Маңғыстауда сарматтар кезеңінің қорымы табылды

Жаңалықтар
4320

Мамандардың айтуынша катакомба құдық тектес көрінеді.

Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылында су құбырын жүргізіп жатқан құрылыс жұмысы кезінде жұмысшылар адам қаңқасына тап болады. 

Археологтардың пайымдауынша бұл қорым сарматтар дәуірінің ескерткішіне келеді. Бұл туралы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директорының орынбасары Марат Өтесінов айтып берді. 

Археологтар осы кешеннен алты адамның сүйегін тапты. Мамандардың алдын ала жорамалы бойынша бұл қорым біздің дәуірге дейінгі IV ғасыр мен біздің дәуірдің I ғасырына тұстас. Қорық мамандарымен қатар бұл шараға археолог Андрей Астафьев пен ресейлік маман Евгений Богданов қатысыпты.

«Бірінші үңгіршеден баланың сүйегі мен оның жанынан кішкене пышақ табылды. Пышақ құрбанға сойылған қойдың яки ешкінің етіне қадалған болуы керек. Келесі қуыстан үш адамның сүйегі шықты. Олар жасөспірімдерге ұқсайды. Үшіншісінен әйелдердің сүйегі табылды. Олардың бас жағында қыш сынықтары мен кілтке ұқсас темір дүние жатты. Ал аяқ жақтарында қара түсті жиырма моншақ төгілген. Төртінші қуыста үйіліп жатқан ер адамдардың қаңқалары көрінді. Жерлеу алдында ол сүйектерді қапқа салып әкелген сынды. Қаңқалар жақсы сақталмапты. Сонымен төрт ақымды тазалау кезінде алты адамның қаңқасы табылды.» - деді Марат Өтесінов. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...