«ҚАЗАҚ» ТЕРМИНІ ТУРАЛЫ
Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уакытбойы «казақ» терминінің шығу-ын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылғ-ан көзқарастар ауқымы өте кең,мейлінше иланымды ғылыми болжамдар-дан қиыннан қиыстырылыпшығарылған этимологияларға дейін бар. Алай-да, казақ сөзінтүсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алган жоқ.,
Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазак терминіне әйтеуір бір қатысы бар жарияланымдар пайда бол-ды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кез-дерде айтылған кезқарастарғанегізделген.
Қазак атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір белігі тайпа атауына терминологиялықсәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұләдістемеліктәсіл, зерттеушілік практи-каның көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын түжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағы-нан едәуір алыс жерлердентапқаны аз кездеспейді. Бүл орайда олардың этни-калық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипатгағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді.
Тарихнамада кабыдданған ұқсастыру женінде мынадай негізгіболжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А. Вамберидің ізімен зертгеушілер көбінесеВизан-тия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдың орта шені) Кав-каздын, солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» депайткан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде казақ этнонимі көрініс тапқан депсанайды. Сөйтіп осы негізде казакхалкы X ғасырдан бастап белгілі болган деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп окудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, кдйта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдын ха-барын түсіндіре келіп, В. Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен . Казахия және қазақ халқы атауын ұқсас-тыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынган материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті. Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасывда Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларынын, атаулары арасында ка-Шак этникалық қауымы — әл-касакия74 атап өтіледі. Көрнекті неміс шығы-станушысы И. Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың ата-уын беретіндігін көрсетгі75. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (X ғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да кара-стырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет» шығармасында Ку-бань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстис-лавтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы акдарат бар . Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы - IX ғасырдың басында монах Епифанийдіңшығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген түжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белплі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнониміменкөптен бері жакындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзкдрас қанша-лықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия?) атауымен байланысы туралы пікір -мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасында ешқандай та-рихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын бол-жамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олар-дың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашы-лығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға бай-ланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі бай-қалған жоқ. Касогтардын, көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді. Сондықтан касогтардың қазақтар-мен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. \ ^ Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген (3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсысоғыс жүргізген араб қолбас-шысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында (IX ғас>Ірдың аяғы - X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында бы-лай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак (қазақ емес. — Ред.) деп атала-тын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді»78. Контекстен әл- Куфидің туындысында казақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқ-ан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, со-
нымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруа-шылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды.
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қоссөзді ұғым арбаны білдірген79. Иранист А. А. Семенов қодцаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ80. Оның иланымды болмайтын себебі - синхрондық тұрғьщан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде керініс таппаған81.
/I Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым)82 деген тіркесті оқыған, Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, соныменқатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жакындығы негізіндеВ. П. Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зертгеушініңпікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданы-луы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этника-лық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған83 Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының заңдылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады.
Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдарынегізіңде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнешесалыстырулар жасалды. Олар-дың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт84 айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақ-тармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы кезқарасты үста-нғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқтайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің«Джавами өл-хи-каят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бой-ынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы тура-лы қарастырылып отырған мәліметтер IX—X ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материаддарға В. Минорскийдің текстоло-гиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық қүрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бүл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді85.
үАраб саяхатшысы Әбу Дулафтың шығармасында «қазлақ» түрінде «қазақ» этнонимі айтылады деген пікірді көрінеу негізсіз деп санау керек. Әбу Дулаф X ғасырдың орта шенінде Қазақстан аумағы арқылы батысынан шығысына қарай Қытайға жол жүріп өткен. Түркі тайпаларына арналған «Рисалада» баяндалған саяхат туралыестеліктерін орыс тіліне Н. Н. Пантусов аударды. Аударма мәтінінде «хазлақ»86 деген этникалық атау айтылған, ол исламдық «қазлақ» үшін прототипке айналып, сонан соң бейнебір «қазақ» түрін алған. Сонымен бірге Н. Н. Пантусовтың «харлұк» деудің орнына «хазлақ» сөзін дұрыс оқымағанын керсете кету қажет, қарл үқ атауының жазылуы орта ғасыр-лардағы араб әдебиетінде солай берілген. Сол арқылықарлұқтар мен қазақ-тар арасына тендік белгісі қойылған, бұл біліктілік емес^;
Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасывда» қазақ халқы және қазақ хан-
дары туралы айтылғаны женінде А. Левшиннің пайымдауынегізінде кейбір ғалымдар қазақ халідының құрылуын X ғасырға жаткязады87. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи да-станында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А. Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақ-тар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тіддерін білмеген.
Сонымен, ұсынылатын болжамдардың кеп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырыл-ды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі — этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен оры-старды және т. б. салыстырыңыз). Зерттеу жұмыстарында этноним мен эт-ностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлтгың) өр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этни-калық дамудың әр түрлі бес жағдайында — Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ-стан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды. XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқы-ның белгіленіп қалған қүрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін кыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқ-ан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті. Бұл кезенде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сейтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз кджет етеді.
«Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп сан Зуға барлық негіздер бар. Бірқатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен бай-ланысты болған. Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуын А. Н. Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған88. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сезіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі89. Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руы-нан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік қүралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапкдн индивидтерді, адамдарды білдірген деп са-науға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыс-тырылды. «Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша
ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер бар}
Қазаққа айналу институт ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб Шығысының (сұлулық), Шығыс Европа-ның (норвег викингілері), Русь (бродниктер) және т. б. коғамдарында да орын алды. Және де әрбір жағдайда осы әлеуметтік құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминологиялық өзіндік ерекшелігі байқалып отырды.
Қазаққа айналу институтының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақытын сипаттау үшін X ғасырдағы араб географы Ибн әл-Факихтің шығармасында мейлінше қызықты мәліметтер бар, бұл шығармасында ол оғыз ханзадасы Балкдқ ибн Жабғудың мынадай мазмұндағы әңгімесін келтіреді: «Менің ата-ларымның бірі, дейді Балқиқ, сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген»90. Бәрінен де IX ғасырға жататын қазаққа айналудың осы, тегінде, классикалық суреттеуінде Ибн әл-Факих «қазақ» терминінің синонимі ретінде арабтың «су'луқ» сөзін алса керек. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба ал-маған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге атта-нған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылықта-рына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы қазаққа айналу институ-тының мазмұны жағынан сәйкес кслуі айқын аңғарылады. Балқиқибн Жабғу ханзаданыц суреттелген әңгімесі, сірә, Сырдариядағы оғыз билеушілері жабғулардың тарихи арқауы, орта есеппен алғандағы көрсеткіштер брйынша, IX ғасыр деп белгіленетін оқиғаларымен байланы-сты болса керек. Өкінішке қарай, Ибн әл-Факих арабтың «су'луқ» терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Айта кетейік, оғыздарда мұндай үғым сол кездің өзінде-аққыпшақтар ортасы қабылдап алған «қазақ» термині болуы мүмкін. Мұндай сілтеме оғыздар мен қыпшақтардың сан ғасырларға созылған аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстарының сайып келгенде генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шаруашылық-мәдени жақындығын қалыптастырған объективті мән-жайларынан ғана туындамай-ды, сонымен қатар ол жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да негізделген. Мәселен, XIII ғасырда хорасан түрікмендері арасында ант-ропоним құрамында «қазақ» термині ұшырасады. «Данишкеде-и Маққул у Манқул» кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп айқын қолтаңбамен жазылған: «Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған', хижраның 660 жылы»91 (яғни біздің заманымыздағы 1262 ж.). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, сірә, этникалықтегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосар-ластырыла ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминініңтүрікмен этнонимімен ұштастырылуы бүл үғымның әдетгегідей әлеуметгік сипаты болмай, қайта этникалық сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қарастырылып отырған есімнің өзінде, 3. В. Тоганның пікірінше, хора-сан түрікмендері коғамындағы қыпшақ қазақтарыньщ өкілі айтылып отыр. Одан кейінгі уакытта Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазба-сына жататын «Вақф-наме» деген жазбаша құжатында сөзсіз этникалық си-паты бар «қазахлу», «қазахлар» атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта
қазақтар айтарлықгай топ болған. Ол кезде «қазақ» түрі қыпшақтардың тіл нормаларына сәйкес келсе, түрікмен-оғыз ортасына «қазақ» деп жазылған терминнің занды болғаны атап өтерлік.
Баяндалған материал IX—X ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшаққыпшак-тарының қоғамында «казақ» атауымен әлеуметтік, ал XI—XII ғасырларда эт-никалық-әлеуметтік топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұдан монғолдардан бүрынғы уақытта казақ этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағывда қазақ халқының құрылуы туралы түжырым жасамаған жөн. Онын бер жағында баскдсы да айқын XI— XII ғасырларда қыпшактайпаларының топтасуы казақ қауымдастығы калып-та'суының маңызды кезеңі болды. XI—XII ғасырларда Қыпшақ хандығында этникалық процестердің даму барысында казак халқының этникалық ұйытқысы калыптасады.
Монғолдардың жаулап алуы кыпшак тайпаларының едәуір топтарьш Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Кьіпшақгардың орынауыстыруы казақ терминінің оріін алуына және оның әмбебап мәнгеие болуына себепші болды.(«Қазақ» сёзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін колданылды. Ол кезде этщкалық және мемлекеттік кедергілерге қарамай қазаққа айналып, қазак бола берді. Мүсылман деректемелерінде түрік халықгарьшда қазақка айналу — қазақлық институтынын, кең таралғаны атап өтілген XIV ғасыр-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысывда кыпшақ тайпасы ұйы-тқы болған жергілікті этникалық негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Ақ Орда этникалық құрамы жағынан қазақ халқы болса да, оның атауы деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. Дәлірек айтқанда, XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы кұрылғаннан соң, халықтың эт-ногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «казақ» атауы этникалық маңызғаие болды.