Қазақстан Республикасында туризм дамуы

Рефераттар
45

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Бөлім  Туризм дамуының теориялық аспектілері.
1.1 Туризм ұғымы және мәні.
1.2 Туризм дамуына әсер етуші факторлар.
1.3 Әлеуметтік және экономикалық факторлар.

ҚОРЫТЫНДЫ 
ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

 


Кіріспе
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризм әлемдік  экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың  (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың ) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда  туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.

Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай,  мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) 1999 жылдың қортындысын шығарды, сонда шет елге сапар шегетін туристер саны 657 млн. адам. Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.

Жүктеп алу
17 рет жүктелген
138.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА САЯХАТ
Рефераттар
География оқулықтары
Рефераттар
Бразилия. Аргентина
Рефераттар
Болгария мемлекеті
Рефераттар
БҚО табиғат ресурстары