Қоздырғыштар, микробтар

Рефераттар
901

ЖОСПАР

1. Қоздырғыштар, микробтар
2. Анаэробты қоздырғыштар (инфекциялар).

1. Қоздырғыштар, микробтар

Микроб, микроорганизмдер – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ тіріорганизмдер. Бұларды алғаш рет 17-ғасырда голланд ғалымы Антони Ван Левенгукашқан. Кейде микробтарға вирустарды да жатқызады. Мөлшері жағынан микроб тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Микробты зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микробтардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде болмайды. Физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан микробтар әр түрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, 70 – 105°С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын микробтар бар. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микробтарды – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микробтар өте күрделі органикалық қосылыстарды (белоктар, көмірсулары, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектері) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Табиғатта микробтар – топырақта, суда, ауада кең таралған,  биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микробтардың практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әр түрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезіндегі антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), ауыл шаруашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ микробтар лас суларды тазартуда, жанатын газ – метанды түзуде пайдаланылады. Микробтардың кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микробтар биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды. Микробтық сан - судың және т.б. объектілердің микробиологиялық ластануындағы сандық көрсеткіші 1 мл судағы, 1 г қатты заттектегі немесе зерттелуші субстраттың 1 см2 бетіндегі бактериялардың жалпы санымен анықталады.

2. Анаэробты қоздырғыштар (инфекциялар).

1.Бұл өте қауіпті асқынулардың бірі, көбінесе қол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында сонымен қатар алғашқы жараны сапасыз емдеуді жүргізген жағдайда пайда болады. Алғашқы көрінісі жарақаттанғаннан кейін бірнеше сағаттан, бірнеше күннің арасында болуы мүмкін. Аяқ-қол (көбінесе аяқ) ісінеді, тіндер өлуі өршиді, жалпы жағдайы нашарлайды: токсинмен ағзаның улану белгілері пайда болады. Дер кезінде көмек көрсетпесе (көбінесе зақымданған аяқтың бөлігн амплутациялау) өлім қауіпі туады. Процес басталуынан және ағзаның өлуіне дейін өте тез (сағаттар), жедел (тәуліктер) және баяу ағымда (бірнеше күннен аптаға дейін) дамиды.
Гангренаны бактерияның клостридий түрі шақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал споралары қайнатқанда да өлмейді.Жарада оттегі түспегенде дамиды.Анаэробты қоздырғыштарға (инфекцияларға) сіреспе, газды гангрена және ботулизм жатады.олар жаралар инфекцияланғанда және организмнін басқа да зақымдалуларында жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы бөлімде жан-жақты айтылады.
2. Сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) – сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен бұлшық еттердің сіресуімен асфекция дамуы мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы ауыр клиникалықағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, кең таралғандығына, инфекцияның сапрозоонозды (инфекция көзінің көптүрлілігі) сипатына байланысты.
Этиологиясы. Сіреспе қоздырғышы- Clostridium tetani Bacillaceae туысына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Аэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойы сақталады. Анэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті цормаға айналады. Вегетативті формадағы қоздырғыштар грам оң боялады, қоғалады (талшықтары арқылы). О- және Н – антигендік топтармен сипатталады, Н- антигеніне байланысты 10 серологиялық варианттарға бөлінеді.
Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, кілегей қабаты арқылы сіңіріле алмайды.Сіреспе эндотоксині 3 бөліктен құралған:тетаноспазмин, тетаногемализин және ұсақ молекулалық бөлік.Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өледі.
Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3-6 сағатта жойылаы.Инфекция көзі. Шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер,құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан-ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетативті формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді . осы құбылысқа қарай сіреспені сапроантрозоонозды инфекцияларға жатқызуға болады. Ауру адам қауіпсіз.
Қоздырғыштың берілу механизмі – жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының клегей қабаты арқылы да өтуі мүмкін. Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медицинада,өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсікпен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң ластанған әр түрлі тұрмыс эаттары, хирургиялық, акушерлік құралдар.Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 6-14 күн.
Эпидемиялық процестің сипаты. Сіреспе кең таралған ауру. әсіресе субтропикалық, тропикалық аймақтар жаппай иммундауға дейін эпидемиялық ошақтар болады. Ауру негізінен жылдың жыллы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Бүкіл ауруға шалдыққандардың 90% дейіні ауыл тұрғындары. Балалар ересектерге қарағанда 2,5 есеге дейін жиі ауырады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді.Сіреспенің патогенезі мен клиникалық көрінісі.Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетативтің формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Потологиялық процесс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды.Процестің өліммен аяқталуы 35-40% дейін жетеді.
Сіреспе клиникасына сыртқы тітіркендірулердің әсерінен әуелі шайнау еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкі (ауызбен күлу) пайда болуымен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуіненомыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық «бағана тәрізді жағдайға» түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған.
Жаңа туған нәрестелер сіреспе болғанда сору етінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшық еттерінің сіресуінен «тарбақ-қа» тәрізді болып жатады. жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді.
Емдеу принциптері. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты, сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Ем экзотоксинді нейтралдаушы сіреспе сарысуымен, иммуноглобулинмен жүргізіледі. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу, сіресуге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалынады.Лабораториялық диагностикасы клиникоэпидемиологиялық маңызды ша-ра болып табылмайды. Күнделікті қолданыс үшін жолға қойылған тәсілдері жоқ. Қоздырғышты бөлу үшін анаэробты жағдай жасалып, қынап, құрсақ, жарақат материалдары себіледі. Қаннан экзотоксин бөлінбейді. Өсіндідегі экзотоксин сіреспе иммуноглобинімен жанама гамагглютинация реакциясын қою арқылы анықталады.Профилактикасы. Арнамалы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау,дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.Сіреспеде антимикробты иммунитет қалыптаспайды.
Сіреспеге қарсы жедел иммундау ҚР ДСМ 15.10.97 ж. №526 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жедел иммундау АС-анатоксинмен сіреспеге қарсы адам иммуноглобулинімен (ПСЧИ) және тазартылған сіреспеге қарсы жылқы сарысуымен жасалынады. Препаратты таңдау, оның дозасы жарақаттанушының иммундық статусына байланысты жүргізіледі (схема бойынша).
3. Газды гангрена (грек.-gangraina, жегі жара син.-анаэробты жарақат инфекциясы)- сапронозды анаэробты, қоздырғыштары жанасу механизмі арқылы берілетін, ауру жалпы интоксикациямен жергілікті ісікпен газ түзілумен, некрозданумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы ауру ағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, қоздырғыштарының табиғатта кең таралғандығына байланысты.
Этиологиясы. Қоздырғыштар Clostridium тустығына жататын спора түзуші бактериялар. Газды гангрена көп жағдайда жарақаттың C. pertringens, C. novgi, C. septicum, одан гөрі сирегірек C. Histolyticum, C. lifermentans, C. ramosum, C. sporogens, C. fallax, C. sordelli түрлерімен ластануына байланысты дамиды. Ең кең таралған С. pertingens ( лат.pertingono, бұзу, жару) А,В,Е,І токсиндерін түзу қабілетіне қарай алты сероварианттарға (А,В,С,D,E,F) бөлінеді. Адамда аура туғызатын негізінен А типі. Ауру газды гангрена (жарақаттанғандарда) немесе тағамдық токсиконфекция түрінде дамиды.Газды гангренаның дамуы токсиндермен байланысты. Споралар қайнатқанда бірнеше минутта жойылады. Вегетативті формалары әдетте қолданылатын дезенфектанттармен жойылады.
Инфекция көзі. Клостридиялардың резервуары шөп қоректі жануарлар, адам. Споралар топрақта және онымен ластанған кез-келген объектілерде сақталады.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 5 күнге дейін созылады.
Қоздырғыштардың берілуі: сіреспе қоздырғышы тәрізді жарақатты газды гангрена қоздырғышы да әр түрлі факторлардың (жарақат, күйік, үсік) әсерінен зақымдалып езілген, жыртылған тері арқылы енеді.жарқат орны ластанумен қатар терең тесіліп, онда қалта тәрізді өзек болуы керек. Қоздырғыштар жарақатқа топырақпен шаңмен түседі. Асептика ережелері сақталмаған жағдайда медициналық мекемелерде де залалдану болу мүмкін. Қоздырғыш жарақатқа абиотикалық ортадан спора түрінде түседі.
Аурудың патогенезі мен клиникалық көрінісі. Жарақатқа түскен клостридиялар газ түзе отырып жарақатталған тінде некроз туғызуыүшін ол жерде қоздырғыштардың көбеюіне жағдай жасалуы керек.
Жергілікті инфекциялық процес әуелі ісіну, сосын тіндердің ферменттермен токсиндердің әсерінен некроздануымен жүреді. Организмнің аса күшті бактерия токсиндерімен некрозданған тінмен улануы қатар жүреді.
Емдеу принциптері: жарақатты сапалы алғашқы хирургиялық өңдеу, поливалентті газды гангренаға қарсы сарысу енгізу, анаэробты флораға әсер етуші антибактериалды препараттар, жергілікті анаэробты инфекцияға қарсы ем жүргізу.
Лабораториялық диагностикасы. Аурудың лабораториялық диагностикасы шешуші роль атқармайды. Себебі жарақаттан алынған материалдан клостридияларды ңбөлінуі, инфекцияның анаэробты екенінің, олардың табиғатта кең таралуына байланысты дәлелі бола алмайды. Бактериологиялық зеріттеу үшін жарақат тіні, ісік сұйықтығы, топырақ, дәке т.б. алынады. Микробиология-лық зеріттеу клостридияларды бөлумен идентификациялауға бағытталған.
Профилактикасы. Ең алғашқы, нәтижелі профилактикалық шара жарақатты хирургиялық өңдеу. Газды гангрена дамуы мүмкіндігіне күдік туған жағдайда поливалентті антитоксикалық сарысу енгізу. Сонымен қатар арнамалы бактериофаг, антибиотиктер, антитоксикалық иммунитет үшін анатоксин қолданылуы мүмкін.анатоксин сіреспе анатоксині сияқты нәтиже бермейді, сондықтан жие қолданылмайды.
4. Ботулизм (барлық Европа халықтарының тілінде ботулизм) - тағамдық токсиконфекция тобына жататын, нәжісауыз механизмімен берілетін, ботулоток-синнің синапстардан қозудың өтуін тежеуіне байланысты көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшықеттердің парез, параличімен сипатталатын ауру.
Аурудың маңызы ақырының науқастың өмірі үшін аса қолайсыздығына (өліммен аяқталу 20%-дан 70%-ңа дейін жетеді) қоздырғыштың табиғатта кең таралуына, спора түзуіне орай, абиотикалық ортада ұзақ сақталуына, тұрмыстық жағдайындағы тағамды консервілеудің, ыстаудың, тұздаудың кең қолданылуына орай эпидемиологиялық бақылаудың қиындықтарына байланысты.
Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы клостридиялар тұқымдасына жататын СІ. Botulinum (лат. botulus –шұжық, botulism- шұжық уымен улану). Қоздырғышты 1896 жылы Голландияда Э. Ван Эрменгем ашқан.
CI. botulinum ірі (4,4-8,6 х 0,3 мкм),ұштары доғал келген, әлсіз қозғалатын, грам оң боялатын, тек анаэробты жағдайда ғана өсетін таяқшалар. Спора түзеді. Түр 7 серологиялық варианттарға бөлінеді: A,B,C1,C2,D,E,F,G.
Барлық сероварлар анаэробты жағдайда, негізінен абиотикалқ ортада, 35-40°С температурада экзотоксин түзеді. Экзотоксин – нейротоксин мен гемагглю-тининнен тұратын улы, кешенді қосылыс. Токсин қайнатқан кезде (100°С) 20 минутта ыдырап, нейтралданады.
Ботулотоксин ең күшті биологиялық у, оның кристалданған түрінің 1 граммы милиондаған адамды өлтіруге жеткілікті(биологиялық қару түрінде). Токсин тек асқазан - ішек жолдары арқылы түскенде ғана улы әсер етеді.
