60 жастағы Ақмола облысының әкімі 8 рет белтемірге тартылды (ВИДЕО)

Видеодан алынған скрин

АЙМАҚТАР
1724

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатында журналистерге өзінің спорттық бабын көрсетті, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Nayza Kokshe таратқан мәліметке сәйкес, облыс әкімі Марат Ахметжанов пен бас прокурор Берік Асылов Зеренді ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Айта кету керек, бұл нысан жемқорлардан қайтарылған қаражат есебінен бой көтерген.

Спорт кешенін аралау барысында полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов (2023 жылдың қыркүйегіне дейін ішкі істер министрі болды) өзінің қазіргі спорттық бабын паш етті. Облыс басшысы костюм кигеніне қарамастан, еш қиналмастан белтемірге тартылды. Оның турникке тартылған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әкім турникке сегіз рет тартылған.

Әлем

Англияның Бедфорд ауданында екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан 80-нен астам адам зардап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шучинск қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласында жол жиегіндегі терең шұңқырға ақ түсті кроссовер к...