Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті

Рефераттар
804
КІРІСПЕ
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. 
Жұмыстың негізгі мақсаттары:
Біріншіден,  қаржылық  есеп-қисаптардың жаппай  қол жетерлігі  үшінші  тұлғалардың (соның  ішінде  несиегерлердің,  жеткізушілердің, жұмыскерлердің  жəне  т.б.)  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  өйткені  бұл кəсіпорындар  мен  үшінші  тұлғалардың  арасында  ақпарат  бөлудегі  теңсіздікті қысқартады.  
Екіншіден,  бұл  қоғамды  ықтимал  негативті  экономикалық  салдардан қорғауға  көмектеседі;  ол  мысалы,  экономикалық  маңызды  компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін  тигізуі  мүмкін  болса,  маңызды  бола  алады.  
Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына он алты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал өткен жылы, яғни 2007-жылыдың 28-ақпанында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  -деп аталатын №234-III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті. 
Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.   
Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор  растаған  қаржылық  есеп-қисаптар  жалпыға  қол  жетерлік  болуға  тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде  оларға  ескерімдерге  жаппай  қол  жетерлікке  талаптың  бірнеше  себепке байланысты  үлкен маңызы  бар.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбекақы құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
 
1. КӘСІПОРДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1 Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі
“ҚазАвтоКөлік”  Акционерлік Қоғамы 1994-жылы 23-қыркүйекте шаруашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген. Акционерлік Қоғамның жарғысы 1994- жылдың 27- мамырында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің №965 қаулысымен бекітілген.  Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.
Акционерлік Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік Қоғамның өзінің жеке (дара) балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша қазақша аталуы жазылған мөрі бар. Акционерлік Қоғамның қызметінің мақсаты – пайда тауып, оны Акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын ұжымының және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітабтық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған қызмет түрімен айналысады.
Акционерлік Қоғамның жарғылық қордының – 100%-ы мемлекет меншігінде. Акционерлік қоғамның барлық қатысушылары акционерлік қоғамнан алған акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес құқтар мен  міндеттерге ие болады.      Нарықты  қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда. 
“ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамының №4 филиалының бухгалтерлік есебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті жасаған типтік, арнайыландырылған типтік және типтік унифициалданған құжаттар қолданылады. Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген. Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.
Акционерлік Қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-бухгалтерлік әдіс қолданады.     Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі [4].
Жүктеп алу
626 рет жүктелген
377.50 кб файл салмағы