Канада мемлекеті туралы
ЖОСПАР
1. Канада
2. Табиғат жағдайлары.
3. Халқы.
4. Америка Құрама Штаттары
5. Өнеркәсібі.
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Канада
Канада — ірі және жоғары дамыған капиталистік мемлекеттердің бірі. Материктік бөліктен басқа, оның құрамына Канадалық Арктика архипелагының көптеген аралдары да енеді.
Табиғат жағдайлары. Осы ұлан-байтақ елдің табиғат жағдайлары халықтың тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін әркелкі.
Канада территориясының солтүстік бөлігіне Арктика күшті әсер етеді және тіршілікке өте қолайсыз жер. Адам оны мүлдем дерлік игермеген. Онша биік емес жазықтар — бұл мұзды арктикалың шөл кеңістігі, ормансыз тундра.
Мұнда негізінен эскимостар тұрады. Олар балық шаруашылығымен және итбалық, басқа да теңіз жануарларын аулаумен айналысады. Оңтүстік бөліктің табиғаты адам үшін неғұрлым қолайлы. Шын мәнінде Канаданың бүкіл тіршілігі осы жерге шоғырланған.
Оңтүстікке қарай жылжыган сайын климат жылырақ жәңе негұрлым ылгалды бола бастайды. Оңтүстік Канадада тайга орманы мыңдаған километрге созылып жатыр. Сырт көрінісі бойынша ол біздің солтүстік тайганы еске түсіреді. Онда багалы агаш сүрегі алынатын шыршаның, балқарагайдың, қарағайдың американдық тұқымдары өседі. Халық мұнда негізінен ағаш дайындаумен және өңдеумен айналысады. Қылқан жапырақты орман терісі қымбат аңға бай. Ормандар — ел байлығы. Канаданың ағашы мен қағазы көптеген елдерге белгілі.
Канаданың мемлекеттік жалауында үйеңкі жапырағы бейнеленген. Үйеңкі көп жерлерде өседі. Әсіресе күзде ашың түсті үйеңкі аралас орманға қайталанбас рең береді.
Құнарлы қара және қызғылт топырақты прерийлерде бидай, сұлы, қарабидай алаптары көсіліп жатыр. Астық мол жиналады, Канада бидайы тиелген кемелер дүние жүзінің көптеген елдеріне аттанады. Ұлы көлдердің солтүстік жағалауы — бау-бақша өлкесі.
Шөбі мол дала жайылымдарында сиыр табындары мен қой отарлары жайылады. Алаптар мен жайылымдар арасында шаруашылық құрылыстары қоршаған фермалар бір-бірінен қашық орналасқан. Астық сақтау үшін элеваторлар салынады.
Елдің батыс бөлігін Кордильер таулары алып жатыр. Олардың биіктігі 6 км-ге жетеді. Қарлы шыңдардан төмен сырғыған мұздықтар буырқанған өзендерге бастау болады. Тау беткейлерін қылқан жапырақты орман көмкерген.
Канаданың жер қойнауы аса бай. Әсіресе никель мен мыстың, қалайы мен темірдің, асыл металдардың (алтын мен платина) кен қоры орасан зор. Радиоактивтік металдар рудалары да бар. Мұнай мен табиғи газдың едәуір кен орындары зерттелген. Көптеген пайдалы қазбаларды өндіруден Канада дүние жүзінде бірінші орын алып отыр. Су энергиясының қоры ерекше мол өзендерде ірі су электр станциялары салынған, олардың арзан энергиясы түсті металдар балқыту кезінде кеңінен пайдаланылады.
Канаданың заводтарында алуан түрлі өнімдер — автомобильдер мен ауылшаруашылық машиналары, реактивті үшақтар мен теңіз кемелері шығарылады.
Канаданың табиғат байлығы американ капиталистерінің назарын аударып отыр, көптеген кәсіпорындар солардың қолында, ал бұлардың өнімдерінің елеулі бөлігі АҚШ-қа кетіп жатады.
Канадаға ұласып жататын Атлант және Тынық мұхиттарының жағалау суы балыққа бай.
