Объектілерді модельдеу (3D STUDIO MAX)

Рефераттар
834
Мазмұны 
 
Кіріспе
1. 3D STUDIO MAX программасы
1.1. 3D STUDIO MAX-тың құрал-жабдықтары
1.2. Проекция терезелері және жұмыс кеңістігін келістіру
1.3 3D STUDIO MAX кешенінің қолданушы интерфейсі
2. 3D STUDIO MAX модельдері
2.1. Көпбұрыштар және олардың транформациясы
2.2. Үшөлшемді объектілер
2.3. Қиылысуға негізделген объектілер
3. Модификаторлар алхимиясы
3.1 Модификатор туралы түсінік және оған кіру түрлері
3.2 Модификаторлардың кейбір түрлері
3.3 Айнаны қолдану және клондау
4.    Ағаш балықтар және әйнек талдар
4.1 Материалдар дүниесіндегі өмір
4.2 Заставка және фон
5.    Композициялау негіздері: камера және жарық көздері
5.1 Жарық көздері
5.2 Сахнаға камераны орнату
6.    Анимация негіздері
6.1 Кадрларға негізделген анимация
6.2 Траекторияға негізделген анимация
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
 
Кіріспе
Қазіргі уақытта копьютерлік технология әлемінде үшөлшемді графика мен анимацияны зерттеу ерекше орын алады. Үшөлшемді анимацияны құрастыру үшін графикалық модельдеу программасы бойынша  терең білім қажет. Осындай программалардың бірі 3D STUDIO MAX болып табылады. Бұл программа дүние жүзінде ең көп таралған. 3D STUDIO MAX-ті кинофильмдер мен теледидар үшін анимациялар мен арнайы әсерлер үшін қолданылады. Сонымен қатар 3D STUDIO MAX-ті дизайнерлер мен архитекторлар өз жұмысында кеңінен пайдаланады. Дүние жүзі бойынша мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды және Web-бетінің тамаша үшөлшемді графикалық элементтерін жасау үшін осы тамаша программа қолданылады. Өткен ғасырларда өмір сүрген аса танымалы суретшілер қазіргі уақытта біздің қатарымызда жүрген  болса, онда олар үшөлшемді модельдеу программасының ұсынып отырған мүмкіндіктерін қолдануды қолдан жібермес еді. Алғашқыда суретшілер үшөлшемді бейнені тек өана көлеңке, перспектива және рең көмегімен бейнеленетін екіөлшемді кенеппен шектелген болатын. Енді оларда камера көмегімен “Кенептің” ішіне кіріп өзінің шығармашылығын үшөлшемді кеңістіктің кез-келген бұрышынан көру мүмкіндігі пайда болды. Екіөлшемді суретті салғаннан кейін бейне ойластырылған қалпында қалады. Ал үшөлшемді кеңістікте жұмыс істегенде барлығы өзгеше. Текстуралар және жарық көздері үшін уақытша есептеулер мен бекітулержасалған соң, барлық объектілерді өз позицияларына орналастырғаннан кейін үшөлшемді кеңістікте бейнені кез-келген бұрыштан қарап, еркін қозғалуға болады. Қандай да болмасын дәстүрлі екіөлшемді сурет “біркелкі” туынды болса, ал үшөлшемді композициялар үшін шексіз кқп суретті кадрлар алуға болады. 
Фильмдер пайда болмай тұрып суретшілер барлық мүмкін сәттің тек қана бір сәтін қозғалтқан, ал қазір олар қозғалыстың тізбегін жасай аламыз және оларды тіпті жандандыра алады. Үшөлшемді кеңістікте қозғалыс дегеніміз төртөлшемді қозғалыс(төртінші кеңістікке уақыт жатады). Жылдамдығы аса үлкен компьютерлік құрылғының және жаңа программалық құралдар көмегімен суретшілердің арманы үшөлшемді кеңістікте орындалады.
Жүктеп алу
614 рет жүктелген
850.00 кб файл салмағы