Қонақ үй туралы жалпы түсінік

Рефераттар
924

Жоспар
Кіріспе 
I – тарау.Қонақ  үй  туралы  жалпы  түсінік
1.1 Қонақ  үйдің  шығу  тарихы 
1.2 Қонақ  үйдің  мәні  мен  мазмұны 
II – тарау. Қонақ  үйлерді  классификациялау, оның  түрлері 
2.1 Классификация  туралы  жалпы  түсінік 
2.2 Қонақ  үйлердің  түрлері 
2.3 Жұлдыздық  жүйе 
2.4 Елдер  бойынша  қонақ  үй  классификациясының  жүйесі 
Қорытынды 
Пайдаланылған  әдебиеттер

Кіріспе   

Туризм  жоғары  табысты  және  қарқынды  түрде  дамып  келе  жатқан  сала  болып  табылады.Әлемдік  туристік  ұйымның  мәліметтері  бойынша  дүниежүзілік  өндірістік – сервистік  нарық  айналымының – 10 %, әлемдік  жиынтық  ұлттық  табыстың – 6 %, дүниежүзілік  инвистицияның - 7 %, әрбір  9 - шы  жұмыс  орнын, дүниежүзі  бойынша  тұтынушылар  шығын –
дарының – 11 %  және  барлық  салық  түсімдерінің – 5 %  туризм  саласы  қамтиды.Бұл  мәліметтер  туризм  индустриясының  жоғарғы  экономикалық  тиімділігірің  айғағы  болып  табылады  және  таза  экономикалық  тиімді –
лікке  енетін  туризмді  дамыту  арқылы  қол  жеткізуге  болады.Сондық  –
танда  туризмді   дамытуға  қонақ  үй  салалы  үлес  қосады.Себебі, қонақ  
үй  туристер  үшін  сапалы  қызмет  көрсетеді, оларға  барлық  жағдайды
жасайды.
ДТҰ, туризм  жөніндегі  мамандандырылған  халықаралық  ұйымдардың 
 зерттеулерінің  талдауына,  сондай – ақ  мемлекттердің  туризмді  дамыту  саясатына  сәйкес,  туризм  мемлекетінің  әлеуметтік,  мәдени  және  эконо –
микалық  өміріне  тікелей  ықпал  ететін  қызмет  ретінде  түсіндіріледі.
Қонақ  үй  қызметінің саласы – бұл  адамдар  арасындағы  қарым – қатынас, нақты  алушы  мен  сатушы  арасындағы  байланыс.Яғни, қызмет  көрсетушілердің  күш  жігері  демалушыларға  арналып,  қонақтардың  ойын  жаулап  алу  мақсатында  ауқымды  дәрежеде  қызмет  көрсету.Туризм  саласындағы  қызметкерлердің  нақты  жұмыс  барысы, жұмыс  уақыты, демалыс  уақыты  тура  белгіленсе, онда  бұл  салада  үлкен  жетістіктер,атақ  абыройға  ие  бола  алады.
Аз  ғана  уақытқа  болса  да  туристер  үшін  қонақ  үй – ақылы  уақытша
өз  үйі.Ал  үй  ішінде  адам  өзін  жақты  сезіну,  көтеріңкі  көңілде болу, оны  әрқашан   көтеріңкі  көңілмен  күтіп  алатындығына, оның  барлық  сұраныс  түрлерін  қанағаттандыратындығына  сенімді  болу  шарт.Осындай  жолмен  ғана  қонақ  үйлерді  туристердің  екінші  үйі  ретінде, осы  үйге  қайта – қайта  келу  тілегін   қалыптастыру  керек.
Жалпы  қонақ  үй  шаруашылығы  бизнесін  туристік  бизнестен  қарас –
тыру  мүмкін  емес. Өйткені,  қонақ  үй  шаруашылығы  халықты  жұмыспен  қамтамасыз  етеді  және  пайда  табу  көзі  болып  табылады.
Қонақ  үй  шаруашылығы  - әр  бір  мемлекеттің  әлеуметтік,  мәдени  және  экономикалық  өміріне  тікелей  ықпал  ететін  қызмет  түрі.

Жүктеп алу
653 рет жүктелген
157.00 кб файл салмағы