Сөз тіркесінің синтаксисі туралы
900
Жоспар
І Кіріспе
Сөз тіркесінің синтаксисі туралы.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Сөз тіркесінің түрлері
ә) Сөз тіркестерін топтастыру
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Сөз тіркесінің түрлері, топтасытыру
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын — грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек — бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де "табиғи" жұмсалу "айналасы", өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.
Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның, бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бүрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын үқсастықтары болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем әдебиетте — Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді — сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудын, керегі жоқ деуге бола ма? Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардын, арасына "сына қағып" екі айырып тастау керек екенін уағыздады.
Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудыд, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз — сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болаты" белгілі. Қалайда күрделі сөздерді және басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке де сез тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалса, олар — сөз тіркестеріне тән қасиеттерінен айырылып қалады деп те түсінбеу керек.