Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал

Рефераттар
200

Жоспар

І. Кіріспе 
І. Тарау. Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал. 
1.1  Қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағдай.
1.2.  Қазақстандағы діни бірлестіктер.
1.3.  Қазақстан және ислам.
ІІ. Тарау. Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері.
2.1  Қазақстандағы  миссионерлік ұйымдардың қызметі.
2.2.  Адастырушы түрлі діни ағымдар.
2.3. Дін бостандығының Қазақстанның қоғамдық өміріне ықпалы. 
ІІІ.   Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе 
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына  16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.  
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай  республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым    бар. Олардың 75 %  мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы    болса, 222 –сі орыс  православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы  үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын  адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі  діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр. 
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан   тәуелсіздік алғалы бері, мұсылмандармен    индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60  жылдан   бері 10  мыңдаған адам қаза тапты. Таяу  Шығыста  араптар мен еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни  келіспеушілік жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік  жаһандық мәселелердің қатарында. 
КСРО құрамында   болған  Қазақстан халықтарының 70 жыл бойы жалпы болған атеистік ұстаным,діни дәстүрлерге  үлкен соққы берген.  Кеңестік атеистік идеология  ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни құндылықтардың көпшілігінің жоюлуына алып келді.  Нәтижесінде, 1991 жылдан кейін Қазақстанда негізгі 3 әлемдік діннен бөлек, көптеген басқа  діни ағымдар таратыла бастады. Негізгі діндердің өзін  басқаша түсіндіретін діни ағымдар көбейіп кетті. 
Діни дәстүрлердің болмауы көпшілік адамды, әсіресе жастарды діни экстремистік қауымдарға қосылуға жол ашты. Осындай жағдайда, Президент Н.Назарбаев басшылығымен діни  экстремизімге және ұлтааралық және діни қақтығыстардың болмауына барлық күш салынуда.
Діндер бейбітшілік мақсатында сенушілер арасында жақсылықты уағыздау арқылы, түрлі ұлттардың адамдарының  бір-бірінің діни сенімдерін құрметтеуге  уағыздап,  Қазақстанды гүлдендіруге  шешуші көмек беруде. Осы шарттар Қазақстан Республикасының  саясаты негізіне  қойылып, ұлтааралық бейбітшілік және сенімнің тірегі болуда.
2003 жылдың 13 қаңтарында Алматыда  Халықааралық діни конференцияда түрлі діни   конфессиялар арасында бейбіт қатынастар, ынтымақтастық туралы дінаралық диалог болды. 
Соңғы кездері, Қазақстанның діни өмірінде  бірқатар діни экстремистік ұйымдардың қызметтерінің  күшейгені байқалуда. Қазақстандағы бейбітшілік өмірді бұзуға тырысушылар діни қақтығыстарды көбейту арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруда тырысуда. Бірақ, ондаған жылдар бойы бірін-бірі құрметтеген түрлі  діни сенімдерді ұстанатын Қазақстан азаматары бұл араңдаушылықтарға ерімей, Еліміздің қоғамдық тірегі мықты болып отыр. 
Дәстүрлі діни ағымдар  қазіргі таңда деттеген мақсаттарын жүзеге асырып, өз жоспарларын жасап келуде. Кез келген бұрышта әдемі күлкісімен жолыңды тосатын, түрлі-түсті кітапшалары арқылы «қайырымды және мәңгілік өмірге жетелейтін», майда тілімен ділің мен рухыңа қармақ салып жатқанын аңдатпайтын жат пиғыл, сұқ көздердің әрекетіне қоғам көзімізді үйретіп үлгерді. Әбден дандайсыған дәстүрлі емес діни ағым өкілдері «адамзатты белшесінен батқан күнәсінен арылтатын жалғыз бізбіз» деп ашық мәлімдеуге көшті. Оған осыдан 13 жыл бұрын айналымға енген «Діни бірлестіктер мен сенім бостандығы» туралы заң жобасының мән –мазмұнын өз мүмкіншіліктеріне толық пайдаланып отырғандығы белгілі. Статистика деректері «қазақ жерін мекендеп жатқан тұрғылықты халықтың 11 пайызы ата-бабасы тұтынған ана дінінен іргесін аулақ салып үлгерген» дейді. Мамандар «қазіргі қолданыста жүрген дінге қатысты заңнама тетіктері қазіргі ахуалмен сәйкес келе бермейді, олардың шектен шығып дандайсуының себебі сол» дейді. Оған негіз де жоқ емес. 1995 жылы Қазақстанда 8 мұсылмандық, 4 православиялық, 4 католиктік, 26 протестанттық бірлестіктер тіркелді. Ал бахай, кришнайт, мунийст тәрізді дәстүрлі емес діни ағымдардың тіркелгендерінің саны сол жылы 10 болса, 1996-1997 жылдары 40-тан асып кеткен. 
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Үкіметке сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов республика тәуелсіздік алған жылдан бастап Қазақстан көп конфессиялы елге айналғанын, ойдан-қырдан қашқан, тіпті бірқатар мемлекеттер есігінен сығалауға мұрсат бермейтін дәстүрлі емес ағымдардың быжынап ұя салатын жайлы мекеніне айналғанын ашып айтқан.
«Жат ағымдардан келетін қауіп-қатер соғыстан жүз есе қауіпті» дейді Мұхтар Шаханов. Миссионерлердің қажеттілігіне жыл сайын 12 млрд. доллар жұмсалады. Мол қаржының батпандай сұрауы бар. Не керек және нені көздеп жүргенін өздері де жоққа шығармайды. «Жаңа өмір» библия орталығы интернет-сайттарында жазылған мәлімдемелерінде Қазақстанды Орталық Азияда тамыр жаюға ең қолайлы және өздеріне ішкерілеп енуге рұқсат бермейтін Азияның кейбір аймақтары үшін жергілікті өкілдерінен дайындалған миссионерлерді аттандыруға қажет дәліз екенін айтқан. Байқап тұрсыз ба, «жергілікті ұлт өкілдері» деп қазаққа шоқтың қоламтасын маздататын көсеуі ретінде қарайды. Егер осы тақырыпта дау туа қалса, әлем алдында қазақты жаманатты етуге таптырмас дәлел.
Ал АҚШ-тың Лос-Анджелесіндегі евангелистер сектасының құзырындағы «Благодать» ұйымы бағдарламалық мәлімдемелерінде «Құдай сөзі арқылы Қазақстан халқының ақыл-ойын өзгертеміз» дейді. Мақсаттары 2010 жылға дейін бүкіл Қазақстан халқын евангелистік ағымға көшіру екенін жасырмайды да. Дәл осы бағытта жұмыстарын жалғастырып жатқан мектептер мен орталықтар саны 30-дың үстінде. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ел ішін кезіп жүрген ұзынқұлақ әңгімелер «көше-көшелерде кітап тарататын насихатшылардың айлық жалақысы 30 мыңның үстінде» дейді. Егер қатарын көбейтіп, соңына біреулерді ілестіре алса, үстеме сыйақысы тағы бар. 
Дәл осы тәсілмен жұмыстарын жандандырып жатқан «Иегова куәгерлерінің» бір Алматыда ғана 30-дан астам оқу орталықтары толық бабында жұмыс істеп тұр. Салыстырмалы түрде қарасақ, Алматыда 14 шіркеу, 38 мұсылман мешіті бар. Егер жазатайым жолдан тайып, иегова куәгерлері мүшесі бола қалсаңыз, азаматтық, тіпті жанұя, жар алдындағы міндетіңізден бас тартасыз. Туған жер, Ел таңба, Әнұран, Ата Заң, бірге туған бауыр сіз үшін кім, не деген сұраққа жауап беріп тұрған зат есім ғана болып, тек қожайынының шашты басына ғана мансұқ тұтқан Айтматовтың Мәңгүртіне айналасыз. Бұл есігімізге батпандап еніп жатқан, мысқалдап шығу ойында, тіпті жоспарында жоқ рухани отаршылықтың бастапқы кезеңі ғана. Философия және саясаттану институты философия ғылымы және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, профессор Анатолий Косиченко Ұлыбританияда 2002-2003 жылдары-ақ ешқандай дабыра қылмай-ақ, әлемдік қауымдастықтың ықтимал қарсылығына қарамай-ақ, 20-дан астам дәстүрлі емес діни ағымдар, бірлестіктердің жұмысына тыйым салғанын айтады. 
Ал қазақ елінде тәуелсіздікке қол жеткен жылдары бірде-бір діни бірлестіктің лицензиясы қайтарып алынбаған. «Мұнымызға басқа не дейді» деген сол баяғы жалтақтық. Сол жалтақтықтың иегінің астында жат ағымдар, діни идеологиялық, тіпті ұлттық мүдделер мен әдет-ғұрыптар көпір үстінде теке тірес жағдайында тұр. Ол ушығып кетсе, саясат сахнасында әлдебіреулер үшін қолайлы тіркес – ислам фундаментализмінен келер қауіптен әлдеқайда қатерлі.

Жүктеп алу
103 рет жүктелген
244.50 кб файл салмағы
Ұқсас рефераттар
Рефераттар
Нәзір Төреқұлов
Рефераттар
Халық валюта
Рефераттар
Жапырақ
Рефераттар
Франция мемлекеті