Инженерлік іс
Қазіргі жоғары технологиялар заманында экономиканың қай са¬ласы болмасын күннен-күнге жетіліп, бәсекеге шыдау үшін жаңа инновациялық үрдістерді енгізуі қажет. Әсіресе, экономиканың басты қайраты – мұнай саласын ел игілігіне толық жарату жо¬лында тиімді қадамдар мен стра¬тегиялық жобаларды жүзеге асы¬румен қатар, жаңа технология¬ларды енгізу жұмыстарының ат¬қарылуы аса маңызды.
«Қазмұнайгаз» Барлау Өнді¬ру» АҚ бұл орайда ауқымды іс атқарып, ширақ қимылдауда. Олай дейтініміз, осыдан 3 жыл бұрын, 2008 жылы Ақтау қа¬ласында «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың құрылымдық бөлімшесі ретінде Инженерлік ор¬талық құрылған еді. Бұл орта¬лықтың негізгі қызметі – өн¬дірістік активтердің тиімділігін арттыру. Орталық мұнай өндіру саласындағы ақпараттық қам¬тамасыз етудің сапасын арттыру, мұнайды жер қойнауынан алу коэффициентін көбейту, ұңғыма¬лардың құрылысы мен оларды толық жөндеуден өткізу жұмыс¬та¬р¬ының сапасын арттыру және еңбек ресурстарын басқаруды жетілдіру сияқты бірнеше бағытта жұмыс істейді.
Бұл орталықта компанияның барлық нысандарынан алынған ақ¬парат шоғырланып, мұнай өн¬ді¬руде атқарылып жатқан барлық шаралардың объективті ақпарат¬тық келбеті қалыптасады десе де болады. Бұл орталық біріншіден, мұнайды барлау, зерттеу және геологиялық-техникалық жұмыс¬тар сияқты ұңғымалар туралы барлық ақпаратты жүйелендіруге көмектеседі. Мұндай өндірістік жүйелі ақпарат «Қазмұнайгаз» Бар¬лау Өндіру» АҚ-тың мұнай өңдеуші өндіріс ошақтарынан бастап орталық аппаратқа дейінгі барлық деңгейдегі бөлімшелеріне ақпарат бір мезгілде қолжетімді болып, шешімдер мен іс-әрекет¬тердің басшылық тарапынан тез қабылдануын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, бұл орталық үш қыр¬лы модель жасау арқылы ал¬ғашқы эксплуатациялық ұңғыма¬лар¬ды тиімді жоспарлауға, жаңа кен орнын жобалауға, мұнай өндірудің коэффициентін арттыру технологияларын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Айталық, гео¬логиялық-гидродинамикалық үлгі¬лер қолданылған бірқатар мұнай кеніштерінде өндірістік көрсеткіш¬тер жақсарған. Осы орталықтың зерттеу ақпараты негізінде кө¬мірсутектердің қосымша қорлары анықталып жатады. Соның ар¬қасында, мәселен, Өзен кен ор¬нының мұнай қоры бұрын белгіленген көлемнен 40%-ға артқан¬дығы байқалып отыр.
Үшіншіден, Инженерлік орта¬лық¬тың арқасында ұңғымалар құ-рылысының сапасы мен тиімділігі артады. Ұңғымалардың құрылыс¬тық жұмыстарының мерзімі бұ¬рынғыға қарағанда әлдеқайда қыс¬қарып отыр.
Инженерлік орталықта еңбек кү¬шін басқару ісінің сапасын жақ¬сарту мақсатында өндірістік филиалдар үшін нормативтік еңбек құ¬жаттарын даярлау жұмыстары ат¬қарылады. Ол үшін еңбек үдеріс¬тері зерттеліп, белгілі бір жұмыс¬тың қанша уақыт істелетінін өл¬шейтін хронометраж жүргізіледі. Сонымен қатар, еңбекті ұйымдас¬тыруда қандай да бір кемшіліктер байқалса, орталық еңбек қорларын тиімді пайдалану және оңтайлан¬ды¬руға байланысты ұсыныстар жасайды.
Айта кету керек, «Қазмұнай¬газ» Барлау Өндіру» АҚ-тың 2008 жылы Ақтау қаласында құрылған Инженерлік орталық – мұнай өн¬дірісінің рентабельділігі мен мұ¬най-барлау жұмысын ұйымдасты¬руды жетілдіруге, өндірістік емес шығындарды азайтуға, еңбек қо¬рын тиімді пай¬далануға, өндіріс барысындағы ақ¬па¬раттың жүйелі¬лі¬гін арттыру мақ¬сатында ауқым¬ды жұмыстар атқа¬рып келе жатқан Қазақстандағы бірден-бір мәлімет¬тер орталығы. Осы¬лайша ғылыми-практикалық мәлі¬меттерді еңбек өнімділігін арт¬тыруға жаратқан мұнай саласында бұдан басқа орталық жоқ.
Әр компания қай салада болма¬сын өзінің тапсырмасын осындай инновациялық үдерісіне енгізу арқылы жетілдіріп отырса, ел эко¬номикасына өз үлесін қосары сөзсіз. Бір ғана мұнай компа¬ниясының осындай жұмыстарын тоғыстыратын осы маңызды орта¬лықтың жұмысын айта отырып, қазіргі индустриялық-инновация¬лық бағдарлама аясында атқарыла¬тын шаралардың бір қырын ғана көрсетіп отырмыз. Техника мен технология заманында бәселестік осы үрдістермен өлшенсе керек. Осы орайда, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың Инженерлік орталығы өзге компанияларға үлгі болып отыр деп айтуға болады.