Қоздырғыштың көзі және табиғаттағы резервуары сиыр, шошқа, жылқы, тауық, қоян, егеуқұйрық сияқты үй және жабайы жануарлар, балық, су құстары. Ауру адам эпидемиологиялық қауіпсіз. Жануарлардың тасмалдаушылығы кейде өмір бойына созылуы мүмкін.
Инкубациялық кезең орташа 4-6 сағат. Бұл кезең 2 сағаттан 10 күнге дейін созылуы мүмкін. Кезеңнің ұзақтығы залалдау дозасына байланысты. Алғашқы 24-36 сағаттың ішінде қандағы консентрациясы ең жоғарғы деңгейіне жетеді.
Берілу механизмі - нәжіс-ауыз. Берілу жолы - алиментарлы (тағам жолы). Берілу факторлары ботулизм қоздырғышымен контаминацияланған көкөніс, саң-ырауқұлақ, ет, балық консервілері, шұжық.топырақта немесе жануарлар нәжісі-мен ластанған кез-келген тағам түрінде CI. botulinum споралары болуы мүмкін. Бірақ тек анаэробты жағдайда сақталып, сақталу температурасы 35°С деңгейінде болса ғана экзотоксин түзіліп, ауру дамиды.
Тағамдық уланудан өзге ботулизм қоздырғышы түскен анаэробиоз жағдайы жасалған жарақатта да ботулизм дамуы мүмкін.
Эпидемиялық процестің көрінісі. Ботулизм спородиялы немесе топталып ауруға шалдығу түріне көрінеді. Үй тағамдық консервілеу дәстүрге айналған елдерде кездеседі.
Ботулотоксинге адамдардың сезімталдығы жоғары. Қазақ халқы ет тағамдар-ын тұздап, кептіріп, ыстап сақтайды, сондықтан анаэробиоз жағдайы көп туында-майды. Қазақстандағы қала тұрғындары арасында көкөніс, саңырауқұлақ консер-вілерін үйден дайындау (әсіресе орыс, кәріс т.б. ұлт өкілдері арасында) тарал-ған.Осыған байланысты ауруға шалдығу споройдиялық түрде тіркеліп отырады.
Аурудың потогенезі мен негізгі клиникалық белгілері. Ботулизм токсикоинфекция тәрізді өтеді. Ботулотоксин асқазан –ішек жолдарынан қанға тез сіңіріледі. Инфекциялық процеске тән процестер болмайды. Ботулотоксин орталық жүйке жүйесіне әсер етіп нейроциттердегі синапстарда импульс тасмалдаушы ацетилохиннің бөлінуін тоқтатады. Сөйтіп, көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық еттерде қозу мен жиырылу тоқтайды, яғни парез, паралич дамиды. Ауру мионеврологиялық симптомдармен көрініс береді, әр түрлі ағым варианттарымен басталады (гастроэнтериттік, «көз» варианты, жедел тыныс жетіспеушілік), қай вариант болса да қалыпты температурада, ақыл-естің бұзылуынсыз өтеді. Аурудың ауыр ағымында сырқат 3-4 сағатта тыныс, жүрек параличінен өледі.
Өліммен аяқталу 85% дейін жетеді. Дер кезінде көп валентті антитоксиндік сарысу енгізу өлімді 15-20% дейін төмендетеді.
Емдеу принциптері. Уланудың алғашқы уақытында асқазанды шаю, іш өткізу, абсорбенттер ішкізу. Ең басты ем ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды Безредко тәсілімен бұлшықетке немесе көк тамырға енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі анықталғанша ғана қолданылады. Анықталғаннан кейі сәйкес сары су енгізіледі. Негізгі емге қосымша дезинтоксикациялық, антибактериалды, патогенетикалық, симптоматикалық емдер қолданылады.
