Жас отбасының келіспеушілігі
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Отбасын құру және оның проблемалары
1.2. Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
1.3. Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.
Отбасы дегеніміз- қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады:
1) Әлеуметтік институт ретінде
2) Шағын әлеуметтік топ ретінде
Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы.
1.1. Отбасын құру және оның проблемалары
Отбасының құрылымы былайша анықталады:1)оның мүшелері арысндағы қарым-қатынастар жиынтығы; 2)рухани, ізгіліктілік қарым-қатынастар жүйесі; Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп); 2) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйеленің туысы тұрады). Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады: 1) эгалитарлы –тең құқықтылыққа негізделген; 2) авторитарлы- басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды. Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша- дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.Бос уақытты өткізу сияқты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.
Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісенше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, балатуу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде- Қазақстанда, Закавказъезде отбасының аралас түрлері кездеседі.
Неке- әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт. Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттеулуге жатады. Олардың қатарында:
• көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау және некеге дейінгі мінез-құлық нормалары:
• жұбайлар арасында билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды байланыстарына қатысты жұбайлардың күту нормалары;
• отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік;
• бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.
Некеге отырудың нақты жас шамасы да, ажырасу барысында, ажырасқаннан кейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сипаты да моральдық реттеулеге жатады.
Азия мен Африканың көптеген елдерінде ата- анасымен келісіп некеге отыру, келін үшін қалыңмал беру және т.б. дәстүрлер сақталған.
Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және шіркеулік неке қию болып бөлінеді.Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұрады жатқызады (яғни, заңда қаралған тәртіпте ресімделмейтін ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы). Бірқатар елде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде болуы көбейіп келе жатқаны байқалады.
Өз құрылымы бойынша некелер Еуропа мен Америка елдеріне тән моногамды және Азия мен Африка елдеріне тән полтгамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасыздық тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40% - ы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады.
Қазіргі ғылымда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметік қолдаудың объектісі кез келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақы мазмұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздеренің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым-қатынастың жаңа бір жолын тауып беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрылымын бара-бара өзгертеді. Мұндай типтегі отбасылары жүйкеге нормативті емес жүк түскен жағдайда, аса қауіпті табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл-ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай отбасылар тіпті отбасыларына көмек көрсететін әлеуметтік қызметке ерікті түрде көмекші де бола алады.
Негізгі күштері ерік пен ықыласы бір ғана ерік пен ықыласқа бағыну (басшы, бастаушыға және т.б.) арқылы қол жеткізілген, сондықтан кез келген жеке алып- қашпа сөздер тудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдаудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдауға бағытталған отбасылары азды-көпті қолдау мен қорғауды қажет етеді, бірақ сыртқы дүниемен араласуға олар үшін «жол жабық» болғандықтан, белгілі бір шекке жетіп, белгілі болғаннынша мүмкіндікке қол жеткізе алмайды. Мұндалар психикалық ауруы барлар, отбасы мүшелерінің үстінен күш көрсету және т.б. болуы мүмкін.
Өзара әрекеттестіктері былыққан және дағдарысқа жетелейтін ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын, сонымен бірге өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты мінез-құлық қалыптастыруға бағыт-бағдар бола алмайтын отбасылары былық-шылық құрылымға ие болады, ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайда шешуде отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді.
Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары арасынан 50-ден 60-қа дейінгі пайызын ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскес және психологиялық жағынан қисыны келмейтін ата-налар, бала-ата-ана қарым-қатынастарының жолы теріс, жанжалдыдеп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды.
Адам барлық жақсы мен жаманды отбасында алады. Отбасы жеке тұлғанын қалыптасуының маңызды саласы әрі халықтың әлеуметтік қайта жандауына және белгілі бір өмір салтын жасауға жауап беретін тәрбиелеудің басты институты басты болды және болып қала бермек.
Отбасында баланың тұлғасына әсер ететін факторлардың мамандар шартты түрде үш топқа бөледі. Біріншісі- бұл отбасының әлеуметтік микроортасы, онда балалар әлеуметтік құндылықтар мен рольдерге тартылады, қазіргі заманның қиындықтары менқайшылықтарын танып біледі. Екіншісі- бұл отбасы ішілік және отбасынан тыс жұмыс, негізінен тұрмыстық еңбек, ол адамда әлеуметтендірудің және оны болашақ тіршілікке тартудың мықты құралы болып табылады. Үшіншісі- отбасындағы тәрбиенің өзі, мақсатты педагогикалық әсерердің белгілі бір кешені.
Отбасылық қарым-қатынасты келесі салаларға бөлуге болады:
- шаруашылық –тұрмыстық сала;
- ізгілікті-психологиялық
- жақын да жеке сала.
Отбасы мүшесін тәрбиелеуде бұл салалардың әрқайсысының мәні зор әрі даусыз, алайда біз көбінесе ізгілікті- психологиялық қарым-қатынастың мәнін елемейтінімізді атап өту керек. Мұның себебі олардың материалдық түрде көрінбейтіндігі мен жас жігіттер мен қыздардың болашақ отбасылық өміріне олардың әсері әлсіз деп білуімізде болар. Бұл көзқарас дұрыс емес. Отбасылық өмірге қажетті қасиетерді тәрбиелеу ( түсіну, кішіпейілдік, эмоционалдық бөлісу) қарым-қатынастар педагогикасыныңкөзге көрінбейтін, алайда өте әсерлі саласында жүзеге асырылады.
Ата-ана болып табылатын жұбайлар мен отбасының басқа ересектері арасындағы «көлденең»қарым-қатынастар –отбасындағы моральдық- психологиялық климаттың ерекшеліктерін анықтайтын ізгілікті –психологиялық қарым-қатынастың маңызды саласы болып табылады.
1.2.Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар
Қазіргі еуропалық отбасында психологиялық ажырасу-бұл тұрақты некелік қарым-қатынастардың ғана бұзылуы емес, сондай-ақ тұрақты өмірлік тіршіліктің бұзылуы.
Ажырасудың өсу себептері:
- отбасы функциясының өзгеруі, атап айтқанда шаруашылық (экономикалық) жағы;
- айырылысқандарда негативтік стереотиптердің жоқ болуы;
- тап, діни және ұлттық нанымның босатуы;
- миграциялық процестердің күшеутуі;
- Уранизациялық қоғамда өмір стилінің, екпіннің өзгеруі;
- өмір ұзақтығының өсу шегі;
- тағы бір себеп-жұбайды таңдағанда әке-шешлердің ықпалының жасауы төмендеуі.
Осылардың салдарынан «ерте», асығыс некелердің көп болуы осыдан болады. Ажырасудың себептері тек қана үрейлілік қарым-қатынас емес, сондай-ақ жанама немесе түзу проблемалар жатады.
Жас отбасының қарым-қатынасының бұзылуына мынадай негативтік фактор жатады:
1.Артық жүк тиеу және физикалық арықтау
Бұл жерде парасаттық қауіп-қатер жатыр. Оларға жастардың кәсіпшілік немесе академиялық карьерді енді бастағандар жатады. Мысалы: институтта оқу, толық жұмысаптаны істеу кезде нәресте балаларды- бір бағу, пәтерді жөндеу және кәсіпкерлікпен шұғылдану. Барлығын бірге алып жүру өте қиын. Жастар дәл осылай істейді, содан кейін отбасының бұзылғанына таң қалады.
Эмоционалдық қарым-қатынастың ыдырау кезеңдері:
1. Интра-психикалық (ішкі) Бір ерлі-зайыпта немесе екеуінде ішкі қанағаттанушылықсыз сезімі көрінеді. Мына фазаның мынандай нәтижелері болуы мүмкін:Осымен жуасу немесе өз қанағаттанушылықсыздығын ешбір көрсетпеу;
2. Интер- психикалық (жұбайлардың арасында) немесе диадитикаық- серіктердің өз қарым-қатынасын талқылауы. Бұл фазада өзін-өзі ашылуы жоғарылады,ерлі-зайыптылар тәжірибелеуге тырысады. Бұл жылдарға созылу мүмкін. Сонымен қатар оның нәтижесі екі түрде болуы мүмкін:Қарым-қатынастың қайта құруы –олардың тұрақтануы;Ыдыраушылықты қабыл алуы (тәжірибенің онша емес аяқталуы)
3. Әлеуметтік фаза- отбасында ыдыраушылық барысында басқа адамдардың қатыстырылуы (туысқандар, достар) ыдыраушылық фактісі «жалрыға бірдей дәулетпен» тиісті болуы керек. Мына фазаның нәтижесі: әлеуметтік қарым-қатынастың тоқтатылуы және отбасының ыдырауына әкелу.Ажырасу дегеніміз- некені ресми түрде бұзу. Қазігі кезде бүкіл әлемде ерлі-зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылуына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімзде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер мынадай: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы. Ірі өнеркәсіп өндірісінің дамуы және осыған байланысты тұрғындардың едәуір бөлігінің ауылдан қалаға қоныс аудару процесі, сондай-ақ отбасын нуклеаризациялау туыстық жүйе мен қоныстанушы қауымның ерлі-зайыптылардың, әсіресе, мектеп жасына дейінгі жастағы балалары бар отбасылардың достарымен араласу мүмкіндігі өте шектелген.
Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп жатыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи- мәдени ерекшелігі-туыстық –достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының бас ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:
- ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) ажырасу туралы шешім қабылдауы;
- ерлі-зайыптылық қатынастарды тоқтату:
- қоғамға ерлі-зайыптылық қатынастардың жайсыздығы туралы жариялау (ажырасу жөнінде өтініш беру).
Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі;2- орында- жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп-ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау; жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылыардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.
Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі келесі факторлардың өзара әрекеті болып табылады:
Еңбекке деген көзқарас. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай қол жеткізе алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.
Еңбек ұжымына қанағаттану. Ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық және басқа жеке мәселелероның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл- күйіне теріс әсер теуі мүмкін;
Ерлі-зайыптылардың адалдыққа деген көқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл ұстынды бұзатындарға қарағанда неғұрлым үйлесімді.
1.3.Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету
Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып саналады.Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір қалған баланы ата-аналардың біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес отбасы болып саналады.
Әдетте берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, жас жұбайлардың материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда рационалды дәйектер басым болады Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады.
Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді.
Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс. Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75% құрайды. Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында құрылады. Шамамен 5-10% отбасылар әл-ауқатты құндылықтар бойынша құрылады. ( яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты – жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек ақы, автомобиль және т.б. ие болғанда ).
Студенттік отбасылар
Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық стажы 5 жылдан аспайды.
Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы болып табылады.Себебі оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.
Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау аймақтық және салааралық бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады
Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама жасау негізінде белгіленеді
Қазіргі кезде жас отбасыларының қолдауын қамтамасыз етуде, сонымен қатар жастардың арасында некелерін сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында мемлекет тарапынан келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:
Жас отбасыларына жеңілдік несиелерін беру;
Студент не оқушы болып табылатын ата-аналарға оқу орны әкімшілігінің келісімі бойынша жаттықпа сабақтарына еркін қатысуға, бала бір жарым жасқа толу мерзіміне дейін академиялық демалыс алуына құқық беру.
Отбасы өмірінің мәселелері бойынша, жас отбасылардың психологиялық, педагогикалық және құқықытық мәселелері бойынша тегін кеңес беру көмегінің тәжірибесі;
Жас отбасылардың мәселелерімен айналысатын және оларға әлеуметтік қызмет және қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар жүйесін жетілдіру (НПО);
Жастар мен балалардың сауығу мен ұйымдастырылған жазғы демалыс жүйесін дамыту және сақтау;
әл-ауқаты төмен жас студенттік отбасыларына оқу орындарына қатысты жатақханалардан баспана беру;
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту.
Өз мақсатында әр адам өзінің түсінігі мен түйсігінде жердің бай және құнарлы аралшығы ретінде біртума және жеке, сүйікті отбасын құруға талпынады. Мұндай берекелі жерде ұрық өсіп, балалар дүниеге келеді. Адамдарды қалай бақытты қылуға болады, және сол адамдар сенімен бірге өмір сүретін өз отбасын, аралшығын қалай табуға болады? Бұл сұраққа жауап әр адамға жеке болып табылады. Психологтармен сарапталған және жылдар бойы жиналған дені сау отбасын құруының жалпы беталыстары бұл қиын мәселені түсінуде көмек көрсетеді.
Дені сау отбасы – бұл жақындықтың, махаббаттың, сонымен қатар таластардың және өшпенділіктің ашық көрініс мекені. Дені сау отбасының мүшелері осы отбасына қатысты барлық үдерістерге еркін қатыса алады. Ұрпақтар арасындағы айқын аралық – бұл жақсы берік отбасы құрылымының негізгі құрауыштардың бірі (мұны отбасы ішіндегі қатал иерархиялық қатынастарымен алмастыруға болмайды). Ата-аналар мен балалардың «билік» және «жауапкершілік» сияқты түсінік көзқарасы жағынан бірдей емес екені анық байқалады. Өзара ынтымақтас ата-аналар балаларға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ететін отбасының омыртқа бағанасы ретінде көрінеді. Бірақ дені сау отбасы, ата-аналардың балаларға деген басымдылығына негізделмейді керісінше, біріншілердің екінші тұлғаларға қамқорлығын қамтамасыз етуге негізделеді. Себебі бұл күш айқын зерделеді де, ешбір күмән келтірмейді сондықтан ата-аналарға әрдайым мұны балаларға не өздеріне ашық көрсетіп, дәлелдеудің қажеті жоқ. Олар ойынға деген жайдарылық қатынасын, ролдік сараптау- қарым-қатынас шығармашылығын мадақтайды.
Азаматтық хал-ахуалды таңдау Қазіргі қоғам өз азаматтарына өмірдің кез-келген саласынан еркін таңдау жасауды ұсынады. Ер адамдар мен әйелдер өз отбасылық жағдайын таңдауда АХАЖ органдарында ресми тіркелмеген неке қазіргі қоғамда кең таралып келеді. Ер адам мен әйелдің арасындағы мұндай қарым-қатынастардың түрі ашық болып, ешқандай материалдық және моральдық міндеттемелер жүктелмейтіні туралы көзқарас қалыптасты.
Ресми неке – адамдардың өз азаматтық жағдайының еркін таңдауының нәтижесі, толыққанды отбасын құрудың классикалық үлгісі болып қалатын ер адам мен әйел арасындағы заңды жолмен тіркелген қарым-қатынастар. Қатынастардың бұл түрін таңдаған кезде ерлі-зайыптылар өздеріне өзара моральдық және материалдық міндеттемелерін артады. Толыққанды отбасында туған балалардың әлеуметтік жағынан толық қорғанысының айқын кепілдіктеріне ие. Некеге тұрғаннан кейін әдетте, әйел жұбайының тегін алады.
Соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың міндеттемелері мен құқықтары сонымен қатар, қарым-қатынастардың материалдық жағы сөз етілетін некелік келісім шартын жасау тәжірибесі кең таралып келеді. Бұл құжат әділет органдарында тіркеледі және оның заңды күші бар. Ажырасу жағдайында ерлі-зайыптылардың қатынастары осы құжаттың негізінде реттеліп, осыған байланысты көптеген мәселелерден құтылуға көмектеседі. (мүлік бөлінісі, балалармен қарым-қатынас, материалдық көмек) және т.б.
1. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салалық және өңірлік бағдарламаларды әзiрлейдi, бекiтедi, icкe асырады.
Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы салалық және өңiрлік бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жас отбасыларына қатысты мемлекеттiк қолдау шаралары белгiленетiн олардың әлеуметтiк қажеттіліктерін талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиiстi бiлiм бepу, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық, соның iшiнде балалардың денсаулығын сақтауды, оларды тәрбиелеудi және дамытуды, жастарды әлеуметтiк қорғауды, бейiмдеудi және оңалтуды қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да қызметтер көрсетуге бағытталған.
2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттiк қолдау:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңiлдiктi кредиттер беру;
2) оқу орнының әкiмшiлігімен келiсiм бойынша студенттер мен оқушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшiн оқу сабақтарына еркiн қатысуға, баланың бiр жарым жасқа толуы кезеңiне академиялық демалыс алуға құқық беру;
3) отбасылық өмiрдiң проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелерi бойынша консультация беру жүйесiн дамыту;
4) әлеуметтiк қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесiн дамыту;
5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесiн сақтау және дамыту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқу кезеңiнде бiлiм беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгiдегi тұрғын үй-жай беру;
7) мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Қорытынды
Ертеректе ажырасу деген өте сирек кездесетін жағдай-тын. Тіпті ілуде біреу десек те болады. 1950 жылдары Қазақстанда некеге тұрған 100 жұптың арасында бір шаңырақ иелері ғана түсініспеушілікпен екіге бөлініп, өз өмір жолдарын қайта бастайды екен. Дегенмен сол мезгілден бері ажырасу қарқыны жыл санап артып келеді. Бұған дәлел мынау: егер әрбір онжылдықты бөліп алып қарайтын болсақ, 60-жылдары 30 отбасыдан біреуінің, 1970 жылдары – алты, 1980 жылдары – төрт, ал 1990 жылдары үш отбасының бірі ажырасып тынған екен. Қазір тіпті бұл көрсеткіш деңгейі бұрынғыдан да көтеріле түскенін аңғаруға болады.
«Ажырасудың басты себебі не?» деген сұраққа жауап іздеп көргендер спирттік ішімдікке құмарлық, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жұмыссыздық және отбасылық өмір сүруге деген жауапкершіліктің аздығы деген «сылтау» айтқан. Республикамызда ер мен әйелдің дәм-тұзы жараспай, ажырасу жайы, әсіресе, алматылықтарға тән.
Ел арасында 22 жасқа дейін отбасын құрмаған бойжеткендер тұрмысқа не тым кеш шығады, не мүлдем жалғыз қалады деген түсінік бар. Неге? Мамандар мұның себебін былай түсіндіреді: 22 жасқа дейінгі бойжеткендер психологиясында эмоцияға берілу жайы жиі кездеседі екен. Махаббатқа, өз сезіміне сенеді. Және таңдаған жұбының өзіне адал серік екендігіне күмәнданбайды. Ал бұл жастан өткен бойжеткендердің көбі ақыл тоқтатып үлгереді. Олардың болашақ жарына деген талабы күшейе түседі. Олар сымбатты, ақылды, табысы мол қызмет істейтін т.б. жігіттерді іздей бастайды. Оның үстіне қазіргі кезде жоғары білім алу, одан табысы жақсы қызметке тұру, баспаналы болу деген мәселелер негізгі табиғи міндетті кейінге ысыра береді. Мұндай табыстарға қол жеткізгенше қыздар жағы тағы да есейе, тәжірибелі бола түседі. Бұл кезде сезімнен гөрі, ақылға «құлақ» түреді.
«Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлығы ажырасу процесін жиілетіп жіберді» деген бос сөз» деп қарсы пікір білдіретіндер де бар. Олардың айтар уәжі, келтіретін мысалы – Батыс Еуропа. Алдыңғы қатардағы дамыған мемлекеттердің сапында тұрған оларда да бұл мәселе өте көңіл қуантатындай дәрежеде емес. Тіпті бұл жағынан бізді басып озады деуге негіз бар. Сондықтан «ажырасу ауруының» диагнозы басқа. Ал оны дәл тауып, соған лайықты «ем» қабылдау жөніндегі әңгіме бөлек. Осы жерде бізде бұрын бәрі де болды ғой деген ой туады. Ең бірінші отбасылық өмірдің өзіндік қалыптасқан механизмі болды. Бұл талай ғасырлар бойы іріктеліп алынған тәжірибе еді. Халқымыздың отбасылық өмірдегі әркімнің өз орны, міндеті жайлы жазылған және жазылмаған заңдылықтары болды. Арыға барсақ Құранда, беріге келсек, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» бұл мәселе жайына кеңінен тоқталған. Соған қарағанда, бұл мәселе адамзат баласын тек бүгінгі күні емес, сан ғасырлар бұрын да мазалаған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» отбасы мүшелерінің құқы мен міндеті, оның орындалуының қатаң тәртібі белгіленген.
«Баланы жастан, әйелді бастан» деген қағиданы ұстаған да біздің ата-бабаларымыз. Тым ерте жасынан-ақ баланың отбасы алдындағы жауапкершілігін түсіндіре білген. Сондықтан да болар, «Он үште отау иесі» болып және оның шырқын бұзбай ұл-қыз тәрбиелеп, адамзат дамуы көшін жалғастырғаны. Ата-бабамыз бұл мәселеде ұл-қызын арнайы дайындықтан өткізген жоқ, күнделікті тіршіліктің арасында-ақ қайтсе қалай болатынын ұқтырған. Ата-ананың өздері үлгі бола отырып берген тәрбиесі баланың жасөспірім шағында-ақ барлық ғұмырына жеткілікті білім алып, тәжірибе жинақтауына жеткілікті.
Ертедегі данышпандардың өзі ең басты және күрделі мамандық иелері – ата-аналар деген тоқтамға келген екен. Бұған ата-ана мамандығы ең кең тараған және өте қажет екендігін қосуға болады. Бұл мамандықты еш жерде оқытып, дайындамайды. Біздің ата-аналар мен мектеп балаларды болашақ отбасылық өмірге емес, жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алып шығу және жақсы қызметке тұруға бағыттап тәрбие береді. Болашақ ата-аналарды мақсатты түрде бағдарлама жасап дайындау не орта мектепте, не жоғары оқу орындарында жоқ. Сондықтан да жастарға «отбасылық өмірге бейім емес» деп кінә артып жатамыз. Ал мұның салдары жас жұбайларды көп уақыт өтпей жатып түсініспеушілікке ұрынтып, ажырасуға алып келетіні ащы да болса шындық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б. Социологический словарь / Пер. с англ. под ред. С.А. Ерофеева. – Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1997.-420с.
2. Авсиевич М.Т., Мельник Л.И. Супружеские конфликты и пути их преодоления. – М.: Материал в помощь лектору, 1988.-22с.
3. Андреева И.С., Гулыга А.В. – Семья: Книга для чтения. Кн. 2. – М: Политиздат, 1991.-527с.
4. Аргайл М. Психология счастья. / Пер. с англ. / Общ. ред. М.В. Кларина. – М.: Прогресс, 1990.-336с.
5. Афанасьева Т.М. Семья: учебное пособие для 9-10 кл. сред. шк. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Просвещение, 1988.-285с.
6. Богданов Г.Т., Богданович Л.А., Полеев А.М. и др. Супружеская жизнь: гармония и конфликты / сост. Л.А. Богданович. – 2-е изд. – М.: Профиздат, 1991.-175с.
7. Витек К. Проблемы супружеского благополучия. / Пер. с чеш. / Общ. ред. и предисл. М.С. Мацковского. – М.: Прогресс, 1988.-138с.
8. Говако Б.И. Студуенческая семья. / Редкол.: Э.К. Васильева (пред.) и др. – М.: Мысль, 1988.-158с.
9. Карнеги Д. Как быть счастливым в семье. / Пер. с англ. П. Петрова. – Мн.: Попури, Г.К.М., 1996.-431с.
10. Ковалев С.В. Психология современной семьи: Информ.-метод. Материалы к курсу “Этика и психология семейной жизни”: Кн. Для учителя. – М.: Просвещение, 1988.-208с.