Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм

Рефераттар
87

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

1  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік қарым-қатынас
2  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМІНДЕ ИТАЛИЯНЫҢ ҮЛЕСІ
2.1 Қазақстандағы Италия компаниялары және олардың ұйымдастыратын көрмелері, жәрмеңкелері
2.2  Қазақстандағы туристік кәсіпорындардағы бизнес турлары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

КІРІСПЕ


Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдық және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердің,аймақтық, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралық реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі кезде туризмге үлкен мән беріліп отыр,  соның ішінде ең табысты туризм түрі- іскерлік туризмді дамыту. Себебі, Қазақстан көптеген мемлекеттермен экономикалық  тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан, жыл сайын  елімізге  іскерлік  мақсаттағы сапармен келушілердің саны  көбеюде. Соның ішінде италия туристері  мен қазақстанның италияндық компаниялары елеулі орын алды. 

Зерттеу жұмыстың мақсаты.  Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу. Қазақстанда іскерлік туризімнің орнын анықтау. Қазақстан мен Италия арасындағы  экономикалық қарым-қатынаспен  дамып жатқан бизнестен іскерлік туризм сапасы арқылы  табыс түсіру жолдарын қарастыру. Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық  талдау  әдістері  қолданылады. 

Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған. мәселелер, Қазақстан Республикасындағы туристік мәселер мен ақпараттарды қарастыру. Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық, іскерлік қарым-қатынастарынан туындаған бизнес туризімнің  даму қарқынын қарастыру.
Зерттеу пәні- Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм.

Зерттеу объектісі- Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризімнің  маңызы.

Ғылыми  жұмыстың теориялық және методологиялық негізі осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары және интернет жүйесі болып табылады. 

Аталған тақырыпта жүргізілген зерттеу жұмысының жаңалығы. Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм ерекшіліктеріне зерттеу жүргізу.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы.   Глабалды  экономика мен іскерлік  туризімнің  қысқа мерзімде әлемдік  деңгейде табыс түсімі  бойынша  жетекші салалардың  біріне айналуы ХХ ғасырдың экономикалық  феномені болып  табылады.  Қазақстанда  іскерлік  туризм потенциалын өте жоғары деңгейде қойып оны дамыту керек. 

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Жүктеп алу
18 рет жүктелген
304.00 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА САЯХАТ
Рефераттар
География оқулықтары
Рефераттар
Бразилия. Аргентина
Рефераттар
Болгария мемлекеті
Рефераттар
БҚО табиғат ресурстары