Халқы. Канада — ғажайып ел: оның қалаларының көшелерінде және селоларында алуан түрлі тілдегі сөзді ести аласың. Бұл түсінікті де: мұнда негізінен Европа мен Азияның көптеген елдерінен қоныс аударғандар тұрады. Халықтың негізгі бөлігін канадалық ағылшындар мен француздар кұрайды, сондықтан елде мемлекеттік екі тіл — ағылшын және француз тілі бар. Жергілікті халқы — эскимостар мен үндістер — өте аз.
Негізінен Европадан қоныс аударып, мекендеген халқы АҚШ-тың шекарасын бойлай елдің қиыр оңтүстігінде шоғырланған. Олар бұл жерден тіршілікке қолайлы жағдай тапқан. Ал орман кеңістіктерін адамдар сирек қоныстанған. Канада халқының 3/4 -і қалаларда, көбіне шағын қалаларда тұрады.
Елдің табиғаты адам әрекетінен әзірге аз өзгерген, бірақ халқы өте тығыз, қалалар мен өнеркәсіп орындары көп оңтүстікте оның күйі нашарлап келеді. Өзіндік ерекшелігі мол табиғат комплекстерін қорғау үшін тауларда және жазықтарда ұлттық парктер жасалған. Олардың ішіндегі ең үлкен паркте (Вуд Баффало) орман және дала учаскелері бар. Мұнда азайып кеткен бизондар мен басқа да жануарлар, сирек кездесетін құстардың ұя салатын жерлері қорғалады.
Америка Құрама Штаттары
АҚШ дүние жүзінің аса ірі мемлекеттерінің қатарында тұр. Ол басқа капиталистік елдерден шаруашылығы және әскери қуаты жағынан асып түседі, сондықтан АҚШ-ты «капитализмнің басты елі» деп жиі атайды.
АҚШ халқының саны бойынша дүние жүзінде Қытай, Үндістан және ТМД-дан кейін төртінші орынды алады. Халқының көпшілігі ңалаларда тұрады, олардың көбінің миллионнан астам тұрғындары бар. Елде село тұрғындары өте аз.
Табиғаты. АҚШ-тың шаруашылығын дамытуға оның географиялық жагдайы ғана емес, сонымен бірге табиғат байлықтары да мүмкіндік туғызады. Елдің табиғаты алуан түрлі. АҚШ-тың негізгі территориясы солтүстік қоңыржай және субтропиктік климаттық белдеулерде орналасңан, ал оңтүстіктегі шағын учаскелер тіпті тропикке еніп жатыр.
Егер Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа қарай саяхат шегетін болсаң, табиғат ерекшеліктері жақсы аңғарылады. Осы кең-байтаң территорияны табиғат жағдайының әркелкілігіне қарай үш бөлікке бөлуге болады.
Шығыста негізінен Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауын бойлай созылып жатқан ойпат, сондай-ақ Аппалач тау жүйесі жатыр. Мұнда ел халқының жартысына жуығы тұрады.
Жағалауда көптеген қолайлы қойнаулар мен шығанақтар бар. Европадан алғашқы қоныс аударғандар осында тұрақтап, кейіннен мұнда ірі қалалар пайда болды. Олардың ішіндегі ең ірісі — Нью-Иорк.
Бұл өнеркәсіпті қала ғана емес, сонымен бірге ірі теңіз порты да. Мұнда көптеген банктер, магазиндер, кеңселер бар. Аспанмен таласқан үйлерімен қаланың атағы шыққан.
Ойпатты жазықтар мен аласа таулар шаруашылық әрекеті үшін қолайлы. Жылы әрі ылғалды климат, құнарлы топыраң, қоңыржай және субтропиктік белдеулер көптеген екпе өсімдіктерді өсіру үшін қолайлы.
Елдің орталық бөлігінде шығыстағы Аппалач пен батыс-тағы Кордильер арасында Ұлы және Орталық жазықтардың кең-байтақ аймағы жатыр. Оны Миссисипи өзені мен оның салалары кесіп өтеді.
Жылы, ұзақ ылғалды жаз ауыл шаруашылығы үшін қолайлы жағдай туғызады. Жазықтардың шығысында 1500 мм-ге таяу жауын-шашын түседі. Мексика шығанағынан келетін тропиктік ауа массалары ылғал әкеледі. Прерийлер баяғыда жыртылған. Бидай мен жүгері елдің көптеген жерінде өсіріледі, сөйтіп мұнда олардың егістігі ерекше зор көлемді қамтиды.
Кордильерге жақындаған сайын жауын-шашын мөлшері 300—500 мм-ге дейін азая түседі. Бұл құрғақ дала аймағында егіншілікті қолдан суару арқылы гана жүргізуге болады. Кең-байтақ жайылымдарда ірі қара өсіріледі.
АҚШ-тың бүкіл батыс бөлігін дерлік Кордильер тау жүйесі алып жатыр. Тау жоталарының арасында едәуір биікте ішкі таулы үстірттер орналасқан. Америкалық батыстың басым бөлігінің тілімденген жер бедері мен құрғақ климаты қолдан суарғанда ғана егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді. Халқы өзендер бойындағы аңғарларға шоғырланған. Кордильерде мыс, мырыш, қорғасын рудасы, сынап өндіріледі, алтын, вольфрам бар.
Аса қолайлы құрғақ субтропиктік климаты бар АҚШ-тың Тынық мұхит жағалауының оңтүстік бөлігі цитрус (апельсин, лимон) және жүзім плантацияларымен көзге түседі. Мұхиттың жылы суы, ашық, бұлтсыз ауа райы мұнда бүкіл елден демалушы адамдарды өзіне тартады. Атақты Диснейленд паркі бүкіл дүние жүзіне әйгілі, мұнда әлемнің түрлі елдерінің табиғаты мен халқының тіршілік көріністерін бейнелейтін мүйістер жасалған.
Алясканың табиғаты өзінше ерекше әрі қатал. Оның едәуір бөлігі Поляр шеңберінің ар жағында жатыр. Таулы жер бедері мен Арктиканың қысқы аязы оны игеруді ңиындатады. Халқы негізінен пайдалы қазбалар өндірумен айналысады.
Өнеркәсібі. Өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінен АҚШ капиталистік дүниеде бірінші орын алып отыр. Өнеркәсіпте басты рольге капиталистердің алып бірлестіктері — монополиялар ие болуда. Олардың кәсіпорындарында көптеген мөл-шерде алуан түрлі өнімдер дайындалады.
АҚШ-тың өнеркәсібін дамытуға оның табиғат байлықтары, оның ішінде пайдалы қазбалары септігін тигізеді. Елдің жер қойнауында отынның мол қоры — тас көмірдің, мұнай мен тау биғи газдың, сондай-ақ түсті рудалардың — темір, түсті металдар рудаларының бай қоры бар. Көптеген тау өзендерінде ірі ГЭС-тер салынған.
АҚШ өнеркәсіп және ауылшаруашылың өнімдерінің едәуір бөлігін басқа елдерге шығарады.
Халықтың шаруашылық әрекеті елдің табиғатын қатты өзгертті, оның жағдайын нашарлатып жіберді. Бұл әсіресе фабрикалар, заводтар, автомобильдері көп қалаларда айқын аңғарылады. Ауа, су айдыны мен топырақ ластануда.
Көптеген табиғат байлықтарының, әсіресе тұщы судың қоры сарқылып келеді. Суды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында (суару үшін) пайдалану жыл сайын арта түсуде. Үкімет тарапынан табиғатты қорғау жөнінде бірқатар заңдар қабылданды, ауа мен суды тазалауға жұмсалатын шығын артып отыр. Алайда осындай бұзылу процестерін тоқтату әзірге қолдан келмей отыр.
Елдің ең көрікті жерлерінде ұлттық парктер ұйымдастырылған. Мейлінше белгілісі Йеллоустон паркі. Ол өзінің гейзерлерімен даңқы шыққан сирек кездесетін жерді қорғау үшін құрылған. Ең ірі гейзер — Гигант — оқта-текте 90 м биіктікке дейін су бағанын атқылайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Материктер мен мұхиттар географиясы В.А.Коринская, В.А.Щенев, И.В.Душина