Оңтүстік Америка
Жоспар
Кіріспе
1. Оңтүстік Америка халықтары
1.1 Оңтүстік Америкаға Еуропалықтардың отарлауы
1.2 Оңтүстік Америкаға Испандықтардың қоныстануы
1.3 Оңтүстік Америка мемлекетінің құрылыуы
1.4 Оңтүстік Американың егінші халықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Оңтүстік Америка.
1 Оңтүстік Америка халықтар.
Оңтүстік Американы мекендеген халықтар: үндістер, инкилер, чибча-муиси, айтектер, араукандар, мапучелер мекендеді. Олар көбінесе теңіз жағалауларын, тау беткейлерін аңғарларын мекендеді. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысты.
1.1 Оңтүстік Америкаға Еуропалықтардың отарлауы
Оңтүстік Америка сирек және өте ала-құла қоныстанған. Материктің тек шеткері бөліктері негізінен Атлант мұхиты жағалауы мен Андының кейбір аудандары ғана тығыз қоныстанған. Ал ішкі аудандарда, мысалы, орманды Амазонка ойпатында халық мүлде жоқтың қасы.
Оңтүстік Американың байырғы халқы - үндістердің шығу тегі туралы мәселе ұзақ уақыт талас тудырып келді.
Оңтүстік Американың біздің эрамыздан 20-30 мың жыл бұрын Азиядан Солтүстік Америка арқылы келген монголоидтар қоныстанған деген пікір басым болып отыр. Бірақ Оңтүстік Американың үндіс халықтарының Мұхиттық аралдар халқымен кейбір антропологиялық ұқсастықтарына (кең танау, бұйра шаш, қаба сақал) және олардың бірдей еңбек құралдарының болуына негізделе отырып, кейбір ғалымдар Оңтүстік Америка Тынық мұхит аралдары жағынан қоныстанған деген пікір айтады. Алайда бұл пікірді жақтаушылар аз. Оңтүстік Америка арқылы монголоидтармен бірге мұхиттық нәсіл өкілдерінің де өтуі ықтимал деп түсіндіруге бой ұрады.
«Ақтардың» билеп-төстеуі кезінде жалпы саны қатты азайғанымен Оңтүстік Америка үндістерінің қазіргі саны Солтүстік Америкаға қарағанда анағұрлым көп. Кейбір елдерде үндістер қазіргі күнге дейін халықтың әжептәуір процентін құрайды. Перуде, Эквадорда және Боливияда халықтың жалпы санының жартысына жуығы үндістер, ал жеке аймақтарда олар, тіпті, едәуір басым. Парагвай халқының көбі үндіс текті, көптеген үндістер Колумбияда тұрады. Аргентинада, Уругвайда, Чилиде үндістер отарлаудың бірінші кезеңінің өзінде ақ мүлдем дерлік қырып жіберілген болатын, олар бұл елдерде қазірде де өте аз. Бразилияның үндіс халқы да үнемі азаюда.
Жалпы алғанда Оңтүстік Америка үндістері әлі аз зерттелген, сондықтан да қазіргі кезге дейін олардың ғылыми және бірыңғай классификациясы жоқ. Антропологиялық жағынан Оңтүстік Американың барлық үндістері біртұтас және солтүстік Америка үндістеріне жақын тұрады. Үндіс халықтары тіл белгілеріне қарай жақсы топтастырылған. Дегенмен, бұл мәселе жөнінде де бірыңғай пікір болмай отыр, өйткені Оңтүстік Америка үндістерінің тілі өте алуан түрлі және олардың көпшілігінің өзіндік ерекшелігі соншалық, тіл семьялары мен топтарға біріктіруге келмейді. Сонымен қатар бұрын материкте кеі тараған көптеген тіл семьялары мен жеке тілдер қазіргі кезде түгел немесе түгелдей дерлік жойылған, өйткені ол тілдерде сөйлейтін халықтар европалық отарлаудың нәтижесінде құрып кеткен. Оқшау тіршілік ететін көптеген үндіс тайпалары мен халықтарының тілдері қазіргі кезге дейін зерттелмей отыр деуге болады.
Европалық отарлау қарсаңында Оңтүстік Американың байырғы халқы даму дәрежесі жөнінен екі үлкен топқа бөлінген. Бұл айырма белгілі бір дәрежеде қазіргі кезге дейін сақталынып келеді. Андыдан шығысқа қарай жатқан территорияны алғашқы қауымдық құрылыс сатысында тұрған аң аулау және дайын өнім жинаумен тіршілік ететін халықтар мекендеген. Андыда және Тынық мұхит жағалауында егіншілік пен мал шаруашылық мәдениеті біршама жоғары, қолөнері, қолданбалы көркемөнері дамыған жіне ғылыми білімдердің бастамасы бар қуатты үндіс мемлекеттері құрылған.
Еуропалық отарлау және отарлаушылармен кескілескен күрес барысында кейбір үндіс халықтары Жер бетінен мүлдем құрып кетті, басқалары өздерінің ата мекендерінен игерілмеген әрі жайсыз жерлерге ығыстырылды. Кейбір үндіс халықтары өздерінің бұрынғы мекендерінде тұрып жатыр. Бірақ барлық жағдайда үндістер, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің еі кедей, правосыз және қаналушы бөлігін құрайды. Қазіргі кезге дейін оқшау тұратын, европалықтар басып кірген кездегі даму дәрежесі мен тұрмыс тәртібін сақтаған және басқа халықтармен онша араласпайтын тайпалар бар.
Төменде үндіс халықтарының кейбір саны ең көп және ең жақсы зерттелген материк халқының қазіргі кезже айтарлықтай бөлігін құрайтын немесе бұрын құраған топтары ғана аталып өтіледі.
Бразилияның ішкі аудандарында қазіргі кезге дейін тіл семьясы тайпаларының қалдықтары тіршілік етеді. Европалықтар материкке келген кезде, олар Бразилияның шығыс және оңтүстік бөліктерін қоныстанған, бірақ отарлаушылар оларды елдің ішкі және батпақты аудандарына ығыстырған. Бұл Оңтүстік Американың қазіргі кезге дейін алғашқы қауымлық құрылысын сақтаған және қаңғырып жүріп тіршілік ететін халықтарының бірі.
Европалықтардың келуі қарсаңында Оңтүстік Американың қиыр оңтүстігінің тұрғындары - Оттыжерліктер дамудың өте төмен сатысында тұрды. Олар киім тіге білмейтін және суықтан аң терісін жамылып қорғанатын, сүйек пен тастан қару жасайтын, гуанако және теңізде балық аулау арқылы күн көретін, теңізге ағаш қабығынан жасаған қайықтармен шығатын. Оттыжерліктер XIX ғасырда аяусыз қырылып жойылды, ал қазір олар өте аз.
Материктің орталық және солтүстік бөліктерінің Ориноко мен Амазонка өзендерінің бассейнін қоныстанған тайпалар дамудың анағұрлым жоғары сатысында тұрды (тупи гуарани, аравак, кариб тіл семьяларының халықтары). Олар қазірде де қарапайым егіншілікпен айналысып, маниок, жүгері, мақта өсіреді. Олар садақпен және сол бойда әсер ететін өсімдік уы - курарені пайдаланып, жебе ататын түтіктермен аң аулайды. Бұл халықтар қазіргі кезге дейін рулық құрылысын сақтаған.
Аргентина Пампасы мен Патагонияда өмір сүрген тайпалар европалықтардың келуіне дейін жаяу аңшылар болатын.