Европадағы шығыстану

Рефераттар
853

Шығыстану – Шығыс деп аталған Азия және ішінара Африка (негізінен Солтүстік Африка) елдерінің  тарихын,  экономикасын, тілдерін, әдебиетін, этнологиясын, өнерін,  дінін,  философиясын,  мәдениетінің материалдық және рухани ескерткіштерін кешенді түрде зерттейтін ғылым. Шығыстанудың ішінде аймақтық салалар: египетзерттеу, ассирия зерттеу, семит зерттеу, арабтану, ирантану,  түркітану, қытай зерттеу, моңғолтану, үндітану, жапонтануқалыптасты.
Ғылымның алға қарай дамуына байланысты Шығыстануда жаңа аймақтық салалар қалыптасуда (шумер зерттеу, урарту зерттеу, кумрантану, корейтану, малайтану, т.б.). Еуропадағы Шығыстану білімдерінің қайнар көздері еур. халықтардың Азия мен Солтүстік Африка халықтары арасында сауда, саяси байланыстар орнатқан ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Шығыстанудағы Шығыс жөніндегі алғашқы деректер ежелгі грек авторларының еңбектерінде келтірілген. Шығыс елдері жөніндегі көптеген деректер Батыс пен Шығыс мәдениетінің арасындағы «көпір» қызметін атқарғансириялық, византиялық, ежелгі армян және ежелгі  грузин әдебиеттерінде кездеседі. 12 ғасырдан бастап Алдыңғы Азия мен Қиыр Шығыс елдерінде болған елшілердің, діни миссионерлердің, көпестердің, саяхатшылардың көптеген жазбалары пайда болды. Шығыстанудың білімнің ерекше саласы ретінде пайда болуы капиталдың алғашқы қорлану дәуірі мен шығыс елдеріне еур. мемлекеттердің баса-көктеп кіруінің басталуымен байланысты болды. Шығыстанудың дамуына халықаралық байланыстардың жалпы кеңеюі де ықпал етті. 16 ғасырдың соңында арабтанушы Постельдің, Алдыңғы Азия тарихын жазушы Роттың, Бриссонийдің еңбектері жарық көрді. 15 ғасырда  Ресейде А.Никитиннің Үндістанды сипаттауы, 1618 жылыИ.Петлиннің Қытайға саяхатының қолжазбалары пайда болды. 17 ғасырдың соңында бірқатар университеттерде (Лейден,Париж, Оксфорд) шығыс қолжазбаларының айтарлықтай мөлшері жинақталып, соның нәтижесінде жазба деректерге сүйенген алғашқы жүйеге көтерілген еңбектер жарық көрді (әсіресе, Парижде 1667 жылы басылып шыққан д’Эрбелоның «Шығыс кітапханасы»). Ресейде  Г.С.Лебедев  Еуропадағы  ең алғашқы  санскрит  грамматикасының бірін (1801) құрастырды және бірнеше қолданыстағы үнді тілдерінің грамматикалық құрылысына сипаттама берді. 19 ғасырдағы неғұрлым көрнекті шығыстанушы Н.Я.Бичурин (Иакинф) болды. Ресей шығыстанушыларын дайындау бастапқыда Қазан университетінде (1807жылдан), кейіннен Петербург университетінде (1819 жылдан) жүргізілді. 1818 жылы Ресей шығыс қолжазбалары мен металлақшаларының қоймасы – Азия музейі құрылып, ол академиялық шығыстанушы орталыққа айналды.

Шығыстану салалары
Африканистика шығыстану саласынан бөлініп шыққан,  арменистика,  картвелология дисциплиналарын ішіне алатын кавказтануға да қатысы бар.
- арабистика
- ассириология
- буддология
- вьетнамоведение
- египтология
- индология
- санскритология
- индонезтану
- иранистика
- корейтану
- қырғызтану
- малаистика
- моңғолтану
- ойраттану
- қалмықтану
- османистика
- семитология
- арамеистика
- библеистика
- гебраистика
- кумранистика
- сабеистика
- угаритоведение
- эфиопистика
- синология (қытайтану, китаистика)
- таистика
- тибетология
- тунгус-маньчжуротану
- тюркология
- урартология
- филиппинистика
- шумерология
- жапонтану

19 ғасырдың 2-жартысында шығыс қолжазбалары мен кітаптарының ең ірі еур. қоймаларының тізбелері пайда болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Жапония, Қытай, Үндістан, Иран мен Түркия, т.б. шығыс елдерінде зерттеуді ең соңғы әдістердің көмегімен жүргізген ірі тарихшылар мен тіл мамандары жұмыс істеді. Бұл әсіресе Ресейдегі – шығыс халықтарының өкілдері әзербайжан М.Ф.Ахундовтың, бурят Д.Банзаровтың, қазақ Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметінен өте айқын көрінді. 1889 жылы Н.М.Ядринцев Моңғолиядағы Орхон өзені жағалауынан табылып, орхон жазбалары деген атауға ие болған ежелгі түркі жазба ескерткіштерін ашты. Бұл ескерткіштер ежелгі көшпелі мемлекеттердің тарихын оқып-үйренуде маңызды дерек болды. Академик В.В.Радлов бірінші болып енисей және орхон жазбаларын толық аударып, ғылыми түсініктеме берді.  В.В.Вельяминов-Зернов,  Н.В.Ханыков,  В.В.Григорьев,  Н.И.Веселовский,   В.В.Бартольд, т.б. Ортa Азия тарихы мен географиясына байланысты көптеген зерттеулер жүргізді. Шығыстанудың қазақ топырағында дамуына Орынбор,Ташкент қалаларында жұмыс істеген орыс Географиялық қоғамының бөлімшелері, Түркістан археология әуесқойлары ұйымы, Орта Азия мен Қазақстандағы шығыстану қоғамы бөлімшелері зор үлес қосты. Жергілікті архитиктуралықжәдігерлердің тарихи-топонимдік суреттемелерін жасау, оларға қатысты ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерді жазбаға түсіру, жариялау осы ұжымдардың үлесіне тиді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Шығыстану мәселелері бойынша көптеген зерттеу еңбектері жарық көрді. Осы салада М.Әбусейітова, К.Хафизова, З.Қинаятұлы, Н.Мұқаметханұлы, т.б. ғалымдар елеулі еңбек етті. 1996 жылы Қазақстан ғылым академиясы жанынан Шығыстану институты құрылды. 

Қазақстан шығыстанушылары
- Әлкей Хақанұлы Марғұлан
- Бақтыкерей Құлманов
- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Жүктеп алу
644 рет жүктелген
26.65 кб файл салмағы