Flex – дизайн студиясы

Рефераттар
869
Кіріспе
HTML тіліне кіріспе
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарды жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. 
 
World Wіde Web және HTML тілі
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды. 
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (HyperText Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интер¬нетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжат¬тарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.
 HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп ат¬алатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды щертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін. 
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндік¬ті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі кезде Интернет желісінің кең өріс алуына байланысты Web-сайттар жасау жұмыстары өзекті іске айналды.  Сондықтан алдағы бізге қойылып отырған мәселе Web-сайттарды жасау технологиясы мен мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өзгертетін деңгейге жету болды.  Мен Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңге бөлдім:
• Жоспарлау;
• Элементтерді жасақтау;
• Бағдарламау;
• Тестілеу;
• Жариялау;
 Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілді:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады. Сондықтан мен жоспарлау кезеңінде өз сайтымды Тараз өңірі туралы алуды жөн көрдім. Ол Тараз қаласы туралы қосымша мәлімет алып, Тараз қаласындағы соңғы жаңалықтарды білгісі келетін адамдарға арналған. Бұл сайдта тараз қаласы туралы кейбір орта ғасырлық мәселелер, тарихы, тыныс тіршілігі туралы деректер келтіріледі.
 
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылды
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
 Бағдарламау
 Бұл кезеңде сайтты форматтап сайт жұмысын ұйымдастыру.
 Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексерілді, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
 Жариялау Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланды және қайтадан тексерілді.
Жүктеп алу
644 рет жүктелген
1.90 MB файл салмағы