті тез қарқынмен тарай бастаған еді. Бүл діннің өздерінің рухани сүраныстарына жауап беретіндігін үғынған қарлүқтар оны өз еріктерімен қабыддаған деген болжамды айтуға болады.
VIII ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи оқиғаларға, көтерілістер мен бүліктерге толы. Арабтарға қарсы және мүсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азияға Муканна қозғалысы болды.2 Халық көтерілісі IX ғасырдың бас кезінде де толастаған жоқ. 806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған бүлік шықты, оған "Шаштың билеушісі өзінің түріктерімен" тибеттіктер қатысты. Арабтар бүлікті басып 810 жылы қарлүқтардың қаласы Қүланға жорық үйымдастырды. Қорасанның билеушісі Мамон 811 жылы халиф Әминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахме маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, қарлүқ жабғүл бағынудан қалып түрған кезде бастауға тура келіп түр деп   шағынады.   Отырар  патшасы   бүрын  төлеп  жүрген   алымын төлеуден бас тартады. Фадл Мамонға жабғүлға хат жазып, оның қазір иеленіп    отырған    аймақтарын    сыйлыққа    беріңіз,    ал    Отырар патшасынан рақымдылық ретінде  1 жыл алым алмайтын болыңыз деп ақыл береді. Бірақ, бітімге келудің сәті түспеді.
Араб тарихшылары Фарабтың, Испиджабтың және Шаштың арабтар үшін ең бір тынышсыз иеліктер болғанын атап өтеді.
IX ғасырдың бас кезінен араб халифатының бүрынғы саяси бірлігі бүзыла бастайды. Мауреннаһр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі мүнда жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағдай туғызды. Солай болып шықты да. IX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен Мауреннаһр халықтарын жергілікті тахирилер мен саманилердің әулеті биледі. Олар Бағдатқа салық төлеп түрды, ал басқа жағынан шын мәнінде тәуелсіз болды.
Араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ. Ол халифаттың қол астында болған жерлердің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінде, ондағы этникалық және үрдістерде өз ізін қалдырды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен ғылыми жүмысын аяқтай отырып, мынадай түжырым жасауға болады. Осыдан 14 ғасыр бүрын, яғни VII ғасырдың басында Мүхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін — исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтар Абу Бәкір (632-664 жж.), Омар (634-644 жж.), Осман (644-656 жж.) және Әлиден (654-661 жж.) бастап өз шекарасын миссионерлік қызмет арқылы, сондай-ақ жаулаушылық соғыстар арқылы да кеңейтіп отыруға тырысқан. Осының нәтижесінде мүсылман әлемінің шекарасы IX ғасырдың басында айтарлықтай үлғайып, өзіне Солтүстік Африкадан Орта Азия жерлеріне дейінгі үлан-ғайыр территорияны қосып алды. Олар Периней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жүртында жаңа этникалық өркениет және үлы империя қүрды. Бүл мемлекетте Үлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллиндік Жер Орта теңізі елдері, Үнді-Иран және түркі әлемі бірікті. Қасиетті қүранмен рухтанған ортағасырлық арабтар \Ш-\ПІ ғасыр көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа "варвар" халықтардың жаулаушылығына өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтары жаппай қырып-жою, қиратушылықтармен жүрмеген. Араб жаулап алуларын күні озған ескі өркениеттерді қиратып, орныны жаңа прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың Үлы қоныс аударуының қүрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру керек. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ал-Балазури.   Ахмад   ибн   Йахийа   ибн   Джабир.   Завоевание Хорасана: Извлеч. Из соч. "Футух ал-буддан" (пер. с араб.). - Душанбе: Дониш, 1987 г.
2. Бейхаки. Абу-л Фазл. История Мас'уда (1030-1041).  Пер. с. перс. -   М.: Наука, 1969 г.
3. Аль-Фараби. Философские  трактаты. Алма-Ата: Наука, 1970 г.
4. Ибн аль-Араби. Мекканские   откровения  (ал-Футухат   ал Маккийя). Пер. с араб. Спб.:   Центр   "Петербургское востоковедение", 1995 г.
5. История   ат-Табари   (Избранные   отрывки).   Пер.   с   араб. Ташкент: ФАН, 1987 г.
6. Наршахи,   Мухаммед.   История   Бухары   (пер.   с   перс.). Ташкент, 1897 г.
7. Коран.  Пер.  с  араб.  Акад.   И.Ю.Крачковского.        М.:   Изд. "Раритет", 1990 г.
8. Мүхаммед пайғамбардың хадистері. Ауд.: Н.Қазыбеков. Ред.: О.Сәрсенбаев, Ә.Сәрсенбаев. - Алматы: Жазушы, 1994 ж.
9. Махмүт Қашқари. Түрік сөздігі.  3 томдық. Ауд., алғы сөін жазған А.Қ.Егеубаев. - Алматы: ХАНТ., 1997 ж. Т.1.
10. Қүран   Кәрім.   Қазақша   мағына   және   түсінігі.   Аударған: Халифа Алтай. Өндеуші: Дәлелхан Жаналтай. Редакциялаған: Абдүрраһим Алтай. Құран Шариф басым комбинаты, 1991ж.
11. Хрестоматия   по   истории   Халифата.   Сост.   Л.И.Надирадзе. М.: МГУ, 1968 г.

Жүктеп алу
84 рет жүктелген
157.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті