Жалпы мәліметтер типі

Рефераттар
895

Жоспары:

І.  Кіріспе 
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Жалпы мәліметтер типі туралы түсінік.
2.2. Қарапайым типтер.
2.3. Реттелген типтер.
2.4. Нақты типтер.
2.5. Күн және уақыт типі
2.6. Құрылымдық  типтер және олардың түрлері.
2.7. String және  ShortString типтері туралы.

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Delphi бағдарламалау тілінің мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ол әртүрлі мәліметтер сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Delphi ортасында әртүрлі мәліметтер типінің түрлерімен жұмыс істеуге болады. Мысалы бір компьютерде мәліметтер қорын құрып және осы мәліметтер қорын желіге арнап баптау жасасақ желілік мәліметтер қорына өзгереді.
Кез келген мәлімет өзінің типімен сипатталады. Мәліметтер типі объект қабылдай алатын мүмкін мәндер жиынтығын анықтайды, модан соң мәліметтер типі дербес компьютердің жадындағы мәліметтердің ішкі берілу форматын да анықтайды. Object Pascal тілі мәліметтердің тармақталған құрылымымен сипатталады.  
Мәліметтер типінің бірнеше түрлері бар. Айта кетсек: қарапайым, оның өзі – реттелген, нақты және мерзім – уақыт, құрылымдық, бұған – массивтер, жазулар, варианттар,  жиындар және файлдар, String және ShortString типтері т.б.

2.1. Мәліметтер типі туралы түсінік.
Осы кезге дейін программаларда стандартты мәліметтер типі қолданылған: Integer, Real, Char, String және Boolean. Сонымен қатар, Delphi тілі програмистке өзінің мәліметтер типін анықтауға мүмкіндік береді, содан кейін осы мәліметтер типін программада қолдануға болады.
Object Pascal тілінде кез келген мәліметтер өзінің типімен сипатталады. Мәліметтер типі объект қабылдай алатын мүмкін мәндер жиынтығын анықтайды. Сонымен қатар, мәліметтер типі дербес компьютердің жадындағы мәліметтердің ішкі берілу форматын да анықтайды. Object Pascal тілі мәліметтердің тармақталған құрылымымен сипатталады. 
Програмистпен жарияланған жаңа мәліметтер типі стандартты типте немесе осыған дейін құрылған типтерде базаланады. 
2.2. Қарапайым типтер.
Қарапайым типтің өзі бірнеше типтерге бөлінеді: реттелген, нақты және мерзім – уақыт типтері жатады. Реттелген типтер мүмкін болатын мәндерінің шектелгендігімен ажыратылады. Бұл мәндерді белгілі бір ретпен реттеуге болады, сонымен қатар, мәннің реттік номерін бүтін санмен беруге болады.
Нақты типтердің де, нақты санның ішкі берілу форматымен анықталатын мәндерінің мөлшерінің көптігі соншалық, оны олардың әрқайсысын бүтін санмен белгілеу мүмкін емес. Мерзім және уақыт типі мерзім мен уақытты белгілеуге арналған, нақты айтсақ оны сақтау үшін нақты формат пайдаланылады.
Аралық тип. Аралық тип  өзінің базалық типінің ішкі жиыны болып табылады. Базалық тип ретінде аралық типтен басқа кез келген реттелген тип алынады. 

Жүктеп алу
645 рет жүктелген
102.00 кб файл салмағы