Лабораториялық диагностикасы. Лабораториялық зеріттеу ботулотоксинді, оның типін анықтау және CI. botulinumді табу мақсатында жүргізіледі. Бактериологиялық зеріттеу үшін күдікті тағам, аурудан нәжіс, құсық, шайынды алынады. Ботулотоксин, оның типі биологиялық сынама жасау арқылы анықталады. Сынама ақ тышқандарға жүргізіледі. Олардың әр қайсысына сынама алдында антитоксикалық сарысудың әр түрлері енгізіледі. Содан кейін аурудың зәрін немесе қанын тышқандарға жібереді. Антитоксикалық сары су типі сәйкес келген тышқан тірі қалады.
Профилактикасы. Ботулизмнің алдын алу шаралары тағамды өңдеу, тасмалдау, сақтау барысында санитарлық, гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға байланысты. Ерекше технологиялық, сонитарлық назарда консервілеу, кәсіпорын-дарында тағамды стерильдеу, бактериологиялық бақлау, техникалық жабдықтардың дұрыс жұрыс жұмыс істеуі т.б. ұсталады. Дайын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу жүйесі- тасмалдау, сақтау ережелерін қатаң сақтауы қажет. Балық өнімдерін өндіру, кәсіпорындары балықты өңдеу тәртібін, тұздауды сақтау керек.
Паразитарлық аурулар адамдар арасында ең кең таралған патология болып саналады. Қазіргі кезде Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымы берген мәліметтері бойынша планетамыздың тұрғындарының жартысынан көбі (4,5 млрд жуық адам) паразитарлық аурулармен  ауыратын көрінеді.
Паразитарлық аурулардың адамдар арасында көп таралуы, олардың қоздырғыштарының теріс әсерінің адам организміне әртүрлі деңгейде әсер етуі және клиникалық тұрғыдан полиморфты болып келіп, олардың диагнозын нақтылаудың қиынға соғатынынан және стерильді иммунитеттің, аурудың алдын алуға бағытталған арнайы әдістің жоқтығынан маңызды мәселе ретінде қаралады.
Паразитарлық аурулар көбінесе трофикалық және субтрофикалық белдеуде орналасқан Азия, Африка және Латын Америкасы тұрғындарының  арасында жиі кездеседі. Паразитарлық аурулар мәселесі Қазақстанда да маңызды мәселе болып отыр. Жыл сайын 80 мыңға жуық паразитоздар тіркеледі, бұл әрине, паразитарлық аурумен ауыратындардың нағыз санын бермейді. Ауырғандардың арасында 93% тек гельминттерді жұқтырудан туатын аурулар. Олардың ішінде республикада тұрақты түрде кездесетіндерге  энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, трихоцефалез, эхинококкоз, описторхоз, тениидоздар, трихинеллез және басқалар жатады. Соңғы жылдары бұлардан басқа, бұрын сирек кездесетін жұқпалар, мысалға дирофиляридоз, стронгилоидоз тіркеліп жүр. Гельминтоздар    көбінесе айқын белгілерсіз өтетіндіктен, тек клиникалық белгілеріне қарап диагноз қою мүмкін емес. Сондықтан диагноз қоюда басты мәселе зертханалық тексерістің сапасына байланысты, ол әдістемелік нұсқаудың талаптарын толық орындап, тексеріс материалдарын дұрыс таңдап алып, гельминттердің өсіп-өну циклын толық, адам организмінен шығарылу жолдарын және олардың жұмыртқаларының морфологиялық құрлымын білуді керек етеді.
Қазақстан Республикасы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жөніндегі» кодекс бойынша айналадағы орта мен халықтың денсаулығын сақтау жөніндегі өзге де заң құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қатынастарды реттеудің құқықтық негізі болып табылады. Ұйымдық экономикалық, құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралар кешенін жүргізілуімен қамтамасыз етілетін  азаматтардың денсаулығын, тіршілік ортасының қолайлылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қорғауды жүзеге асыру қажет. Жұқпалы аурулармен ауырғандар, жұқпалы аурулармен ауырады деп күдік туғызатындар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және ауруханада емделуге жатады , жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған адам медициналық қадағалауға алынады, қажет болған жағдайда оқшауландырылады және емделеді. Халықтың денсаулығын қорғау жұқпалы және паразиттік ауруларды болдырмау кәсіптәк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындардың, мекемелердің , ұйымдардың қызметкерлері мен азаматтары алдын ала және мерзімдік бақылаулардан ,арнайы медициналық тексерулерден өтеді. Қазіргі кезде Алматы қаласы Әуезов ауданында жұқпалы паразитті аурулар ішінде кең тараған түрі – энтеребиоз ауруы. Паразиттік аурулар паразиттердің сан алуан түрлерінен туындайтын аурулар. Паразитті тасымалдаушы – аурудың клиникалық белгілерісіз паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар.
