ЕСІМДІКТІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
873
1. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
2. Есімдіктердің қалыптасуы.
3. Есімдіктердің мағыналық түрлері.
4. Есімдіктердің септелу ерекшеліктері.
5. Есімдіктердің басқа сөз таптарына ауысуы және прономиналдану – есімдікке айналу процесі.
6. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі.
Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.
Бслгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай: