Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
838
Мазмұны
Кіріспе
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі
1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту технологиясын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Қорытынды
Қорыта айтқанда тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады. Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат санына байланысты құрастырылады .
1) Сабақтың жылдық жоспары.
2) Күнтізбелік жоспар.
3) Сабақтың мазмұндама жоспары.
4) Сынақ алу құжаттары.
Нәрістелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрістелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретіменн орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.
Мектепке дейінгі баалалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин., Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аммарин Б. А. «Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі» М. 1999.
2. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. - М., ФиС, 1978
3. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз
етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік түтас жинақ
бағдарламасы 2001-2005 жыддарға. Алматы 2001.
4. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев А. Т. редакциясы М. ФИС. 1993.
5. Дене тәрбиесі жэне спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
6. Дене тәрбиесі мүғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы
бойынша. -М., ФиС, 1973 Н.Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. 26. 7. 7. Дене тәрбиесі институттарынға арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1, 2тарау.
8. Ұ.Б. Мұхамеджанова «Дене тәрбиесі пәнінің әдістемесі» Астана 2004ж
С. Қайжанов «Дене тәрбиесі» 5-6 сынып. Алматы 2001ж
9 Б. Төтенов «Қазақ спорт ойындары» Алматы 1990ж.
10. Ж. Қабланов «Спорт теминдерінің сөздігі мен тарихы» Алматы 2002ж
11. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлтттық ойындары» Алматы Рауан 1991ж
12 Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы 1997ж.