Гельминтоздар - әр түрлі гельминттер түрлерінен туындайтын инвазиялық аурулар. Паразиттік аурулармен ауырғандарды және олардың қоздырғыштарын тасымалдаушыларды анықтауды, медициналық көмекке жүгінгенде, алдын ала және мерзімдік медициналық қараулар кезінде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асырады. Барлық паразиттік аурулар мен паразитті тасымалдау жағдайы олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелуге, мемлекеттік есепке алуға жатады және Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары мен ұйымдары олардың есебін жүргізеді. Энтеребиоз ауруы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондықтан мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы балалар ұжымдарында балаларды контагиозды гельминтоздар мен ішек протооздарына алдын ала тексеру жылына бір рет жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Медициналық ұйымдар тиісті аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарының басқармаларына анықталған науқастар мен паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылардың нәтижелері жөнінде ақпарат береді. Мысалы Әуезов ауданы бойынша 2010 жылдың 10 айында – 267 жағдаймен паразитті энтеребиоз ауруы тіркелген,  оның ішінде 1 ересек адам, қалған науқастардың барлығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Энтеребиоз ауруы тіркелгені жөнінде ақпарат түскеннен соң біздің бөлімше тарапынан тиісті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі. Тиісті аймақтың дәрігерлік қызметкерлеріне ауруды бақылауға алуға, диспансеризация жүргізуге, емдеуге санитарлық-ұйғарымдар беріледі. Энтеребиозға бір рет тексерілгенде 15 пайызға және одан астам инвазияланғандар анықталған балалар ұйымдарында барлық балалар сауықтырылады. Емдеу кезінде балар мектепке дейінге және жалпы білім беру ұйымдарына барудан, қоғамдық тамақтану, сауықтыру объектілерінде, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарына, жүзу бассейіндерінде жұмыс істейтін адамдарды жұмыстан босатады. Диспансерлік бақылаудың мерзімдері – энтеребиоз кезінде дегельментизациядан 10-14 күннен кейін , 1-3 күн аралығында перианальды қырынды алумен 2 рет зерттеледі. Бүгінгі күні энтнребиоз ауруын болдырмау барысында дәрігерлердің кәсіби білім деңгейін көтеріп отыру балалар мен ересектерге гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды  шарт деп ойлаймын.
Ауески ауруы мал шаруашылығында, терісі бағалы аңдар мен ет қоректілердің барлығына індеттік ахуал туғызады. Бұл көптеген дамыған елдердегі ветеринария ғылымы мен тәжірибесіндегі мәселелерінің бірі болып отырған індет. Індет тараған аймақтарда мал шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді, жануарлардың өнімділігін төмендетеді, төлдердің жаппай қырылуына әкеліп соғады. Әлемдік тіркелім жинақтарында барлық Еуропа елдерінде Оңтүстік және солтүстік Америка, Африка және Азия, ТМД-елдерінде, сондай-ақ Қазақстанда тіркелген. Шошқа шаруашылықтарында Ауески ауруымен күресу және оны болдырмау және алдын алу мемлекеттік тұрғыда қарастырылатын мәселелердің бірі болып саналады. Ауески ауруы қоздырғышын анықтау әр түрлі серологиялық тәсілдер  қолданыста болып, тексерілген (Никитин М.Г., Базылев П.М. 1967, Watson W.A. 1986). 
