Барий гидроксидін алу жолын зерттеу

Рефераттар
866

Жоспар
1. Барий және оның қосылыстарына химико – аналитикалық түсініктеме және жалпы сипаттама. 
2. Барийді сапалық анықтау. Топқа жалпы сипаттама.
3. Барийді сандық анықтау.
Гравиметриялық әдістер.
4. Қосалқы элементтерден барийді бөлу әдістері.
5. Комплексонаметриялық  анықтау. 
6. Барий  тұздары.

Барий  және  оның  қосылыстарына химико - аналитикалық   түсініктеме   және  жалпы  сипаттама.
Барий Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Реттік саны  56,  атом  массасы  137,56г.
Барий атомының электрондық конфигурациясы ls2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10  4s2  4p6 4d10 5s2  5p6 6s2. Барий  көбінесе +2 тотықсыздану дәрежесін көрсетеді, +1 тотықсыздану дәрежесін көрсететін қосылыстары да бар, мысалы BaCl.
Табиғи барий 7 тұрақты изотоп қалдықтарынан тұрады:  130Ва,  132Ва,  134Ва, 135 Ва, 136Ва, 137Ва, 138Ва,  осының ішінде 138Ва (71,66%)
Ең маңызды изотопы – 140Ва.  Ол уранды, торийді, плутонийді  ыдырату арқылы алынады; шығын 6,35%  құрайды.
Минерлды барий (ауыр шпат, барий қышқылы, барий сульфаты) ХVІІ ғ. белгілі болған.
Металдық барийді 1808 жылы бірінші болып Дэви алды, одан кейін 1901 жылы  барий қышқылын металдық алюминиймен қалпына келтіру арқылы А.Гунту алды.
Өндірісте металдық барийді алу әдісі – ваккумде 1200-1250°C барийді алюмотермиялық қалпына келтіруге негізделген.
Металдық барий – күміс түсті жұмсақ металл, ауада тез бұзылады, кубиктік границентрлік жүйеде кристалданады.
   
Табиғатта кездесуі 
Барий көп тараған элемент. Жер шарындағы оның алатын орны 5*10-2 салмақ % құрайды, ал тасты метиориттерде - 9*10-4%. Космостық таралуы 3,68 атомға тең. 
Барит BaSO4 (ауыр шпат, персиялық шпат) ~ 65% ВаО тұрады. Барит табиғатта түссіз трубалық кристалл, гранул түрінде кездеседі, қоспалары оны сары, қоңыр, қызыл, көк, жасыл немесе қара түстерге бояйды. Бариттің құрамында сонымен қатар стронций (боритоцелестин), қорғасын және радий сульфаттары болуы мүмкін.
Витерит BaCO3  (~78% BaO) – сұр немесежасыл түсті минерал, аз мөлшерде СССР, Англия, Жапония, АҚШ кездеседі. Ол кальций немесе стронций карбонатынан тұруы мүмкін. 
Цельзиан   Ba[Al2Si2O3] – аз кездеседі  (Швецияда, СССР, Англия), түссіз моноклинді призма сияқты, марганец және темірдің оксидтерімен қызыл және қара түске болуы мүмкін.
Гиалофан   K2Ba[Al2Si4O12]  (барийдың жайлаулық шпаты) – түссіз, жылтыр криссталдар  (қосылыстары оны көк немесе қызыл түске бояйды), СССР, Швеция, Швецария, Францияда кездеседі.
Барийдың соымен қатар келесі минералдары белгілі:  барилит  Ba4Al4Si7O24,   барий брюстериті  SrBa[Al2Si6O16](ОН)2 * 3H2O ,   барий апатиті [Ba10(PO4)6]Cl2 ,   барий селитрасы Ba(NO3)2 ,   ураноцирцит  Ba(UO2)2(PO4)2*8H2O,   алетонит  (Ca ,Ba)CO3.

Жүктеп алу
632 рет жүктелген
144.00 кб файл салмағы