Президенттің жыл сайынғы ха¬лыққа Жолдауында жаңа техно-логияларды енгізу және пайдалану, инновациялық үдерістерді өндіріс саласына ендіру қажеттігі айты¬лып келеді. Осы тапсырманы басшылық¬қа алған «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың Инженерлік орта¬лы¬ғы арқылы мұнайды игеру сала¬сының дамуына сүбелі үлесін қосып отыр.
Инженерлік әскерлер (орыс. Инженерные войска) — әскердің барлық түрлеріндегі соғыс қимылдары кезіндегі міндеттерді (бөгеттер жасау, қорғаныс шебін құру, өтпелер жасау және оларды жөндем қалпында ұстау, жолдар, көпірлер салу, т.б.) орындайтын арнаулы әскер саласы.
Инженерлік әскерлер өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып белінеді. Инженерлік әскерлер өз мідеттерін моторландырылған атқыштар,ракета әскерлері, артиллерия, танк және т.б. әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық қимылдай отырып орындайды. Инженерлік әскерлер бекініс, жол, көпір салатын, ағаш дайындайтын күрделі техникамен, машиналарыен, бүркемелеу құралдарымен, далада сумен қамтамасыз ететін ыдыстармен, миналайтын және минасыздандыратын аспаптармен жабдықталады. Армияның ядролық қарумен қарулануына байланысты Инженерлік әскерлердін мәні де артты. Осыған байланысты олардың ұрыс даласында бөлім мен белімшелердің маневрлілігін арттыруға және жаппай қырып-жоятын қарудан сенімді қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстары күрделілене түсті. Ұрыс кезінде Инженерлік әскерлер инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды
Инженерлік әскерлердің топтастығы (Группировка инженерных войск) — инженерлік резерв және бүтіндей құрамаларды (бірлестіктерді) қамтамасыз ету мүддесінде маңызды тапсырмаларды орындау үшін әскерлердің жауынгерлік реті элементтері бойынша инженерлік әскерлер құрамаларының штаттық және берілген бөлімдер бойынша топтастығы. Ол әскердің жауынгерлік реті элементтерінің және 1-ші, 2-ші эшелон болімдерінің ұрыс қимылдарын қамтамасыз ететін бөлімдер мен құрамалардан тұрады. Тұтастай алғанда, құрамалар мен инженерлік резервтерді қамтамасыз ету мүддесінде инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын құрамалар енгізеді. Инженерлік әскерлердің топтастығы төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: инженерлік әскерлер белімдерінің негізгі күштерінің басты бағыттарда (аудандарда) шоғырландырылуын қамтамасыз ету, ұрысқа белгіленген инженерлік қамтамасыз етудің негізгі тапсырмаларын уақытында және толық көлемде орындау; инженерлік әскерлер мен инженерлік қару-жарақ құралдарының ұрыс мүмкіндіктерін барынша колдану; маңызды бағыттарда күштерді әсіру және жедел ауыстыру мүмкіндіктерімен кенеттен пайда болған міндеттерді орындау үшін кез келген жағдайда инженерлік әскерлердің тұрақты басқарылуын қамтамасыз ету.
Инженерлік барлау (Инженерная разведка) — инженерлік әскерлердіңкомандиріне инженерлік жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізу үшін және жалпы әскер командиріне шешім қабылдау үшін кажет мәліметтерді, ұрыс жүріп жатқан ауданның жер өзгешелігі мен қарсыластың инженерлік жұмыстары туралы мәліметтер алу және жинау мақсатымен жүргізіледі. Инженерлік барлаудың негізгі міндеттері:
қарсыластың инженерлік жабдықтарының жай-күйін
қорганыс шебі мен позицияларының орналасуын және олардың жаппай кырып-жоятын қаруды есепке ала отырып қалай жабдықталғанын
миналандырылған жерлердің және танктер мен жаяу әскерлерге қарсы бөгеттерінің
табиғи кедергілерінің баржоғын және қай жерде екенін анықтау
қарсыластың жаңадан қолданатын инженерлік қаруы мен оны қолдану жолын білу
жолдардың, көпірлердің, өткелдердің жайы туралы және т.б. мәліметтер жинау болып табылады.
Инженерлік барлау — осы саладағы жұмыстардың ажыратылмайтын бір бөлігі. Инженерлік барлауды инженерлік бақылау постылары, инженерлік барлау шолғындары (топтары), инженерлік фотоға түсіру постылары жүргізеді.
Инженерлік бөгеттер (Инженерные заграждения) — ұрыс алдында немесе оның барысында қарсылас әскерінің жылжуын тоқтату не тежеу үшін қойылатын немесе жасалатын инженерлік құралдар мен құрылыстар (жасанды кедергілер). Өз міндетіне байланысты Инженерлік бөгеттер жаяу әскерге қарсы, танкіге қарсы, көлікке қарсы, десантқа қарсы болып бөлінеді. Әсер ету сипатына байланысты Инженерлік бөгеттер миналы-жарылғыш және жарылмайтын болып бөлінеді.Миналы жарылғыш бөгеттерге миналанған алаң, фугастар және т.б. жатады, бұлар қарсыластың жылжуын қиындатып қана қоймайды, сонымен бірге оны шығынға ұшыратады. Жарылмайтын бөгеттерге топырақты, топырақты-ағашты, сымды бөгеттер жатады. Инженерлік бөгеттер тұрақты және ауыспалы болып келеді.