Ауески ауруымен күрес шараларының басты буыны-инфекция қоздырғышының бастауы болып табылатын ауруға шалдыққан жануарларды түгелдей тез арада анықтап, оларды оқшаулап, жою. Ауески ауруын балау үшін серологиялық зерттеулер жүргізіледі, бұлар – комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), енжар гемагглютинация реакциясы (ЕГАР), жанама гемагглютинация реакциясы (ЖГАР), иммунды диффузия реакциясы (ИДР), полимеразды тізбекті реакциясы (ПТР) және т.б. Балау әдістерінің кемшіліктерінен, ауруға шалдыққан малды аз уақыт ішінде бөліп алу қиындыққа соғады. Осыған байланысты балау әдісі кешенді түрде жүргізіледі. Соның өзінде, жануарлардың ағзасында Ауески ауруы қоздырғышы бар-жоғын анықтауға ғана мүмкіндік береді. Егер Ауески ауруы бар болған жағдайда шаруашылық толық бақылауға алынады. Сондай-ақ әрбір жануарды  ауырғанын анықтайтын сенімді әдіс қажет. Осыған орай вирусологиялық тәсілдерді алмастыратын жаңа диагностикалық әдістер қажет. Осындай әдіс ретінде Ауески ауруы қоздырғышын балау үшін мононклоналды антиденелер негізіндегі иммунды ферменттік талдау тәсілі қолданыла бастады (G. Spira, R. Follock 1985, SooHwan An 1985). 
Ауески ауруының қатерлі вирусын жұқтырғанға дейін ертерек анықтау қажет. Ауески ауруының зертханалық диагностикасы үшін микрофлуресценция талдау (МФТ) қолданады, ол жасуша өсіндісіндегі вирусты анықтайды. Ауески ауруын балау мақсатында диагностикум иммунды ферменттік талдау (ИФТ), реакциясы қолданылған. Жалпы анықтау жұмыстары үшін иммунды ферменттік талдау (ELISA) әдісі ыңғайлы, әрі тиімді болып табылған. Құрамынада вирусы бар өсінді сұйықтықтардың титрін анықтау үшін қолданылған. Анықтау барысында Ауески ауруы вирусын титрлеу қорытындыларын салыстырда иммуноглобулиндік сезімталдылығы жоғары екені анықталып, зертханалық зерттеулерде қолдануға ұсынылды.
 Көптеген аса қауіпті жұқпалы ауруларды, соның ішінде Ауески ауруын анықтауға соңғы кезде ұсынылып жүрген сезімталдылығы жоғары иммунологиялық реакциялардың бірі - иммунды ферменттік талдау (ИФТ) (Afshar A. 1987, Banks M 1989, Моренков О.С. 2001). 
ИФТ әдісі жоғары сезімталдылығы бар, күрделі қондырғыларды қажет етпейтін және олардың кейбір түрлері шаруашылықта да, жайылымдық жағдайда да мал басын жаппай тексеруге мүмкіндік беретін тиімді әдістің бірі. 
Дамыған елдердің медицина және ветеринария салаларында жұқпалы ауруларды балауға, диагностикалық тәсілдерді жетілдіруде әлемдік ғылымда биотехнология жетістіктерінде біртекті немесе моноклоналды антиденелерді синтездейтін гибридомалардың жекеленген клондарын бөліп алуға жол ашылып, олардың негізінде жаңа диагностикалық тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік тууда. Қазірде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен телімді антиденелерді анықтауда кеңінен қолданылады (Бұлашев А.Қ., 1995; Бакирова Г.А., 2001; Сұраншиев Ж.Ә., 2002; Қойбағаров М.А., 2006). Сонымен қатар моноклоналды антиденелер антигендердің құрылымын зерттеу үшін, иммунды профилактикалық препарат дайындау мақсатында және жұқпалы аурулардың терапиясын жетілдіруде, пайдаланылуда шошқалардың Ауески ауруына қарсы жүргізілетін вакцинациялаудың тиіміділігін бағалауда ең бастысы қан сарысуындағы вирусқа қарсы түзілген антиденелердің деңгейін анықтау қажет. Осыған орай моноклоналды антиденелер негізінде қойылатын иммунды ферменттік талдауды және иммунофлуоресценцияның жанама әдістерін қолданған тиімді. 

Жүктеп алу
637 рет жүктелген
48.28 кб файл салмағы