ТМД-ғы интеграция
90
ТМД-ғы интеграция
Кеңес Одағының жетпіс жыл бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т.б. болатын. Одан кейінгі уақыттарда біздің ойымызша, Кеңес одағының ыдырауына негіз болған экономикалық себептермен қатар, саяси себептерде бар еді. Оған Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында Кеңес Одағы коммунистік партиясы саяси бюросының ел басшысы етіп Қазақстанда бұрын тұрмаған және халық салт-дәстүрінен хабары жоқ немесе аз Г. В. Колбин мырзаны тағайындауын, Таудағы Карабахтағы ұлт аралық шиеленісін немесе Балтика Республикаларының экономикалық және саяси тәуелсіздікке жету жолындағы қозғалыстарын жатқызуға болады. Екінші жағынан алғанда Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса тоқсаныншы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады.
80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.
Осыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.
1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.
1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды.